.
.
І. Қызығушылықты ояту сатысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3613 | Размер: | Автор: ТәрбиеАбай біздің кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз.
Ақ ниетті, әділетшіл шынымыз.
Асыл қазына ақтарылар сырымыз.
Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз.
Парасатты болып туған –
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған –
Сарыарқаның Абайы.
Нақышымен сана құйған –
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған –
Бүкіл әлем Абайы.
Сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы.
“Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа”, “Сегіз аяқ”, “Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма?” өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
• 1.Білімділік
Абай шығармашылығынан алған білімдері арқылы оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қөалыптасуына ықпал жасау.
• 2.Дамытушылық
Абайдың өлеңі арқылы оқушылардың ойын дамыту, тіл байлығын молайту. Ой қорыта білуге,аз сөзбен түйіндеугедағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту.
• 3.Тәрбиелік
Абай шығармаларынан ғибрат алуға, адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке, өнерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
СТО технологиясының элементтері, баяндау, шолу, мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
Компьютер, слайд, бейнефильм, сызбалар, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы.
Өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу
ІІ. Мағынаны тану сатысы
“Лездеме” стратегиясы. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Абайдың туған жылы?
2. Абайдың шын аты?
3. Абайдың туған жері?
4. “Ұстаздық еткен жалықпас – .....”
5. Абайдың қара сөздері?
6. Табиғат лирикасы тақырыбына жазған өлеңдері?
7. Абай өлеңіндегі бес дұшпан?
8. Бес асыл іс?
9. Абайды әлемге танытқан кім?
10.Абайдың әжесі?
Абайға шолу.
І. Абайдың өмірі мен шығармашылығы.
ІІ. (Бейнефильм)
1. “Елес жетелеу” стратегиясы.
Абайдың “Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа” өлеңін образға кіре отырып орындау.
2. “Идеялар тақтасы” стратегиясы.
Екі оқушы Абайдың екі өлеңін талдайды.
1)“Сегіз аяқ” 2)“Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?”
ІІІ. Ой толғаныс сатысы
3. “Еркін жазу” стратегиясы.
Абай өлеңдерінен өз бойларыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңірдіңдер?
Абай кім?
4. “Топтастыру” стратегиясы. (Ассоциация құру)
Қорытынды. Кестені толтыру.
“Білемін. Үйрендім. Білгім келеді”
Үйге тапсырма. Абай Құнанбаев. “Ескендір” поэмасы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.