Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай Құнанбайұлы  Ұлы суреткер -

Абай Құнанбайұлы Ұлы суреткер

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 273 | Просмотров: 1817 | Размер: 10.9 Kb | Автор: Тәрбие
. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бердиханова Сәндигул Темирхановна

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы
Ұлы суреткер
Сабақтың мақсаты:
а) А.Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ақынның өмірі
І деңгей /міндетті деңгей

1. Абайдың әкесі кім?
А) Өскенбай В) Ырғызбай С) Кененбай Д) Құнанбай
2. Абай қай жылдары өмір сүрді?
А) 1845-1904 В) 1845-1905 С) 1846-1905 Д) 1946-1906
3. Семейдегі алғашқы сабақ берген молдасы кім?
А) Әбдіжаппар В) Ғабулжаппар С) Ахмет-Риза Д) Әбдірахман
4. Абай болыс блды ма?
А) Жоқ В) Иә С) мүлдем Д) ешқашан
5. Абайдың рухани ізбасары, әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
А) М.Жұмабаев В) С.Сейфуллин С) М.Әуезов Д) І.Жансүгіров
6. Сөзжұмбақты шешіңдер.

А
Б
А
Й



1) Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты? /қарашұнақ/
2) Абайдың үлкен әкесі,атақты би /Өскенбай/
3) Абай қай айда туылды? /тамыз/
4) Абайдың әйелі. /Әйгерім/

ІІ деңгей /алгаритімдік деңгей/

1.Абайдың шын аты кім?
А) Абай В) Телғара С) Ибраһим Д) Ибрағали
2. Әкесі Абайды неше жасында оқуға берді?
А) 9 В) 10 С) 11 Д)12
3. «Кәрі әже» ауылдың кімге қойған аты?
А) Ділдаға В) Зереге С) анасы Д) немересі
4. Ұлжан Абайға кім болып келеді?
А) әжесі В) қызы С) анасы Д) немересі
5. Абай қай рудан шықты?
А) Арғын В) Тобықты С) Шекті Д) Найман
6.Абай кім?


ІІІ деңгей /эврестикалық деңгей/

1. Абайдың Ұлжаннан туған ағасы кім?
А) Құдайберді В) Тәңірберді С) Оспан Д) Ысқақ
2. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?
А) 1907 В) 1908 С) 1909 Д) 1910
3. Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер еткен революционер-деомакрат кім?
А) Крылов В) Лермантов С) Пушкин Д) Михаэлис
4. Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?
А) шырын В) Шынар С) Шүкіман Д) Шырайлы
5. Құнанбайдың замандас құрдасы Тана мырзаның мешіт салдырған жерін анықтаңыз.
А) Үржар В) Семей С) Көкпекті Д) Алматы
6.Абайдың қандай ақын шәкірттерін білесіңдер?

IV деңгей /шығармашылық деңгей/

Кестені толтырыңдар.

Абай шығармаларын Мұхтар Әуезов
5 түрге жіктейді Абай шығармаларын сен неше түрге бөлер едің?
1. Абайдың жас шағындағы өлеңдері
2. Абайдың лирикасы
3. Абайдың поэмалары.
4. Абайдың аудармалары
5. Абайдың қара сөздері

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына , сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін» тақырыбында ой толғау жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.