.
.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 6 жалпы білім беру орта мектебі»Қазақ тілі мен әдебиет пәні мүғалімі Нурсултанова Джаумбиби Жаксилыковна Абай Құнанбайұлы, «Он жетінші қара сөз»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 393 | Просмотров: 3314 | Размер: 360.3 Kb | Автор: ТәрбиеҚазақ әдебиеті 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы, «Он жетінші қара сөз»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек мәлімет бере отырып, қара сөздерінің мағынасын ашу, ақыл, қайрат, жүрек және ғылымның адам өміріндегі алатын орнын, оның жан дүниесін түсінуге әсерін тигізу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту, бір-бірінің пікіріне құлақ асуға, шығармашылыққа баули тәрбиелеу.
б) Тәрбиелік: Ұлы ақынның еңбектеріндегі асыл ойларды өмірде жүзеге асыруға, адамгершіліккеадалдық пен ізгілікке, білімді,елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс, түсіндірмелі, рольге бөліп оқу, талдау, жартылай іздену.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, тапсырмалар жазылған слайдтар, кесте сызба, оқулық, көркем әдебиеттер, «Абай презентациясы»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығы
ІІ. Өткен сабақты пысықтау үшін:
1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін топтастыру арқылы тиянақтау
Абай Құнанбаев Ол кім ?
Туған
жері , туған жылы
Әдебиетке
қосқан үлесі
Отбасы мүшелерін ата
Қайдай поэма, неше қкра сөз, неше өлең жазған? Философиялық шығармалары
Диаграмманы толықтырыңдар
Ақын бойындағы жақсы қасиеттер
2. « Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
А)Абайдың өздері білетін өлең шумақтарын жатқа айту
ә) Абай нақыл сөздерін оқығандағы түйгенім:
1. адамгершілікке
2. имандылыққа
3. ізгілікке
4.қанағатшылдыққа
5. адалдыққа т.б. тәрбиелеп, жетелейді, осы бағыттағы нақыл сөздерді әр оқушыға жатқа айтқызып, есте сақтап , шынайы өмірінде қолдана білуіне тәрбиелеу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөздікпен жұмыс жүргізе отырып сабақтың тақырыбын оқушылар өздері табады.
1. Құла Қ түру 1. ..................................................
2. д а ғды 2. .................................................
3. е р екше бағалау 3. .................................................
4. мақ а ла 4. .................................................
5. кө с емсөз 5. .................................................
6. ө сиет 6. .................................................
7. кө з қарас 7. ..............................................
1) Интерактивті тақтадағы слайдтар
1. Қара сөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес
«ғақлия» - көркем сөз, дана сөз, асыл сөз.
2. Қара сөздер 1948ж Семейде «Абай» журналында жарияланды.
3. 1890 жылдардан бастап Абай қара сөз жазған
4. Тұңғыш қағазға түсірген – Мүрсейіт
5. Қара сөздердің жалпы саны – 45
6. Өзіндік ерекшеліктері: сөйлемдері қысқа;
мағынасы кең;
ой саларлық мағынасы бар;
ғибрат (үлгі)беруді көздейді
философиялық сұрау басым;
өзі жауап береді;
өз-өзімен кеңес,ой-пікір білдіру үлгісінде;
2)Талдау бөлімі: Оқушылар 4 топқа бөлініп отырғызылады, топпен жұмыс.
Топтың аттары: 1. «Ақыл»
2. «Қайрат»
3. «Ғылым»
4. «Жүрек»
Әр топтан бір оқушы мәтіннің тиісті бөлігін оқып шығады.
2-оқушы түсінгенін мазмұндайды.Мұғалім арнайы дайындаған дәптер парағын таратады.
1 тапсырма. «Он жетінші қара сөз» толықтырып жазып шық.
Қайрат, Ақыл, Жүрек үшеуі ......... айтысып, таласып ...... , Ғылымға жүгініпті.
Қайрат : «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой,.............................................................
.........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Ақыл: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, ............................................
.........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Сонда Жүрек : « Мен – адамның денесінің...........................................................
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................... Ғылымныңүкімі:..................................................................................................... ..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
1- Үш кейіпкерге мінездеме жаза отырып, салыстырып қара.
Қайрат Ақыл Жүрек Ғылым
Зат есім
Етістік
Сын есім
Синоним
Сезіну
Қиын сөздердің түсіндірме сөздігін жүргізу..
Кәмелет - ой тоқтатқан кез
Жүгіну - бас ұру
Ғибадат – құлшылық ету (діни наным)
Абұйыр – ар- намыс
Мансап – атақ, данқ
Нәфсі – қалау, құмарлық
Ахирет – о дүние
Дөңбекшітетұғын – ойландыратын
Қырына жүру - айтқанына көну, жүру
Табанының топырағы көз сүртелік – қасиетті
Қайыр болмады – берекесі болмады
Иба тұтты - тәртіп сақтады, ізетті болды, құрметтеді
Ғақлия-көркем,дана сөз
мәдмәладқа жету-мақсатқа жету
күнәкәр-күнәлі болу
Оқушылар жауабы:
Интерактивті тақтаға жазбаша жазу.
Ақыл көп қырлы жақсылық пен жамандықты бірдей ұстайды.
Қайрат қатты,күшті, пайдасы да, зияны да мол, жақсылық пен жамандықты берік ұстайды.
Жүрек адам денесінің патшасы,адам жанының мекені
Ғалым ақыл,қайрат,жүректің басын қосушы,адамға өле-өлгенше азық болатын ұғым.
5) «Ой қозғау» сәті:
Абай шығармаларындағы ақыл, жүрек, ғылым, қайрат туралы өлең жолдарын түсініп оқып, жатқа айтқызу. (Әр топқа екеуден беріледі)
1.Ақыл, қайрат,жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласын елден ерек.
2.Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба.
3.Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
4.Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
5.Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
6. Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге,
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?
7.Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
8. Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Дәптермен жұмыс . Екі топтың оқушылары берілген уақытта кесте толықтырып шығады.
1 Он жетінші қара сөз не туралы?
2 Қара сөздегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
3 Қара сөзде қайрат, ақыл, жүрек не туралы таласты?
4 Қалай ойлайсың неліктен Ғылым олардың таласына төреші болды?
5 Ғылым қандай төрелік айтты?
6 Абай бұл шығармасы арқылы не айтқысы келген?
7 Абай қара сөзі адамды қандай болуға үйретеді?
8 Қалай ойлайсың, қазіргі заман адамына қандай қасиеттер тән болу керек?
9 Ғылымның айтқан төрелік сөзімен келісесің бе?
Өз ойыңды жаз.
3 – тапсырма . А) Абай өлеңдеріндегі нақыл сөздерді толықтырып жаз, мағынасына мән бер.
Керекті сөздер:
«Жал, мал», «ойла, білуге» , «сөз, кез», «мақтанба, баптанба», «көңіл бөлсеңіз», «тұрмайды, тозбайды» , «ерінбей, тіленбей », «қарыз іс, бол», «кісіні ал,» , «жол табар», «жаманы жоқ, амалы жоқ», «күлкі қымбат», «жөн, соқпақ»
Білімдіден шыққан.......,
Талаптыға болсын ......... .
Ғылым таппай ...... ,
Өнер таппай...... .
Еңбек етсең .............. ,
Тояды қарның ......... .
Досыңа достық – ......... ,
Дұшпаныңа әділ ......... .
Сөзіне қарай ..... ........ ,
Кісіге қарап сөз алма.
Қайрат пен ақыл .......... ,
Қашқанға да қуғанға.
Жақсылық ұзақ ............... ,
Жамандық ұзақ ............. .
Сұлу аттың көркі - ..... ,
Адамзаттың көркі – ...... .
Пайда ойлама, арды ....... ,
Талап қыл артық ........ .
Өлгендердің ішінде ......... ....... ,
Тірілердің жаманнан ........ ......... .
Ойын арзан ..... ....... .
Адасқанның алды- ........ , арты- ....... .
Сергіту сәті:
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық.
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.
Ә) Ақынның нақыл сөздерінің ішінен қарама-қарсы сөздер тап.
...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Б) Адасқан әріптерді дұрыс құрастырып ақынның өлең шумағын жаз.
Ұлақтнақ рікіп дбыой рала, Днүие одйна ығшады ,
Емсә нә енм тіттә үкй. Зөімід імөз тымұып,
Егңілкө рүлті йо расал, Іңлімөк дінә ыдұағ,
Інәд үйсеңс емшне йүс! Регүжмі быдой тыпыжлы.
В) Төмендегі анықтаманы толықтырып жаз.
«Лира» - грекше музыкалық ......... атауы. Лира қосып айтатын өлеңді «.........» деп атайды. Лирика - лира ............ сүйемелдеуімен айтылатын көркем ......... жанырының бірі. Лириканың басты ерекшелігі - ........... көңіл-күйін, сезім ............. тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар ............... жазылады, онда ............ немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойы көңіл-күйін ............ , әсерлеп ............... арқылы көрсетіледі
IV. Жаңа сабақты бекіту:
1.Сонымен Абайдың қара сөздерінде айтылған пікірлерін түйіндей келе, адам қандай болу керек деп келгенін топтастырып көрейік.
2.Бүгінгі өтілген тақырыбымызды 5 жолды өлең стратегиясымен қорытындыласақ.
Кім?Абай-дана,ойшыл,философ
Қандай? Абай-ақылды,сауатты,көреген
Не істеді? Абай-қара сөз жазды.
Қашан? 1890-1898 жылдары
Не мақсатпен? Керегіне жаратсын.
Ол неше өлең,неше поэма, неше мақала, қара сөз жазған кісі?
Абай 3 поэма,176 өлең, 45 қара сөз,1 мақала жазған кісі.
V. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. «Абай - біртуар, кемеңгер ақын»тақырыбына ой толғау жазу, Лирика туралы кесте толықтырып келу.
Лирика туралы ұғым
Кестені толықтыр:
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Балдырған журналы. «Абай әндері»
2. 8 сынып қазақ әдебиеті оқулығы мен хрестоматиясы.2011ж
3. Абай « Қара сөздері» Алматы-1993ж.
4. Қазақ тілі мен әдебиет журналы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.