Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай Құнанбайұлы  «Қыс» -

Абай Құнанбайұлы «Қыс»

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 254 | Просмотров: 2175 | Размер: 17.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қыс»
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік:Ұлы ақын Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп,оқушылардың білімін көтеру;
ә)дамытушылық: ақын өлеңдерін талдай отырып,әдеби теориялық білімдерін тереңдету,сауатты жазуға,дұрыс сөйлеуге,шапшаңдыққа,тез ойлауға машықтандыру.адам мен табиғат арасындағы байланысты,ұқсастықты байқата отырып,өз ойын жинақтап,қорыта білуге,байланыстырып сөйлей алуға баулу;
б)тәрбиелік: оқушыларды табиғатты аялауға,адалдыққа,шыншылдыққа,білімге баулу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: А.Құнанбаев портреті,кітаптар көрмесі (ақын шығармашылығы),ақын өмірі жазылған плакат,сатылай кешенді талдау сызбасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Ы.Алтынсариннің өмір жолы
2. «Өзен»өлеіңін жаттау.Сатылай кешенді талдау жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Сабақтың мақсаты түсіндіріледі.
2.Ақын өмірі мен шығармашылығын түсіндіреді.
Абай Құнанбаев –ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне төңкеріс жасаған ұлы ақын,философ,сазгер,қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,абай ауданы,Қасқабұлақ деген жер
Қызметі: қазақ халқының данышпаны,ұлы ақын,кемеңгер ойшыл,жазба әдебиетінің негізін салушы,ағартушы-ұстаз,әділ би,заңгер,қоғам қайраткері.
«Адамды,Алланы әділетті сүй», «Атаңның баласы емес,адамның баласыбол», «Біріңді қазақ,біріңді дос,көрмесең істің бәрі бос» деген өнегелі сөздер қалдырды.
Шығармашылығы
Ол күллі Шығыста философияның негізгі мәні болып табылатын «кәміл адамды» өзекті және басты проблема етіп қарастырып,соған айрықша көңіл бөлген.
Поэмалары:
«Масғұт», «Ескендір», «Әзімнің әңгімесі»(аяқталмаған)
Өлеңдері:

«Өлең сөздің патшасы сөз,сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе қаралы ол», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Сөз өнері туралы

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»
Оқу-ғылым жайлы

«Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұры» Табиғат лирикасы
«Сегіз аяқ», «Болыс болдым,мінеки», «Қайран елім», «Қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман», «Сабырсыз,арсыз,еріншек»
Әлеуметтік мәселелер жайлы


3. «Қыс» өлеңін мұғалім жатқа оқиды.
4.Оқушыларға мәнерлеп оқытады.

ІV. Сабақты бекіту. Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу



1. Авторы--- А.Құнанбаев--- қазақ халқының ұлы ақыны,ойшыл--- философы, композитор әрі аудармашы,реформатор.
2. Тақырыбы----- қыс мезгілінің ерекшелігі,ащы аяз,долы боран кезіндегі ауыл,ел өмірі.
3. Жанр түрі- өлең.Бұл өлең табиғат лирикасына жатады.Себебі,.ақын табиғаттың қытымыр қаталдығына қарсы тұруын өз көңілі,сезімі арқылы білдіреді.
4. Идеясы дегеніміз----- ақынның айтар ойы мен мақсаты.Өлеңнің идеясы---қыс сипатын күшейтіп суреттеп,адамдарды табиғаттың долы күшіне қарсы тұра білуге шақырады.
5. Шумақ дегеніміз----- аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 5 шумақтан тұрады.
6. Тармақ дегеніміз---өлеңнің әр жолы.22 тармақты
7. Бунақ дегеніміз---белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі.2-3,3-3 бунақты
8. Буын саны--- дауысты дыбыс санына байланысты. Өлең 11 буынды.
9. Ұйқас түрі.Ұйқас дегеніміз-өлеңнің бітім,мазмұнымен тамырлас келіп,оған әуен,ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді.Бұл өлең қара өлең (а-а-б-а) және кезекті ұйқаспен жазылған (а-б-в-б)
10. Әдеби теориялық ұғымдар:
Троп немес құбылту түрлері
Эпитеттер---ақ киімді,денелі ақ сақалды,ақ қырау,кәрі құда,ақ орда,жас балалар,қайран жылқы,кәрі шал.
Кейіптеу--- Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр,мылқау, танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау,түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Демалысы----үскірік аяз бен қар
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Теңеу----ұшпадай,бұлттай.
11. Сөздікпен жұмыс.
Ұшпа-бұлт (жеке,шоқ бұлт), бурадай—түйенің долданып,ашулануы.
12. Өлеңнің тәрбиелік мәні. Шидем мен тондарын қабаттап кисе де,долы боранға тура қарай алмаса да,мал соңында қар жамылып,мұз жастанған жылқышылардың ерлігіне риза боласың,үлгі аласың. Суықтан,аштықтан әлі құрыған жылқыларды ауыз салмақ болған аш қасқырларға жем қылмай,сақтанып, елге сойып беруге ақыл етеді.

V. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау. Қыс мезгілі туралы сурет салып келу.
VI. Бағалау. Сабаққа белсенді араласып отырған оқушылардың білімін бағалап,тиісті бағасын қою.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.