Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай  шығармаларының  мәні -

Абай шығармаларының мәні

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 244 | Просмотров: 2770 | Размер: 10.3 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы : Абай шығармаларының мәні

Сабақтың мақсаты :
а ) Оқушылардың Абай туралы білімдерін қорыту , жинақтау ;
ә )Оқушыларды білімділікке , байқампаздыққа тәрбиелеу,эстетикалық тәрбие беру.
б ) Шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөз мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың түрі : дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс сабағы .

Сабақтың типі : жинақтау .

Оқыту формасы : бірлескен ұжымдық іс - әрекет .

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап , талдау , ой бөлісу .

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі

Көрнекілігі : интерактивті тақта , иллюстрациялық суреттер , қосымша материалдар , семантикалық карта .

Сабақтың барысы : І . Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесіп , сабаққа қатысуы
қадағаланады .
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру .
1 . Сұрақтар беріледі .
2 . Семантикалық карта толтырылады .
3 . «Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
өлеңінің 6 шумағын жатқа айту.

ІІІ . Білімді жалпылау . Деңгейлік тапсырмалар :
1 – деңгейдегі тапсырма мемлекеттік
стандарттық деңгей .
2 – деңгей . Ұжымдық .
3 - деңгей . Табиғат лирикасы .
4- Венн диаграммасы « Абай мен Шәкәрім » салыстыру .
5 - деңгей . «Адам болам десеңіз...» ойтолғау .

Кіріспе . Асыл сөзді іздесең ,
Абайды оқы , ерінбе ? - деп Сұлтанмахмұт айтқандай , Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі , ана тілінің , қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы . Олай болса , 1 – деңгейлік тапсырма :
«Адамның кейбір кездері» өлеңіне СКТ жасау .
( интерактивті тақтада жүргізіледі ) .

2 – деңгей . Ұжымдық . Абай поэзиясы - махаббат , сүйіспеншілікке толы поэзия . Ақынның қай туындысы болмасын , оның алтын арқауы болып , адам тұрады , адамға деген махаббат тұрады . Ақын поэзиясындағы толық адамдардың бейнесі жасалынған .

Тапсырма . Даналық ойға құрылған шешендік қасиеті мол өнегелі сөздеріне назар аударайық . ( Берілген тапсырманы орындау .)

Еркін жауап . Асыл сөздің жалғасын тап .

1. Жұмысы жоқтық ,
Тамағы тоқтық
( . . . . )
2. Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті :
( . . . . )

3 . Өткірдің жүзі ,
Кестенің бізі ( . . . . )

Жалғастыру .

3 - деңгей . Абайдың табиғат лирикасы .

1- тапсырма . « Қыс » өлеңі .

а ). Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген ?
ә ). Қыстағы адамдардың тіршілігі қалай бейнеленген ?
б ). Кейіптеу дегеніміз не ? мысал келтір
в ) . Алты қанат ақ орда үй шайқалды . Лексика - грамматикалық
талдау .

2 - тапсырма . « Күз » өлеңі .

а ) . Өлеңде күздің қандай белгілері суреттеледі ?
ә ). Өлеңде ауыл тұрмысын қалай бейнеленген ?
б ). Эпитет деген не ? «Күз » өлеңінен эпитетке мысал келтір .
в ). Жастар күлмес , жүгірмес бала шулай . қарамен жазылған сөзге СКТ
( фонетикалық ) .
4- деңгей . Венн диаграммасы « Абай мен Шәкәрім » салыстыру .
5 - деңгей . «Адам болам десеңіз ... » ( ой толғау ) . 5 мин .

талап рақым

қанағат

еңбек терең ой

өсек өтірік

еріншек

мақтаншақ бекер мал шашпақ

ІV . Қорыту : Халқымыздың рухани өмірі аспанында , халықтар достығыны қайнар бастауында мәңгілік жарқырап тұратын үш жұлдыз бар .
Олар : Шоқан , Ыбырай , Абай ! Ал бүгінгі сөзіміз сол үштің бірі - А . Құнанбай жайында болды Абай атамыздың ұрпағынан қалдырған мұрасы ұлан – ғайыр. Ұрпақтарына үлгі - өнеге боларлық , тәлім аларлық бай мұра қалдырды .

V . Үй тапсырмасы . 17 - қарасөзін жаттау .
Қай өлеңімен үндестірер едің ? ( талдау )

VІ . Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.