Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абай тереңіне үңілу -

Абай тереңіне үңілу

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 328 | Просмотров: 2225 | Размер: 8.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Абай тереңіне үңілу
Сабақтың мақсаты: І.Білімділік.Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша өткен тақырыптарды бекіту, қортындылау.
ІІ.Дамытушылық.Ақын шығармаларының кез келгенін талдай білу дағдысын одан әрі қалыптастыру, оқушының сөйлеу тілін дамыту.
ІІІ.Танымдық. Өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Сабақ әдісі:аралас, панорамалық.
Түрі:қазына сабақ.
Көрнекілігі:ақын портреті, ақын өлеңдерінен үзінді, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері, сабақ жоспары, эпиграф жазылған плакат беттер, газет журнал материалдары, фотосуреттер, ақын шығармашылығына арналған папка, кітап көрмесі, сөзжұмбақ, тест материалдары.
Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру.
ІІ.Кіріспе.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,-деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай туралы сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.
Абайдың суретін көрген ол:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?-деп айтқан екен.( сабақтың басталуы-слайд) көрсетіледі.
Сабақ жоспары

І.Абай -сазгер
ІІ. Абай-аудармашы
ІІІ.Абай –қарасөз шебері
ІҮ.Абайдың –табиғат лирикасы
Ү. Әдеби теориялық талдау
ҮІ. Шығармашылық жұмыс
ҮІІ.Қортындылау
Үй тапсырмасы бойынша Маржан слайд арқылы ( 92Е8) Абайдың өмірбаянымен таныстыру.

1.Сабақ жоспары бойынша Құндыз дайындаған материалдарымен таныстырады.(слайд І-ІІ бөлім)

2.Абай-аудармашы бөлімі бойынша Құндыз таныстырады. Соңында «Татьянаның хаты» әнін орындайды.

3.Мұғалім: «Абай-бүгінгі адамға қажетті сауатты, ерекше білімді уағыздың иесі...Хакім Абайдың қарасөздкрі адам туралы ғылымның көркем сөзбен баяндалуы» дейді ғалым А.Ісмақова.
Ары қарай Ауғанбай дайындаған материалын Абайдың қарасөздері слайды арқылы таныстырады.

4.Мұғалім: -Абайдың орыс поэзиясынан алған тағы бір үлгісі-табиғат лирикасы. Табиғат адам баласының еңбек етіп , өмір сүретін ортасы.Оны дүние жүзінің классик ақындары беріле жырлаған.Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулері табиғат арқылы қоғамдық өмірді суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған.Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс», «Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Желсіз түнде жарық ай» атты табиғат лирикалары бар.Абай қыс табиғатын бұдан өзгешелеу стильде суреттейді. Бұл нағыз орыс поэзиясының классикалық үлгісімен туылған өлең. Абай қысы: Н.Некрасовтың «Аяз атасы» тәріздесБұл өлеңінде Абай қысты бейнелей келе көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін, кедей үйлерінің тұрмысын көрсетеді. Адам мен табиғаттың бірлігі тақырыбын орыс поэзиясынан ала отырып.Абай қазақ өмірімен байланысты кең дамытты. Енді оқушылар өлеңдерінің шығу тарихымен слайд арқылы таныстырады.(Маржан Еламанғ Ақжол, Құндыз)

Абайдың «Қыс» өлеңі оқылады.(оқушы оқиды)
«Қыс «өлеңінің шығу тарихы Абай ізбасарларының бірі Тұрағул өз естелігінде : «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды»» деп өлең қылғаны 1884 жылы қыс қатты болып, ел жұтаған. Қар сәуірдің басында кеткен. Соны өлең «етке» делінген.

«Жаз» өлеңіндегі ауыл-Абайдың өз ауылы. Абайдың аяңшылы –Абайдың Әбдірахматпен алған аяңшыл Күреңтөбел аты.Айқайшы шалы –сол жылы өз аулымен көрші болған Әнет Бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас жігіттер, өзінің балалары –Ақылбай, Әбдірахман болатын деп өз естелігінде Абайдың айырылмас досы Көкбай ақын баяндаған.

«Жазғытұры» өлеңінің шығу тарихы Көкбай ақын өз естелігінде : «1880 жылдан бастап, 1886 жылдарға шейін Абай өз өлеңдерін Көкбай сөздері деп беріп жүрді. 1886 жылдың жазында ел жайлауға шықты.Абай аулының ең өрістеп барып орнықпақ болған аулы Бақанас өзенінің бойы еді. Көш жүріп кетті, біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып артынан келдік. Осы жылы Абай ауылында доктор Долгополов та қонақта еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көкбейіт деген жерге қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан ауылды көріп : «Осы суретті өлең қыл» деді. Мен біраз өлең қылып едім , жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып, бәріміз жиналған соң, Абайға келіп едім: « Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой » деді. Мен « Асса, басында мен қолқалап алған нәрсе емес. Енді ретін тауып өзіңіз қайырып алыңыз » деп қалжыңдадым. Сөйтсем, сол күні « Жазды күн шілде болғанданы» жазған екен. Оқып берді. Өзі жазған өлеңіне өзі аз да болса қанағат қылғаныны көргенім сол. Менің қалжыңыма орай қылып : Сен соғымыңа бір ту бие ал , ал мен енді өлеңімді өзім алайын » деді.

5.Сатылай кешенді талдаумен Қазақ тілі ,әдебиет сабақтарында «Жазғытұры» сөзіне талдау жасау.(слайд –сатылай кешенді талдау)

6.Бес жолды өлең. Әр оқушы мына ережелерді сақтай отырып 5 - жолды өлең құрастыруы қажет.1. зат есім.2.2-сын есім 3-3- етістік.4 - 4-жолдан тұратын сөйлем.5.синоним сөз. Оқушылар өздерінің жазғандарын ұжымда оқып талқылайды. Бұл кезеңдегі әр жұмысты өзінің бағалауы, топтың бағалауы, қорытындыланып бағаланады.

Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім »-өлеңімен аяқтау.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнгі тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алсқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмытушылықтан ізденуден жалықпайық.
Үйге тапсырма: « Абай-қазақ поэзиясының асқар биігі» шығарма жазу.
Еңбектерін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.