.
.
Молдағалиева Ақмарал Сабырқызы Абайдың қара сөздері
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 334 | Просмотров: 3852 | Размер: 342.6 Kb | Автор: ТәрбиеҚызылорда қаласындағы №3 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әдебиет 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, жиырма тоғызыншы қара сөзінің мазмұнын меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен сәлемдесу
• Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.
ІІ.Жаңа сабаққа кіріспе
- Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің мазмұнымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымызды:
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл-қызы да болу керек дарынды, -
деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, соған мыны суреттер мен сандарға сүйене отырып, шолу жасап кетейік.
- Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық?
( «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т.б.
- Абайдың қанадай күйлерін білесіңдер?
( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)
- Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»
Әлихан Бөкейханов – қоғам қайраткері, әдебиетші, публицист, экономист, аудармашы. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалысқан кісі. Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазған.
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар.
- Абайдың неше қара сөздері бар?
- 45.
- Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
- Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді:
«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.
Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.
Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:
«Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен».
Қара сөздерінде Абай әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.
Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М.Әуезов еді. «...Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М.Әуезов. 20-том).
Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:
Бұған дейін біз «Отыз бірінші» қара сөзімен танысқан болатынбыз. Қане, кім есімізге салып жібереді?
(«Отыз бірінші» қара сөзін оқушыға айтқызу)
Абайдың кейбір қара сөздері қазақтың мақал-мәтелдерін талдауға, олардың мәнін ашуға арналады. «Бесінші», «Жиырма тоғызыншы» сөздерінде ақын қазақтың мақал-мәтелдерінің ішіндегі оң-теріс дегендерінің, жақсылыққа емес, жамандыққа тәрбиелейтіндерінің астарлы сырын сынға алады.
Бүгінгі сабақта «Жиырма тоғызыншы» қара сөзімен танысатын боламыз. Барлығымыз назарымызды салып, тыңдайық
Электронды оқулықтан «Жиырма тоғызыншы» сөзді тыңдатамын. (3 мин.)
Сұрақ-жауап:
-Қане, кім айтады, «Жиырма тоғызыншы» қара сөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен?
- Қандай мақалдарға сын айтады?
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
«Пікірі жоқ адамнан қорық» дейді шығыс даналығы. (Ауызша тіл, ой дамыту)
Әрбір адамның өзіндік мені, өз пікірі болуы керек. Сендер қазір өзінтану сабағынан да үйреніп жүрсіңдер.
Мақал-мәтелдер
Абайдың сыны
Өз пікірің
• Жарлы болсаң, арлы болма
• Қалауын тапса, қар жанады
• Атың шықпаса, жер өрте
• Алтын көрсе, періште жолдан таяды
• Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті.
Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын
Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?
Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қоштағалы айтқан
Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрған-ның тәтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?
Біз «Жиырма тоғызыншы» сөз арқылы Абайдың қазақ мақалдарының кейбіріне берген бағасымен, сынымен таныстық, өз ойымызды білдірдік. Абай тек мақалдарды сынап қана қоймаған, кей қара сөздеріндегі ойлары қанатты сөздерге айналып кеткен. Әсіресе «Отыз жетінші» қара сөздері осындай сөздерге бай. Енді біз де Абайша осы Абайдың өз сөздеріне пікірімізді бідіріп көрелік:
1-нұсқа
р/с Абайдың сөзі
Сенің сының немесе пікірің
1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
2-нұсқа
р/с Абайдың сөзі
Абайдың айтпақ ойын анықтап, мағыналас қазақ мақал-мәтелдерін тап
1. Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
2. Жаман дос – көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт шалса,
Іздеп таба алмайсың. Жақсыға шаң жуымас
Жаманға жан жуымас
Басыңа іс түссе
Жақсы көмек етеді,
Жаман күіп өтеді.
Жақсымен жолдас болсаң
Жетерсің мұратқа
Жаманмен жолдас босаң
Қаларсың ұятқа
3-нұсқа
р/с Қазақ мақалдары
Сенің сының
1 Ұялған сыбағасынан құр қалар
2 Жаман көрген досыңа
Жаман көрген малың бер
Көре-көре күйінсін.
3 Тойған үйге тоғыз бар.
Абай қара сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз жетті.
Абайға берген баға (Бейнефильмнен үзінді көрсету) (3 минут)
Эсе жазу
«Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» немесе
Абай атаға хат
Ү. Қорытынды:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
Абайдың «Жиырма тоғызыншы» қара сөзін оқу
Бесінші қара сөзінің мазмұнымен танысып, талдау жасап келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.