.
.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Абайды оқы, таңырқа!»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 297 | Просмотров: 1620 | Размер: 13.2 Kb | Автор: Тәрбие№8 орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Досниязова Айнур Убеновна
Cабақтың тақырыбы: «Абайды оқы, таңырқа!»
Сабақтың мақсаты:
а) Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығарамашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір - қасиетін ұғындыру;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: буклет, шрифтограммалар, кітаптар, ойындар және өлең жазылған плакаттар.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, проблемалық, сайыс т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сайыс сабағына әзірлеу
2. Өтілген материалдарды жинақтау: оқытушының кіріспе сөзі.
Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайыс сабағын бастайық.
Топ мүшелері Ибраһим, Абай, Телғара деген атпен үш топқа бөлініп, өздері шығарған өлеңдермен қорғайды.
Алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақтар: (әр командаға 7 сұрақтан қойылады,сұраққа ойланбастан жауап беру керек).
Ибраһим тобына:
1. Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)
2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
3. Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)
4. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы. (Ғабитхан)
5. Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)
6. Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
7. Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)
Абай тобына:
1. Абайдың ең момын, жуас атасы (Айдос)
2. Абайдың руы. (Тобықты)
3. Абайдың неше күйі бар? («Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)
5. «Медғат - Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)
6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі. («Жаз», 1886 ж.)
7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)
Телғара тобына:
1. Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)
2. Абайдың «қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі қаражанға)
3. Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
4. Абайдың «Ей сорлы заман,меннен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (мағауияның өлімі)
5. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
6. Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)
7. Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
Шрифтограммаларымен жұмыс.
1. «Шахмат атының жүрісімен»
1қ н қ. 4с І ң. 6қ с
р е з я ы с
о а а г ы л
2ж д с а а л
н ы м. й б з д
а. а ұ т ә ғ л о
т ұ ғ ы а б ы
з р б ЗД а. 5м о
Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша асып өту керек. Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды. Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады. («Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «мәз болады болысың», «Қыс»).
2. «Белгілі бір жүйемен»
Ромбик ішіндегі шеңберлердегі әріптерді белгілі бір жүйемен құрастырғанда, «Абай афоризмінің» авторының аты - жөні шығады. (Құлмат Өміралиев).
Асыл сөздердің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық
---------------------- (Аздырар адам баласын)
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті
---------------------------------(Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп
--------------------- (Екі жаққа үңілдім)
Қайратсыз ашу – тұл
Тұрлаусыз ғашық – тұл
------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)
Досы жоқпен сырлас
-------------------------- (Досы көппен сыйлас)
Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,
--------------------------------------- (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпай сырғанар. (Ынталы жүрек сезген сөз------------------------ Бір тамырды қуалар)
Шығармашылық жұмыс:
1. Абайдың атын басқаша өзгерт.
а) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
ә) «Ғылым таппай мақтанба»
б) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».
2. Абай өлеңдерінің жалғасын тап. (Ойдан өзі шығару керек)
-------------------------- Пайда ойлама, ар ойла,
-------------------------- Талап қыл артық білуге.
Ұстаздық еткен жалықпас, --------------------------
Үйретуден балаға. --------------------------
Сабақты қорыту.
Білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасын беру. Шығарма ( «Жас ұрпақ үшін Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі»).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.