Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абайды оқып-таңырқа! -

Абайды оқып-таңырқа!

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2107 | Размер: | Автор: Тәрбие
. “Мыңбаев ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен” орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Р.Айдаболованың
10 в сыныбындағы үздік сабағы


Сабақтың тақырыбы: Абайды оқып-таңырқа!

Сабақтың мақсаты:
1. Ақынның өмірімен шығармашылығы туралы оқушылармен
әңгімелесе отырып,өткен тақырыптарды қорытындылау. Ақын өлеңдері арқылы
сөздік қорын байыта,мәнерлеп оқу, шығармашылық ізденуін,дамыта оқыту
технологиясын меңгерту.
2. Тіл байлықтарын, ойлау қабілетін ,терең білуге,сөйлеу, жазу мәдениетін
дамыту. Сұрақтарға жауап беруге бір-біріне сұрақ қоя білуге,бірін-бірі
тексеруді дамыту.
3.Абай мұрасын өнеге тұтуға,Абайды оқыған сайын таңырқай отырып терең
білуге, қазақтың елін, жерін Абайша сүйіп, Абайша толғануға тәрбиелеу.
Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашу
Сабақтың түрі: бекіту, қорытындылау сабағы
Сабақтың дидактикалық кезеңі: «Абайдың көзімнің қарасы» әні
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі
ІІ.Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы хабарламалар бойынша жұмыс
Осы хабарламалар арқылы біз Абайды таныдық.Абай өміріне терең үңіліп, Абай туралы көбірек біліп, Абай өмірінің үлкен тәрбие мектебі екенін, Абай өнегесінің,
өнерінің,ұлы бола білудің,адамгершіліктің үлгістәрбиесі екенін,оның өлеңдерінің тәрбиелік мәнінің зор екеніне тоқталдық.Балалар,ендеше Абайдың өлеңдерін еске
түсірсек. / «Қыс», «Көктем», «Күз», «Жаз»/
ІІІ.Абай аудармаларына тоқталсақ.
Абай кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған?
Абай өз өлеңдерінде ғана емес, оның аударған “Жолға шықтым, бір жым-жырт түнде жалғыз” (Лермонтов)
“Татьянаның хаты” (Пушкин) және т.б. өлеңдерін қазақ тілінде сөйлетті.
ІҮ.Абайдың қандай поэмаларын білесіңдер?Абайдың поэмаларын топтастыру
Ү.Енді Абайдың қара сөздеріне тоқталсақ
Абайдың қара сөздері ол философиялық шығармасы. Барлығы 45 сөз.
«Қара сөз» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді.Өлең өнерін «Қара сөз» демейді. Қара сөз проза деген мағынада айтылған, сондықтан да ауыз екі тілде өлеңді емес,қара сөзді көп қолданған. Абайдың «Қазаққа дес бермедім» деп қара сөзді шешендік өнер мәнінде айтқан.
Ал,балалар, осы Абайдың «қара сөздерінен»не түсіндіңдер,өздеріңе қандай
тәрбие,үлгі алдыңдар?
Мұғалімнің қорытынды сөзі.Абай бабамыздың қара сөздерін оқи отырып,терең философиялық ойға кетесің.Өйткені оның тәрбиелік мәні зор.Ол адамгершілікке
ізгілікке тәрбиелейді. Адам өмірінде кездесетін қиыншылықтар өзінде сабыр-
мен қарсы алуға, өнерге, білімге құштарлықты, адам баласының дүниетанымының жан-жақты болуын айтады.
ҮІ.Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
ҮІІ. «Абай жолы» роман –эпопеясына тоқталсақ
- «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
- Роман-эпопеяда не туралы жазылған?
- Роман-эпопеядағы басты кейіпкер кім?
Бұл «Абай жолы»роман-эпопея қазақ халқын қала берді бүкіл түркі әлемнің дүние жүзіне паш еткен ұлы шығарма екенін білдік.
ҮІІІ.ТЕСТ
ІХ.Қорытынды
Оқушылардың Абайдың өлеңдерін оқуы. Біздің Абайға деген құрметіміз, сағынышымыз, сыйымыз екенінің айғағы. Абай өлеңдерін оқыған сайын таңырқайсың. Абай өлеңдері бізге үлгі!
Үйге:
“Абай” тақырыбында эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.