.
.
Бірінші гимназия Абайдың «отыз сегізінші қарасөзі»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 421 | Просмотров: 3665 | Размер: 14.2 Kb | Автор: ТәрбиеАшық сабақ
(қазақ әдебиеті)
Жасаған: Сәрсенбаева А.Ғ., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Абайдың «отыз сегізінші қарасөзі»
1. Білімділік мақсаты: Абайдың қарасөзін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, достықтың адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы асыл қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөзінің мәнін, философиялық ойды түсінулерін тексеру.
2. Дамытушылық міндеті: мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдылық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істеу білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.
3. Тәрбиелік мәні: ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, түсіндіру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, «Абай» энциклопедиясы, Абайдың кітаптары, топтарға арналған тапсырмалар, карточкалар, оқулық.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарын сабақққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: әдебиет теорияның ұғымдарын қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Мұғалімнің сөзі: - Балалар, өткен сабақта біз ақынның қай шығармасымен танысып талдадық? Сол үшін композиция, идея, монолог деген ұгымдарды қолдандық. Соны қайталайық.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – ұлы ақынның философиялық ойларын, қарасөздердің идеясын түсіну, топпен жұмыс жасай отыра «Отыз сегізінші қарасөзді» меңгеру. Дәптерді ашып бүгінгі күні, жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.
Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абай Құнанбайұлының 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар.
Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағнаны білдіреді.
Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды, көркемдік сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері адамзат баласына ортақ сөз.
ә) Балалар 4 топқа бөлініп отырғызылады, топпен жұмыс жүргізіледі. Әр топқа тапсырма бөліп беріледі.
І топқа мәтіннің басы, ІІ, ІІІ мәтіннің ортасы, ІҮ топқа соңы беріледі.
- Оқушылар, сіздер қазір мәтіннің бір бөлігін ғана оқи аласыздар, түгел мәтінмен танысу үшін әр топтан басқа үш топқа бір-бір оқушыдан жібересіздер, ол оқушылар сол топта жұмыс істеп, мәтінді оқып, мазмұндап, талдап, түсінгенде өз тобына келеді. Үш топтан үш оқушы келгенде, мәтіннің 4 бөлігі құралады. Енді өз топтарында мәтінді басынан соңына дейін оқып, мазмұндап талдайды. (уақыт белгіленеді).
Нәтижесінде 4 топта мәтінмен толық танысады.
Мәтінді түсінген-түсінбегендіктерін тексеру үшін әр топтан бір оқушы мазмұндап шығады.
ІҮ. Пысықтау. Ой қозғау сәті. Сұрақ-жауап бойынша жұмыс.
- Бұл қарасөздің идеясы қандай? Идея деген не?
- Бұл шығармасының негізгі идеясы туралы Абай: «Ғұмыр өзі – хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмәлат жоқ» - дейді. Нақтылы ой. Бар мәселенің кілті – ғұмыр. Тек ғұмыр болған соң ғана, өзге нәрселер туралы мазмұнды әңгіме жасауға болады. Жалпы айтқанда ғұмыр деген ұғым болмыстың тұтастығын білдіреді.
- Бұл шығарманың композициясы қалай жасалған?
Копозиция деген не?
- Бастауы: «адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды - әуелі дос көбейту.
Дамуы – кімге достығың болса, достық достық шақырады.
Шиеленісуі – бұл өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі!
Шарықтау шегі – Һәм өзі өзгеше боламын демектің түбі – мақтан.
Шешімі – күллі адам баласына қор қылатын үш нәрсе бар: надандық, еріншектік, залымдық. Ақын оларға анықтама берген.
- Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?
- Иә, бар.
- Егер болса, ол кім?
- Абай. Жеке өз аузынан айтылған пікір. Осындайда кейіпкер ойы мен автор ойының бір жерден шығып отыратынын байқау қиын емес.
- Абайдың қарасөзі кімнің ойын білдіреді?
- Абайдың әр «қарасөзі» жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды.
- Абай бар асыл ойын кімге арнады?
- Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады.
- Оның шығармашылық қызметінің негізі мұраты не?
- Оның шығармашылық қызметінің негізі мұраты – адам тәрбиесі.
Ү. Бекіту. Әр топтан бір оқушыдан шығарылып, қолдарына торкөз сызылған карточка беріледі. (Тапсырма жазылған карточкалар сабақ басталардан бұрын бөлменің ішіне әр жерілерге ілініп қойылады.)
1-карточка. Қарасөз дегеніміз не?
а) Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. №4-ке бар.
ә) Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес... №3-ке бар.
2-карточка. Ренжіме – не обижайся. Дұрыс емес. №5-ге қайта бар.
3-карточка. Сіз өте қателестіңіз. №1-ге қайта барыңыз.
4-карточка. Дұрыс. Келесі сұраққа жауап бер.
Абайдың қанша қарасөздері бар?
а) 44 сөз. №7.
ә) 45 сөз. №5.
5-карточка. Жарайсың. Келесі сұраққа жауап бер.
Монолог дегеніміз не?
а) Монолог – бір адам сөйлейді. №2.
ә) Монолог – көркем шығарма кейіпкерінің өзіне немесе басқаға қарата айтатын сөздері. №8.
6-карточка. Өте жақсы, біліміңді дәлелдедің, енді жылдам мұғалімге жауабыңды көрсет.
7-карточка. Көп оқу керек, оқығанды есте сақтау керек. №4-ға
қайтыңыз.
8-карточка. Жауап өте дұрыс. Абай 38-қарасөзінде неге тәрбиелейді?
а) Адамгершілікке, ізденіске тәрбиелейді. №2.
ә) Адамгершілікке, достыққа тәрбиелейді. №6.
9-карточка. Кітапты сүй. Жауабың дұрыс.
Бірінші карточкадан бастап сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар жылдам аяқтап, тобына қайтады, білмеген балалар анықталады.
ҮІ. Қорытынды:
- Сонымен, бүгін сабақта Абайдың қандай шығармасымен таныстық?
- Біз қандай білім алдық?
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үй тапсырмасы: 38 қарасөздің мазмұнын білу.
Идея–жазылған шығарманың не үшін жазылғанын білдіретін мақсаты.
Композиция. Шығарманың өн бойы: бастауы, дамуы, шиеленісуі шарықтау шегі, шешімі композицияны құрайды.
Көркем бейне. Шығармада жүйелі немесе бірсырдығы ұзақ кез келген кейіпкерді бейнелеп айтуды көркем бейне дейді.
Монолог – көркем шығарма кейіпкерінің өзіне немесе басқаға қарата айтатын сөздері.
АНЫҚТАМА
АСЫЛ ОЙЫ
МӘНІ ТЕРЕҢ
АДАМ ТӘРБИЕСІ ҒИБРАТТЫ ТҮЙІН ЖАСАУ
ЗАМАНА ЖАСТАРЫ НЕГІЗГІ МҰРАТЫ
ТАЛАП ҚЫЛУ
ТҰЖЫРЫМДАР
1-карточка.
Қарасөз дегеніміз не?
а) Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. А)№4-ке бар.
ә) Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес... №3-ке бар.
5-карточка.
Жарайсың. Келесі сұраққа жауап бер. Монолог дегеніміз не?
а) Монолог – бір адам сөйлейді. №2-ге бар.
ә) Монолог – көркем шығарма кейіпкерінің өзіне немесе басқаға қарата айтатын сөздері. №8.
4-карточка.
Дұрыс. Келесі сұраққа жауап бер.
Абайдың қанша қарасөздері бар?
а) 44 сөз. №7.
ә) 45 сөз. №5.
2-карточка.
Ренжіме – не обижайся. Дұрыс емес. №5-ге қайта бар.
3-карточка.
Сіз өте қателестіңіз. №1-ге қайта барыңыз. 7-карточка.
Көп оқу керек, оқығанды есте сақтау керек. №4-ге қайтыңыз.
8-карточка.
Жауап өте дұрыс. Абай 38-қарасөзінде неге тәрбиелейді?
а) Адамгершілікке, ізденіске тәрбиелейді. №2-ге барыңыз.
ә) Адамгершілікке, достыққа тәрбиелейді. №6.
9-карточка.
Кітапты сүй. Жауабың дұрыс.
Абайдың қарасөздегі асыл ойын кімге арналған?
а) Абайдың қарасөздегі асыл ойын өз замана жастарына. №1.
ә) Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. №10.
6-карточка.
Қарасөздер қай жылдары жазылған?
а) 1890-1898 жылдары. №10
ә) 1890-1896 жылдары. №4.
10-карточка.
Өте жақсы, біліміңді дәлелдедің, енді жылдам мұғалімге жауабыңды көрсет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.