Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қабдеш  Жұмаділов  «Қозыкүрең» әңгімесін оқыту -

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» әңгімесін оқыту

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 375 | Просмотров: 5747 | Размер: 135.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрекешова Айжанның
5-сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары
2013-2014 оқу жылы

Сынып 5-сынып
Мерзімі 17.04.2014 жыл
Тақырыбы Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» әңгімесін оқыту
Мақсаты Әңгіме мазмұнымен таныстыру.
Қазақ пен қырғыз арасындағы ұлттық құндылықтарды анықтау.
Күтілетін нәтиже Әңгіменің мазмұнын ашады.
Қазақ пен қырғыз арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Ойлау құралдары Интерактивті тақта, бағалау смайликтері, постер, маркер, жылқының суреті
Қажетті әдіс – тәсілдер «Қарлы кесек» әдісі, Шеңбер әдісі, Өз жартыңды тап
Деңгейі, мақсаты Сұрақтар мен тапсырмалар(түрткі) Талап Оқушының іс-әрекеті
(нәтиже) Уақыты Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі «Қажымұқан», «Сабалақ», «Ақырғы бәйге» топтарына бөлу. Тапсырмалар берілген қима қағаздар арқылы топқа бөліну керек Тапсырмаларды дұрыс орындап, топқа бөлінеді. 2 мин
Білім
Шығарманың тақырыбын аша отырып, оқушының қызығушылығын ояту Теориялық білімін тексеру:
1. Неге шығарма Қозыкүрең деп аталған?
2.Қазақ әдебиетінде жылқы бейнесінің суреттелуі? 1.Шығарманың Қозыкүрең аталу себебін анықтау керек
2.Қазақ әдебиетінде жылқы бейнесінің суреттеу керек Оқушылар ой қозғайды.
Шығарманың Қозыкүрең аталу себебін өз айтады.
Қазақ әдебиетінде кездесетін жылқы бейнелерін еске түсіреді. 5 мин Өзара бағалау, өзін өзі бағалау
Түсіну
Шығарманың толық мазмұнын түсіну «Қарлы кесек» әдісі арқылы тақырыпты түсіндіру
1.Әңгіменің толық мазмұнын білуі керек
Әңгіменің мазмұнын толық біледі.

15 мин

Оқушыларды бағалау бетшелері
Қолдану
Жазушы идеясына зер салдырту
Басты оқиға не туралы?
Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесі.
Отанға деген сағыныш ұғымын қалай түсінеміз? Басты оқиғаны анықтау керек.
Кейіпкерлер бейнесін аша білуі керек.
Туған жерге деген сағыныштың қандай болатынын сезінуі керек Басты оқиғаны анықтайды.
Кейіпкерлер бейнесін ашады.
Туған жерге деген сағынышты түсінеді. 3 мин Формативті бағалау
Талдау
Қазақ пен қырғыз арасындағы ұлы достық Қазақ пен қырғыз арасындағы достықты қалай бағалайсыңдар?
«Қазақ пен қырғыз бір туған» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Қазақ пен қырғыздарға ортақ қандай құндылықтар бар? Қазақ пен қырғыз арасындағы достық туралы, ортақ құндылықтар туралы айту керек.
Қырғыздардың өздеріне тән қасиеттері жайлы айту керек. Қазақ пен қырғыз достығын, ортақ қасиетін сипаттайды.
Қырғыздардың өздеріне тән қасиеттері жайлы әңгімелейді. 5 мин Сумативті бағалау
Жинақтау
Сағыныш сезімін ұғындыру Сағыныш сөзінің мәнін қалай түсінесіңдер?
Кімдерді, нелерді сағынуға болады?
Сағыныш бүгінгі әңгімеге арқауы бола ала ма? Сағыныш туралы кластер қорғау.
Әңгіменің негізгі түйінін ашу. Сағыныш туралы өз ойларын ортаға салып, топ болып кластер қорғайды.
6 мин Топтық бағалау
Бағалау
Шығармадағы негізгі ойды түйіндеу
«Өз жартыңды тап» ойыны.
Қима қағаздар арқылы сұрақтар мен жауаптарын сәйкестендіру. Жұппен жұмыс жүргізу.
Мәтінмен топ, жұп болып жұмыс істей білу керек

Қима қағаздардағы сұрақтар мен жауаптарын сәйкестендіріп, жұптық жұмыс жасайды. 5 мин Жұптық бағалау
Үйге тапсырма Композициялық құрылымына талдау Композициялық құрылымына жіктеу. Композициялық құрылымына жіктейді 1 мин
Бағалау Кері байланыс жасау Стикерлер таратылады
Стикерлерге пікірлерін жазады 3 мин Бағалау парақша-лары арқылы бағалау.
Оқушыларды мадақтау.



Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрекешова Айжанның
5-сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары
2013-2014 оқу жылы

Сынып 5-сынып
Мерзімі 19.04.2014 жыл
Тақырыбы «Қозыкүрең» әңгімесінің көркемдік ерекшелігі
Мақсаты Композициялық құрылымын ашу.
Шығармашылық ізденіске жетелеу.
Күтілетін нәтиже Композициялық құрылымын талдай алады.
Шығармашылық қабілеттері дамиды.
Қажетті құралдар Компьютер, интерактивті тақта, постер, маркер
Қажетті әдіс – тәсілдер «Миға шабуыл» әдісі, «Оқу және талдау» әдісі, ертегі жазу, «Білемін. Білдім. Білгім келеді»
Сабақ кезеңдері Сұрақтар мен тапсырмалар(түрткі) Талап Оқушының іс-әрекеті
(нәтиже) Уақыты Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі «Молекула» әдісімен топқа бөлу. «Молекула» әдісі арқылы музыкамен топқа бөлу керек. «Молекула» әдісімен топқа бөлінеді. 2 мин
Білу
Әңгіме құрылымын білу. Миға шабуыл:
Оқиға қалай басталады?
Шығарманың ерекше әсерлі тұсы қандай? Оқиға желісін білуі керек.
Шығармадан өзіне әсер еткен оқиғасы туралы ойын жеткізе білуі қажет. Оқиғаны баяндап айтады.
Шығармадан алған әсері жайлы ой бөліседі. 3 мин Өзіндік бағалау
Түсіну
Шығармада әңгіме болатын тарихи оқиға жайлы түсінік қалыптастыру. Шығармада қазақ пен қырғызды жақындастырған қандай оқиға?
Қазақ халқының басынан қандай тарихи оқиғалар өткен? Қасіретті оқиғалардың қазақ тарихындағы орны жайлы білуі керек. Қасіретті оқиғалардың қазақ тарихындағы орны жайлы біледі. 3 мин Смайликтермен бағалау
Қолдану
Шығармашылық ізденіске жетелеу «Менің тұлпарым», «Туған жерге келе жатқан Қозыкүрең» тақырыбында сурет салу, сурет бойынша әңгімелеу «Менің тұлпарым», «Туған жерге келе жатқан Қозыкүрең» тақырыбында сурет салу «Менің тұлпарым», «Туған жерге келе жатқан Қозыкүрең» тақырыбында сурет салады 7 мин Критерий бойынша бағалау
Талдау
Шығарманың композициялық құрылымын талдау, көркемдегіш құралдарын табу. «Оқу және талдау» әдісі:
1. Оқиғаның басталуы,шарықтау шегі,шиеленісуі, оқиғаның шешімі қандай көріністерде бейнеленеді?
2. Әңгіме желісінде тілдің көркемдегіш құралдарының қолданылуы
1. Композициялық құрылымына талдау жасай білу керек
2. Көркемдегіш құралдарын таба білу керек
1) Оқушылар композициялық құрылымын талдайды.
2) Көркемдегіш құралдарды табады 10 мин Топтық бағалау
Жинақтау
Шығарманың композициялық құрылымы жайлы түсініктерін бекіту «Хаттар ұяшығы». Тақырып бойынша сұрақтар жазып хаттар ұяшығына салады. Сосын оқушылар сұрақтарды алып, жауап береді. Тақырып бойынша бір-бірден сұрақ жазуы керек. Тақырып бойынша хаттар ұяшығына салынған сұрақтарға жауап береді. 3 мин Смайликтермен бағалау
Сергіту сәті Төрт түліктің төлдерді атап, қимылдары мен дауыстарын салу Төрт түліктің төлдерін атап, қимылы мен дауыстарын салу керек. Төрт түлікті төлдерін атап, қимылы мен дауыстарын салады. 2 мин Формативті бағалау
Бағалау
Шығармашылық жұмыс жүргізу
«Қиялымдағы Қозыкүрең» ертегі жазу
«Қиялымдағы Қозыкүрең» тақырыбында ертегі жазу керек

«Қиялымдағы Қозыкүрең» тақырыбында ертегі жазу керек
10 мин Критерийлер бойынша бағалау
Үйге тапсырма Қазақ тарихындағы жылқының алатын орны жайлы мәлімет жинақтау Жылқының тарихи оқиғаларда алатын орны жайлы мәлімет жинақтау керек. Жылқының тарихи оқиғаларда алатын орны жайлы мәлімет жинақтайды. 1 мин
Бағалау «Білемін. Білдім. Білгім келеді» Кері байланыс парағын тарату Кері байланыс парағын толтырады. 4 мин БББ



Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрекешова Айжанның
5-сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары
2013-2014 оқу жылы

Сынып 5-сынып
Мерзімі 22.04.2014 жыл
Тақырыбы Әңгімедегі Қозыкүрең бейнесі
Мақсаты Құлагер мен Қозыкүреңді салыстыру. Қозыкүрең бейнесін ашу
Жылқы малының қасиеттілігін, адам өміріндегі маңызын ұғындыру
Күтілетін нәтиже Өткен сабақтағы алған білімдерімен байланыстыра отырып салыстырады,
Жылқы малының қасиеттілігін, адам өміріндегі маңызын дәлелдейді
Қажетті құралдар Постер, маркер, стикер, интерактивті тақта, музыкалық аппарат, колонка
Қажетті әдіс – тәсілдер «Миға шабуыл» әдісі, «Топтастыру» әдісі, «Инцерт» әдісі, Венн диаграммасы
Сабақ кезеңдері Сұрақтар мен тапсырамалар(түрткі) Талап Оқушының іс-әрекеті
(нәтиже) Уақыты Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі Әндер бойынша бөлу.
(«Елім менің», «Сарыжайлау», «Анаға сәлем» әндері бойынша) Әндерден үзінділері жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөліну керек

Әндерден үзінді жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді 1 мин
Білу
Қозыкүрең бейнесін ашу «Түртіп алу»
Мәтінді топтарда толық талқылау, Қозыкүрең бейнесін ашу Шығарманы толық талдап шығу керек Шығарманы толық талдайды 4 мин Смаликтермен бағалау
Түсіну
«Жылқы-сәндік» сөзінің мәнін түсіндіру. «Түйе – байлық, қой – мырзалық,
жылқы – сәндік» сөзінің мағынасын ашу. «Түйе – байлық, қой – мырзалық, жылқы – сәндік» деген сөздің мағынасын түсіндіруі керек. «Түйе – байлық, қой – мырзалық, жылқы – сәндік» деген сөздің мағынасын түсіндіреді. 2 мин Өзара бағалау
Қолдану
Жылқы. Қозыкүрең сөздерін қолданып өлең құрастыру С э н к у э н әдісі бойынша
«5 жол өлең» құрайды
1. Кім? Не? Жылқы. Қозыкүрең.
2. Қандай? 3. Не істейді?
4. Сөйлем. 5. Синоним. «Сэнкуэн» әдісі бойынша өлең құрастыру керек. «Сэнкуэн» әдісі бойынша өлең құрастырады. 3 мин Екі жұлдыз, бір тілек
Талдау
Қазақ әдебиетіндегі жылқы бейнесінің тақырыптық үндестігін ашу 1.Қазақ әдебиетіндегі қандай шығармаларда жылқы бейнесі кездеседі?
2.Құлагермен Қозыкүрең бейнесін салыстырыңдар. Қозыкүреңнің қандай ерекшелігін байқадыңдар?
3.Жылқы малына қатысты қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?
1.Өткен тақырыптарға шолу жасау керек
2.Венн диаграммасы арқылы салыстырып,Қозыкүреңнің ерекшелігін анықтау керек
3.Жылқы малына қатысты мақал – мәтелдерді тауып, мағынасын ашу керек 1.Өткен тақырыптарға шолу жасайды
2.Венн диаграмасы арқылы салыстырып,Қозыкүреңнің ерекшелігін анықтайды
3.Жылқы малына қатысты мақал – мәтелдерді табады мағынасын ашады 5 мин «Шаршы»
Сергіту сәті «Қара жорға» биіне билеу Үш топтан бір-бірден оқушы шығып «Қара жорға» биінің қимылын салып, топ мүшелері соны қайталап билеуі керек. Үш топтан бір-бірден оқушы шығып «Қара жорға» биінің қимылын салады, қалған топ мүшелері соны қайталап билейді. 3 мин
Жинақтау
Жылқы малының қасиеттілігін, пайдасын ұғындыру 1.Қозыкүрең бейнесі арқылы жылқы малының қасиеттіліген дәлелдеу.
2.Жылқының жасына қарай жіктеу.
3.Жылқының қазақ қоғамындағы маңызын ашу (Жылқы-көлік, жылқы-тағам, жылқы-бәйге)
Постер қорғау

Оқушылар жылқының қандай өзге жануарлардан айырмашылығы бар екенін айтуы керек.
Жылқыны жасына қарай жіктеу білуі.
Жылқының қазақ қоғамындағы маңызын аша білуі керек.
Постер жасауы тиіс 1.Оқушылар жылқының ерекшелігін біледі.
2.Жылқыны жасына қарай жіктей алады.
3.Жылқының қазақ қоғамындағы маңызын ашып көрсетеді. 15 мин Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау парақшалары
Бағалау
«Менің тұлпарым» Өз қиялындағы тұлпарларының бейнесін сипаттап, ойтолғау жазуы керек. Өз қиялындағы тұлпарларының бейнесін сипаттап, ойтолғау жазады. 8 мин «Шаршы» әдісімен бағалау
Үйге тапсырма Жылқы тақырыбында өлең шығарып келу Өз ойларын өлеңмен жеткізу керек Өлең шығарып келеді. 1 мин
Бағалау Инцерт әдісі Кері байланыс парағын іледі 3 мин Жиынтық бағалау
Сабаққа қатысушыларды мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.