Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі -

Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 367 | Просмотров: 3118 | Размер: 55.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты түсінік
беру. «Кәрі қыран» өлеңін оқыту, өлең мазмұнын игерту, идеясын таныту
Дамытушылық: Әдеби шығарманы көркем сезіммен қабылдау, мәтінмен тереңдете жұмыс жүргізу, шәкірттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: Ерлікке, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу. Халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу. Оушылардың рухани дүниесін байыту, елжанды азаматтың өмірінен үлгі алу
Сабақтың көрнекілігі: Қадыр Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар, кестелер, қыран суреті, кітаптар көрмесі
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, іздену, талдау, пікірлесу
Пәнаралық байланыс: География, музыка, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру:
Қалихан Ысқақтың өмірі мен шығармашылығын сонымен қатар «Қоңыр күз еді» повесін қаншалықты меңгергенін «Ғажайып тоғыздық» ойыны арқылы сұрақтар қойып анықтайық.
Сұрақтар:
1. Қалихан Ысқақ кім? Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2. Қалихан Ысқақтың қандай шығармаларын білесіздер?
3. «Қоңыр күз еді» әңгімесіндегі күз суреті қалай бейнеленген? Қасым неге күзді еске алып отыр?
4. Сыныптағы Алтын қандай қыз еді?
5. Топқайың мектебі Қасымды қалай қарсы алды? Балалар ше?
6. Алматай ағай Қасымның әдебиетке қабілетті екенін қалай байқады?
7. Алматай мұғалім «... әкең сұраса да берме, ешбір жанға көрсетпей оқы» деп неге айтты?
8. «Шұғаның белгісін» Қасым неге қызығып оқыды?
9. Оның жазушымен кездессем деген үміті Алматыға келгенде неге үзілді?

Жаңа сабақ
Біз балалар балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, жоқшылықпен тұспа-тұс келген Қалихан Ысқақовтың өмірімен, шығармашылығымен танысқан болатынбыз, бүгін біз Қалихан Ысқақовтың құрдасы Қадыр Мырзалиевтың өмірімен, шығармашылығымен, «Кәрі қыран» атты өлеңімен танысамыз.

Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы, Жампиты ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факултетін тамамдаған. Алғаш еңбек жолын сол кезде жаңадан ашыған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. Елуден аса кітаптың авторы. 200-дей өлеңіне ән жазылған. Атап айтсақ «Қыз Жібек» фильміне арнап жазылған «Ақ Жайық», туған жерге, ата қонысқа деген сүйіспеншілікті білдіретін «Атамекен», асыл әжелерімізге арналған «Әже туралы ән», т.б.
Қадыр Мырзалиев- В.Гюго, Г.Гейне, М.Лермонтов, С.Есенин, Р.Ғамзатов, О.Сүлейменов өлеңдерін, жыр жинақтарын қазақ тіліне аударған шебер аудармашы.Қадыр Мырзалиев Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Талантты ақын 2011 жылы қаңтарпдың 22-інде көз жұмды.
Қадыр Мырзалиевтың ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегілері мен балладалары қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Балалар біз бүгін Қадыр ақынның «Кәрі Қыран» өлеңі мен танысамыз.

Ой қозғау
1. Қыран қандай құс?
2. Қазақстанның қандай жерлерінде мекен етеді?
3. Халқымыз неге қыран құсты қасиетті санаған?
4. Мемлекеттік рәмізіміз көк туда неліктен қыран бейнеленген деп ойлайсыздар?
5. Қазақ халқының ертеден мән берген бір аңкөстік саласы қырандар тобын пайдаланғаны жайлы не білесіздер? Құсбегілер дегеніміз кімдер?

Ақынның «Кәрі қыран» өлеңі Жұбан Молдағалиевқа арналады. Ақынның Жұбан аға қайтыс болғанда шығарған өлеңі.
(Өлеңді мәнерлеп оқып беремін)

Мәтінді талдау идеясын ашу
1. «Кәрі қыран» өлеңінен не түсіндік?
2. Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?
3. Қарт қыран қандай халге душар болды?
4. Неге намыстанды?
5. «Найзағайдай жарқылдар ғұмыры өтті» деген жолды қалай түсінесіздер?
6. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?
7. «Қыранша өмір сүрген қандай бақыт, қандай бақыт қыранша өле білген» деген жыр жолдарын қалай түсінесіздер?

Сөздікпен жұмыс
Зәбірі артты-азап көрді, жапа шекті.
Албасты басқыр-біреуге кейігенде жамандық келсін деген мағынада айтылады.
Тәрк ету-дүниеден безу

Символ туралы түсінік беру
Символ—бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас бір нәрсеге немесе құбылысқа құпия келіп, жасыра жарастырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды түспалмен түсіндіру.
Мысалы, гүл-жастықтың символы, ақ көгершін-бейбітшіліктің символы, аққу-адалдық, махабаттың символы, ал, қыран-еркіндіктің, ерліктің символы. Оның дәлелі туымыздағы қыран бейнесі. Бұл біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа,адамзат өркениетінің биіктерге ұмтылуын айқындайды.

Сергіту сәті
Ақынның туған жерге, ата қонысқа деген сүйіспеншілікті білдіретін «Атамекен» әнін қосылып айту.

Өлеңді композициялық құрылымына талдау
Шығарманың басталуы: Қияда қалғып отырған кәрі бүркіт
Шығарманың байланысуы: Кәрі қыранныңи халі
Шығарманың дамуы: Бүркіттің ойы
Шығарманың шарықтау шегі: Көк тасқа қойып кеткен кәрі бүркіт
Шығарманыңт шешімі: «Қандай бақыт – қыранша өмір сүрген!»

Венн диаграммасы
Қазақ халқы мен қыран құсты салыстыру
Қазақ халқы Ұқсақтықтары Қыран құс

Бекіту:
Қадыр ақынға немесе қыран құсқа арнап 1 шумақ өлең шығару

Бағалау:

Үйге тапсырма:
«Кәрі қыран» өлеңін жаттау
Ақын туралы ізденіп келу

«Манашы орта мектебі» ММ

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі

Өткізген: Муканова Инкар

2013-2014 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.