Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа»  мысалы -

Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалы

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 306 | Просмотров: 2751 | Размер: 23.4 Kb | Автор: Тәрбие
. Әдебиет пәнінен 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Шималова Алмагүл Социалқызы
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №5 КМЛ

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалы
Мақсаты:
1. Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығын Абай өлеңдерімен салыстыра отырып, екеуінің өзара үндестігін, аудармашылық шеберлігін, өзіндік қолтаңбаларын тереңірек меңгерту;
2. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түйе білуге баулу, тақырыптас шығармаларды салыстыра оқытуды және шығармашылық жұмыстар арқылы таным – түсініктерін дамыту;
3. Аталмыш шығарма арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу;
Сабақтың жабдығы: А.Байтұрсыновтың шығармалар жинағы, портреті, оқулық, конструкциялық карточкалар, интерактивті тақта
Әдіс –тәсілдер: «Топтастыру», «Сәйкестендіру» стратегиялары,
топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Қолданылатын қосымша материалдар:
1. А.Байтұрсынов, «Ақ жол», 1991 ж.
2. А.Құнанбаев, «Сен де бір кірпіш дүниеге», 1994ж.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Мұғалімнің әңгімесі:
Қазақ әдебиетінде мысал жанрын қалыптастыруға айрықша қызмет еткен, өзіндік ой, өзіндік өрнек қалдырған А.Байтұрсынұлының Крыловтан аударған «Өгіз бен бақа» мысалын алғаш рет А.Құнанбайұлы аударған. Сондықтан сынып екіге бөлініп жұмыс істейді. Бірінші топ Абай аудармасын талдайтын болса, екінші топ Ахмет аудармасы бойынша жұмыс істейді.
І топ «Мирас», ІІ топ «Мұрагер» деп аталады.
1. Алдымен Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы қарастырылады. Ол үшін «Ахмет кім? Неліктен?» деген сауалға жауап алынады.



2. Абай мен Ахмет ұқсастықтары табылады:
 Екеуі де мысал жанрын аударған;
 Екеуі де ақын;
 Екеуі де аудармашы;
 Ағартушы;
 Қоғам қайраткері;

3. Екі ақынның да мысалдары салыстырылады;
Кесте бойынша авторлар дұрыс жазылып, мысалдардың тармағының саны ауыстырылып беріледі. Оқушылар сол сандарды дұрыс қоя білулері керек.
№ Ақындар Өлең жолдары, тармағы
1. И.Крылов 17
2. А.Құнанбаев 40
3. А.Байтұрсынов 36

4. «Өгіз бен бақа» мысалының мазмұны тыңдалады. Ол екі топтан екі оқушы шығып, А. Байтұрсынов пен Абай Құнанбаевтың мысалдарын мәтінге жуық баяндайды.
5. Екі мәтіннен де бақа мен көршісінің диалогтары оқылып, ұқсастықтары дәлелденеді.
6. Мысалдар композициясына қарай талдау.
1 Басталуы Өгіздің суға келуі
2 Дамуы Күншіл, мақтаншақ бақаның өгізбен кездесуі
3 Шиеленісі Көршісіне бақа өзінің өгіздей болатынын айтып мақтануы
4 Шарықтау шегі Бақаның өгіздей болуы үшін өлгенше су ішуі
5 Шешімі Бақаның қарны жарылып өлуі

7. Бақа бейнесіндегі адамға сызба арқылы мінездеме беріледі. Ол үшін екі топқа жеке –жеке сызба таратылып, оқушылар сызбаны толтырады.



8. Мысалдарға талдау жасалынады.
Абай «Өгіз бен бақа» мысалы Ахмет
10 шумағы 9
4 тармағы 4
2 бунағы 3
7,8 буынды егіз ұйқас ұйқасы 11,12 буынды қара өлең
Қорытынды бар ой түйіні қорытынды бар
Диалог көркемдігі диалог, мақал
Ұқсас оқиғасы ұқсас
9. Сабақ логикалық модель арқылы қорытындыланады;

10. Оқушы білімі бағаланады.
11.Үйге тапсырма беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.