.
.
8-cынып. Қазақ әдебиеті. «Ахмет Йасауи-ақын,асқан ойшыл
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 336 | Просмотров: 4259 | Размер: 10.3 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: «Ахмет Йасауи-ақын,асқан
«Ахмет Йасауи-ақын,асқан
ойшыл
Мақсаты:а)білімпаз ғалым,ақын,асқан ойшыл,бүкіл түркі жұртының рухани атасы,сопылық әдебиеттің өкілі жайлы мағлұмат беру, «Даналық кітабынан» үзінді оқытып,сақтандырған бес нәрсені айту,жаздырту. ә)сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту,өз бетімен ізденуге баулу,ой қорытуға дағдыландыру. б) ислам дінін уағыздау арқылы ізгілікке,адамгершілікке,мейірімділікке үндеу,
рухани тазалыққа тәрбиелеу т.б.
Сабақтың түрі:іздену-зерттеу сабағы
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап ,баяндау,түсіндіру,зерттеу.
Көрнекілік: Йасауи суреті, кесенесінің суреті, карта,кітап-тар,бүктемелер
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын сұрау. «Қайталау-оқу анасы».
1.X-XII ғасырдағы әдебиет нешеге бөлінеді?
2. Сыр бойы әдебиетінің өкілдерін ата.
3. Қарахан әдебиетінің өкілдері
4.Әл-Фараби кім?Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?
5.Қандай еңбектерін білесің?
6.Трактат дегеніміз не?
7.Өлеңдерінде қандай ой айтылған?
Өткен сабақты қорытындылап, жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен ,жоспарымен таныстыру.
III.Жаңа сабақ. Бүгінгі сабақта Сыр бойы әдебиетінің өкілі,ақын,ұстаз,ойшыл Ахмет Йасауидың өмірі, «Диуани хикмет»еңбегі жайлы айтамыз.(тақтаға дәйексөзді жазу)
Сабақты мынандай дәйексөзді негізге ала отырып жүргіземіз: «Ең алдымен,өзіңді өзің таны!»-дейді грек ғалымы.
«Өзіңді танығаның-хақты танығаның»-дейді ұлы бабамыз Қожа Ахмет Йасауи.Хақ деп отырғаны-ақиқат,дүниенің мәні.Демек,әрбір адам,ең алдымен ,өз елінің өткенін,тарихын,ата-бабаларын білуі керек.Ендеше,біз баба жайлы білуіміз керек.
Таяныш: (тақтаға жазып қою)
1.Ахмет Йасауи-ғалым,ақын,ойшыл,ұстаз,сопылардың пірі
2.Йасауи-сопылық әдебиеттің өкілі.
3.Екі ұстазы:Арыстан баб және Иусуф Хамадани
4. «Диуани хикмет»кітабы
5.Бес нәрседен қашық бол.
Тақырып төңірегінде ғалымдар не дер екен,соған назар аударайық.
1.Ахмет Йасауи туралы филолог не дейді?
Мөлдірдің жауабы:Х-Х11 ғасырдағы Қазақстан жеріндегі ірі мәдени орталықтың бірі-Сыр бойы болды.Ол төңіректен Ахмет
Йасау,.Ахмет Йүгінек,.Сүлеймен Бақырғани сынды ақындар шықты.
Ахмет Йасауи –білімпаз ғалым,ақын,ойшыл,бүкіл түркі жұртының рухани атасы.Ол қазіргі Шымкент облысындағы Сайрамда туып,қазақ жерін Үнді,Қытай,Еуропамен байланыстырған,Түркістан қаласында тұрған.
Йасауи ата-анасынан 7жасында жетім қалып,Түркістанда
(ол кезде Йасы деп атаған)апасының қолында тәрбиеленді.
Йасауи-сопылық әдебиеттің өкілі.Ол бүкіл өмірін исламды
уағыздауға,шәкірт тәрбиелеуге арнады.Ал 63жасында жер астынан 1кісілік жертөле қылует жасатып: «Мұхаммед пайғамбар жасынан асып кеттім,бұдан әрі өмір сүруім күпірлік болады»-деп, қалған өмірін сол жер астында өткізген,73жас ында
қайтыс болған.Ибраһим,Гауһар есімді ұл-қызы бар екен,ұлы жастай қайтыс болыпты.
Екі ұстазы болған:Арыстан баб және Қожа Иусуф Хамадани.
Екеуі де дүниеге қызықпайтын ,дін тазалығын,адамдық жолын ұстаған кісілер еді.Қожа Ахмет Йасауи де өзіне осы жолды таңдады.
2.Әдебиетші Фариза не дейді екен?
Жауабы:Йасауи жер астында отырып,соңғы он жылында
«Хикметтер»атты кітабын жазған. «Диуани хикмет» кітабы ,Диуани-жинақ,хикмет-алланың құдірет күші,яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап»деген мағынаны білдіреді.
«Диуани хикмет»-дидактикалық мазмұндағы ақыл кітабы,оның түп нұсқасы сақталмаған.
« Диуани хикмет»-әрбір адамды имандылыққа ,ізгілікке,адамгершілікке бағыттайтын,тәрбиелік мәні аса зор
еңбек.
3.Ахмет Йасауи тұрған Түркістан қаласы туралы археолог
не айтар екен?
Түркістан-бабалардың көне қаласы.Ол Қаратау менСырдария
өзенінің ортасында ,Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
Мұсылман діні келгеннен бастап қала Ясы деп аталған.Ақын
Қожа АХметтің Ясауи болатыны осы тұс.Ата-бабаларымыз
көне заманнан Түркістан топырағына барып, тәу етіп,қасиет тұтқан.Көне Түркістан топырағында 81хандар,билер,
батырлардың сүйегі жерленген.
Мұғалімнің сөзі:
Ғалымдар таянышта көрсетілген мәселелерге жауап берді.
Олардың пікірлерін жинақтайтын болсақ, «Диуани хикмет»-
«Даналық кітабы» 12ғасырда жазған,149 хикмет бар.
Бұл кітапта ислам дінінің 4алтын діңгегі: «Мағрипат», «Тарихат», «Хақиқат», «Шариғат» мадақталады.
Бекіту.1. Сөздік жұмысы.
Сопылық-ислам дініндегі бір ағым,рухани тазалық арқылы Аллаға жақындай түсу жолын іздейтіндер.
Қылует-халуат деген сөзден шыққан,жер астында бір кісілік жертөле.
Күпірлік-асып-тасқандық
2.Йасауи сақтандырған 5нәрсемен таныстыра отырып,кімнің даналық ойымен сәйкес келетіндігін анықтау,кестені толтыру:
Йасауи: Абай:
1.Алланың ақ жолын мойында 1.Өсек
2.Менмен,тәкәппар болма 2.өтірік
3.Арыңды сатпа 3.мақтаншақ
4.Арамдықтан аулақ бол. 4.еріншек.
5.Еріншек болма. 5.бекер мал шашпақ
Оқушылар осылай кесте толтырды.
Мұғалім: Абай мен Ахмет ілімінің үндестігі байқала ма?
Бізді неге тәрбиелейді,қандай болуымыз керек?
3. «Хикметтерімді білімділер қолына алсын,
Мақсаттары ойға алған орындалсын-деп нені көздеген,
кімдерге арнаған?(ойларын айтып,пікірлеседі)
4.Қорытындылау.Бәріне ортақ тапсырма беріледі.
Алған білімімізді жинақтап, «Йасауиды тану»картасын толтырамыз:
Мұғалім: Оқушы:
1.Ахмет Йасауи кім? Ғалым,ақын,ойшыл
2.Қайда туған,қай жерде тұрған Сайрамда туып,Түркістанда
тұрған
3.Қанша жыл өмір сүрген? 73 жасында қайтыс болған
4.Қандай еңбегін білесің? «Диуани хикмет»атты кітабы
5. «Диуани хикмет»нені
Уағыздайды? Алланың ақ жолын уағыздайтын
кітап
5.Бес жолды өлең жазу. Ақын
білімді адал
ойлайды айтады жазады
Ахмет-сопылық әдебиеттің өкілі
Ахмет
6.Мұғалімнің сабақты қорытындылауы:Ахмет Йасауи сынды ұлы ойшылымыздың мұраларын талдап,ұғыну-біздің борышымыз.
Алланың ақ жолын,ислам дінін уағыздауымыз керек.
Йасауидың ойлары мәңгілікке жалғасын таппақ.Ақынның кесенесін қазақ халқы қасиетті жер есебінде құрметтейді.
Өзі өлсе де,еңбектері өлмейді,яғни ақын да өлмейді деген сөз.
7.Үй тапсырмасы: «Йасауи ілімінің өміршеңдігі» тақырыбында
ойтолғау жазу.
8.Оқушылардың білімдерін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.