Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Алтайдың асыл жыршысы» Оралхан Бөкеймен танысу кеші -

«Алтайдың асыл жыршысы» Оралхан Бөкеймен танысу кеші

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1687 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: «Алтайдың асыл жыршысы» Оралхан Бөкеймен танысу кеші
Сабақтың мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірімен, шығармашылығымен танысады. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып, көркем шығармаға қызығушылығы артады, кейіпкерлерге мінездеме береді, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;
Оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды;
Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, достық сезімдері, бір-біріне сыйластық сезімдері артады.
Сабақтың әдісі: «топтастыру», «еркін жазу» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі:О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына
байланысты дайындалған слайдтар,
әңгімелерінің тақырыптарына
байланысты сурет,оқулықтары.
Сабақтың құрылымы:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі «Алтайдың асыл жыршысы» атты Оралхан Бөкеймен танысу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Айналайын Алтайым! Осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айырылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ, -деп Оралхан ағамыз айтып кеткен екен.
“Оралхан Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды”.
Танысу кешіміз 3 бөлімнен тұрады.
1-бөлімде Оралхан Бөкей ғұмырнамасымен танысу.
2-бөлімде «Тортай мінер ақ боз ат» атты әңгімесімен танысу.
3-бөлімде Оралхан Бөкейге арнау өлеңдер оқылады.
- Сүгірбаева Ақмарал бізге Оралхан Бөкей өмірбаянымен таныстырғанша, сендер қағаздағы топтастыруды толтырып отыруларыңа болады.
Ғұмырнама
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.
1968 жылдан бастап Алматы қаласына қоныс аударған.
Оралхан Бөкей – жазушы, драматург, аудармашы, журналист, сөз зергері. 1969 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1965-1968 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар» газетінде) әдеби қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде (1988-1984), «Жұлдыз» журналында (1974-1983) бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары (1983-1991) болып қызмет атқарады, 1991-1993 жж. осы газеттің бас редакторы болады.
Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдырды. 1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты повестер мен әңгімелерінің тұңғыш жинағы жазушы есімін көпке таныс етті.
«Менің повестерімдегі, әңгімелерімдегі барлық сюжеттер туған жер туралы естеліктер, жас шақтағы болған оқиғалармен байланысты, – деп жазады автор. Менің жерлестерім қазақтар – мінездері бір қалыпты, адал және жүректері ашық адамдар. Әйтеуір, не жазсам да өз заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырыстым», – деген болатын жазушы О. Бөкей.
Бірінші жинақтың ізімен басқа да еңбектері шықты: “Қамшыгер”, “Үркер”, Қайдасың, қасқа құлыным”,“Шара”, Елең-алаң, “Мұзтау”, “Ән салады шағылдар”, “Үркер ауып барады”, “Бәрі де майдан”, “Құм мінезі”, “Өз отыңды өшірме”, “Біздің жақта қыс ұзақ”, “Атаукере”, “Қар қызы”, “Зымырайды поездар”, “Жау тылындағы бала”, “Жесірлер”, “Ұйқым келмейді”, “Құлыным менің”,т.б. Жазушының орыс тіліне аударылған әңгіме-повестерінің жинағы: «Ән салады шағылдар» – «Поющие барханы» (1981 ж.), «Сайтан көпір» – «Крик» (1984 ж.), «Зымырайды поездар» – «Поезда проходят мимо» (1985 ж.), «Кісі-киік» – «Человек – Олень» (1987 ж.). Шығармалар негізінде түсірілген көркем фильмдері де бар.
Мұнымен қатар қаламгер туындылары неміс, словян, болгар, ағылшын, венгер, араб, қытай, жапон және ТМД елдерінің тілдеріне аударылды. 1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.
Оралхан Бөкейдің Үндістанға барған шығармашылық іс-сапардан оралмағанын көпшілік біледі. Делиде, 1993 жылы 17 мамыр күні көз жұмды.
«Қарт Алтайдың Қатонқарағайында дүниеге келген Қаламгер сонау қиян шеттегі Үндістанның Делиінің «Тәжі-Махал» қонақ үйіндегі оңаша бөлмеде жапа-жалғыз, сапарлас серіктеріне де жалғыз ауыз сөз айтпай, жым-жырт қалыпта, тыныш, оқшау күйде жылжып келіп, фәни дүниенің өлшеулі сүрлеуін артқа тастап, бақи дүниенің болжаусыз соқпағына бет бұрар ақтық сынның үстінде дәл осылай байсал тауып баз кеше алу, дауасыз өлімді де дәл осылай жүрегі дауалап жым-жырт қалыпта, тыныш күйде қарсы алу – ірілердің ғана үлесі шығар...» дейді белгілі журналист Әмірхан Меңдеке.
Танатар Сандуғаш
Есімі де ерен-ді...
Қазақ классикалық әдебиетінің көрнекті өкілі Оралхан Бөкей есімінің тарихына тоқталсақ, әкесі Бөкей Оралға еңбек майданына аттанғанда, Оралхан құрсақтағы нәресте екен. Оралдағы еңбек майданында жүрген әкесі аман келсін деген ниетпен, дүниеге келген нәрестеге «Оралхан» деп ат қойылады. Ниет қабыл болып, әкесі аман-есен оралады. Әкесі Бөкей орта бойлы, шымыр денелі, шапшаң қимылдайтын, көп сөйлемейтін, оқта-текте дөп басып, дәл ғана айтуды жөн көрген, шешен болған. Шешесі Күлия келісті, кесек тұлғалы, ауылға сыйлы, өзі тұстастар арасында ықпалды, ешкімге сөзден есесін жібермейтін, жиын-тойда суырып салып, өлең айтып, құрбыларын айтысқа шақырып, отырған жерін думан, күлкі ететін жан болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. О. Бөкей алғашқы жұбайы - Айман қайтыс болғаннан кейін, екінші рет Ардаққа үйленген. Одан Айхан атты ұлы, Айжан атты қызы бар.
Оралханның әдебиет пен өнерге бейімдігі ата-анасынан ауысқан қасиет деп ойлауға толық негіз бар.

-Жақсы, рақмет, 1-бөлімге байланысты Оралхан Бөкей өмірімен таныстық, енді 2-бөлім бойынша оның шығармаларының ішінен мен сендерге «Тортай мінер ақ боз ат» атты әңгімесін үйден оқып келулеріңді тапсырғанмын. Мазмұнын қаншалықты ұққандарыңды білу үшін бірнеше тапсырмадан тұратын кішігірім жарыс өткіземіз. Сендер екі топқа бөлініп отырсыңдар.
Оқушыларды II топқа бөлу.
1) «Білімділер»
2) «Тапқырлар»
Жарыс 5 бөлімнен тұрады. Қазақ тілі мұғалімі Сағынбекова Айзат Жақсылыққызы сендердің берген жауаптарыңды тыңдап, соңында нәтижесін айтып береді.
1 -тапсырма «Тортай мінер ақ боз ат...» атты әңгіменің мәтінін білуге арналған. Онда әрбір топқа сауалдар берілген:
1. «Әңгіменің кейіпкерлерін атаңыз» (Ораз, Тортай)
2. «Әңгімеде қандай кітап айтылады?» («Аласталған Алитет»)
3. «Ауыл қайда орналасқан?» (Салықсалғанның иығында)
4. «Тортай ақ боз атқа міне алды ма?» (жоқ)
5. «Әңгіме неліктен «Тортай мінер ақ боз ат...» деп аталған?» (Өйткені ақ боз атты Ораз емес Тортай мінуі керек еді.)
6. «Басқа балалардан Тортай несімен ерекшеленеді?» (Таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын)
7. «Тортайдың арманы қандай?» және т.б. (кітап жазып, жазушы болу)
8. Тортай қандай бала? Сенің ойыңша жағдайы болып оқығанда ол өскесін кім болар еді? (жуас, ақылды, білгіш, ауыз ашып тыңдар абыз, жетім, арманшыл, құлағының сәл мүкісі бар, жасқаншақ, т.б. Ол өскесін жазушы болар еді)
9. Ораштың орнында болсаң сен не істер едің? (Өз білгенін үйретіп, ауылға келген бетте, өзім кішірейіп бірінші болып оған кіріп шығар едім.)
10. Шығарманың сен үшін тәрбиелік мәні қандай болды? (қанша биік шыңға шықса да, түп –тамырыңды ұмытпа)
2-тапсырма «Тіл өнері» Экранда әңгімеден сөйлемдер жазылды, оқушылар оларды дұрыс толықтыруы, аяқтауы керек.
1. Менің жадымда тамаша сақталғаны: ол тас үңгірде, шөп төселген нардың үстінде жатып, оқыған кітаптары мен өзінің арман-қиялы туралы түн ортасы ауғанша айтқан күбір-күбір әңгімесінің еміс-еміс елесі ғана.
2. Тортай үйленбек болып ішкері жақтан жуастау бір қызға сөйлеседі. Сонда қыз: «Жеке басыңды қорламаймын, мен көндім, бірақ жаман-жақсы болса да әке-шешем бар, солардың ықыласынсыз кете алмаймын, өзің алдарынан өтіп қайт», деген екен.
3-тапсырма «Суретте, бейнеле». Әртүрлі синонимдердің, сөз құрылыстарының көмегімен балалар Тортай мен Оразға мінездеме берулері керек.
Ораз Тортай
Жанашыр дос, жасы кіші, молшылықта өмір сүрген бала, ар-ұяты бар, жомарт, т.б. жуас, ақылды, білгіш, ауыз ашып тыңдар абыз, жетім, арманшыл, құлағының сәл мүкісі бар, жасқаншақ, жасы үлкен, қойшы, т.б

4 -тапсырма. Балалар әңгімедегі фразелогизм, тұрақты сөз тіркестерін бір сөзбен ауыстырулары керек.
1. «Қой аузынан шөп алмас» ( жуас)
2. «Ит басына іркіт төгілу» (молшылық)
3. «Қыздың жиған жүгіндей» (сәнді, жинақы)
4. «Тақымы қотыр тайға тимеу» (ештеңеге қол жеткізбеу, кедейшілік).
5 -тапсырма. Әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндап, «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп Тортай ертегісін жалғастыру.

-Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сағынбекова Айзат Жақсылыққызына сөз беріледі.
-Жақсы нәтижесін тыңдадық, осымен келесі 3-бөлімімізге, яғни Оралхан Бөкейге арнау өлеңдерге кезек берейік.
Ортаға өлеңдерін жаттап келген оқушыларымызды шақырамыз.
(Гүлбану)
АЛТАЙ. ҚЫС. САҒЫНЫШ
I Аязына сүңгисің
Айдалада,
Жылылық бар онда бір ойламаған.
Тұмсығыңмен жұтасың,
Тұп-тұнық бір
Арқар иісі аңқиды айналаңнан.

Аяңымен ақ қырау арғымақтың,
Бедер түсіп жүзіне сан қыраттың.
Құсбегінің кешкі бір жүзіндей боп,
Батып бара жатады албырап күн.

Сезгендейін, жымыңдап түн жанары,
Балғын қыздың балтыры сыздағанын.
Жас қонаққа жаутаңдап,
Бейуақта,
Жалғыз үйдің кірпігі дір қағады.

Бір қиғылық сезімге жасап өтер,
Аяз ерні алдымен масаң етер.
Ай қылымсып ақ төсін аша беріп,
Бұлт үстіне бұраңдап жата кетер.
(Арайлым)
Не бір арман күзетте, не бір елес...
Шолпан туды, жас шопан жөніңе көш.
Ай мүйізді текеңді қасқыр жепті,
Түсіңдегі айдай қыз, тегін емес.

Ақ сүңгі етіп ажарлы қас-қабақты,
Алып қашсаң ақ түнде ақ тамақты.
Аппақ қарда жүйткіген ақ қояндай,
Пырағыңды ағызып ақ қанатты.

Жүзін өбіп таулардың таңғы ызғары,
Уысында ұлпадай балмұздағы.
Бұрымында күн нұры күміс шашып,
Бұлаңдайды бұзылмай сәнді ырғағы.
(Сандуғаш)
Бел астынан бір тіршілік білсем деп,
Мен де жортып, тау қолтығын тінтем кеп.
Ай мүйізін шайқап қашқан арқардай,
Бұлт қалқасын паналап жүр бүрсеңдеп.

Жолға бағыт бере алмайды бұл біздің,
Жүзін әбден суық сорған жұлдыздың.
Бейнесі де есімде жоқ дәл қазір,
Ұмыт болған жамалындай бір қыздың.

Жал-құйрығы сүңгі мұзға малынып,
Омыраулап тартады алға сәуірік.
Шоқылардан бөрі ұлиды аулақта,
Бөрі ұлиды тұмсығы айға шағылып.

Адастырмай әкеледі-ау түнгі өкпек,
Дәл сондағы күйге қалай тіл жетпек.
Балғын қыздың мені күткен деміндей,
Қар бетінде жүрген түтін дірдектеп. Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

Аспанның өңі қарайып...
(Еркегүл)
Жерінде Үнді елінің,
Жоғалып алтын сынығы –
кетірді көңіл сенімін,
Ажалдың ұзын құрығы.

өнердің шырқау көгінен,
қазақтың ағып жұлдызы –
көз жасын сүртіп жеңімен,
қасірет жұтты ұл-қызы.

Шейіт боп қапыл халқымның,
Бір туар қайран асылы –
Қарашаңырағына марқұмның
Тағтырдың түсті жасыны.

Мейірімін төкті соңғы рет,
Аспанның өңі қарайып –
«Оралхан Бөкей өлді!» – деп,
Айтамыз қалай, халайық?!

– Қисынсыз қыршын кетсе де
Қырқылжың кетер жол қайда?!
Қайғының қосын жеккенше,
Қаламым сынса болмай ма?.. Иран-Ғайып

ЕЛ – АНА СЕНІ ЕШҚАШАН ҰМЫТПАЙДЫ
(Айсұлу)
Жамылып қара бұлтын қасіреттің,
Үзілді ортамыздан қасиетті үн.
Ғұмырын соншалықты қысқа қылып,
Адалдық, адамдығын басым еттің.

Қиятын жан емес ең кісі өлімге,
Сені ойлап аза – қайғым күшеюде.
Тағдыр – ай, арманыңа жеткізбедің,
Қырық тоғыз, алып кеттің мүшелінде.

Тербеген құштар жүрек, сонар – таңы,
Үзілді шиырлатқан ән арқауы.
Ұшырған ақиығын шыңдарынан,
Алтайдың сөнді бүгін жанартауы. Марфуға Айтхожина

ЖҮЗІҢДЕ БІР МҰҢ ЖАТАТЫН
(Асель)
Сабырдың өзін көп сұрап,
Алланы да мезі еттік.
Көрмедік бірақ топшылап,
Мынадай сұмдық кезекті
Оралжан-ау, рас па,
Сенің де жоқ боп қалғаның.
«Ажалдың жөнін сұраспа», –
Деуші еді ескі шалдарым.

Аз жылда сенің жоғалтқан,
Аз ба еді жақын жандарың?
Енді кеп саған оқ атқан
Тағдырды қайтіп қарғармын?

Өзгеше біткен қазақтың,
Өнерпаз ұлы дара бір.
Жасадың ғұмыр аз-ақ күн,
Жасамай елу және бір.

Жаныма қатты батушы ед,
Көргенде суық бетіңді.
Жүзіңде бір мұң жатушы ед,
Қасіреттің мөрі секілді.
(Оксана)
Алтайдың сұлу таулары,
Орнынан бүгін аунады.
Жоғалтып күнін саудағы.
Маңыды марал, маңырады.

Маралдай сұлу жігіт ең,
Қараптан қарап сүйікті ең.
Табиғат-ана үмітті ең,
Айнымайтын сүйріктен. Ғафу Қайырбеков

БІРТУАР
(Гүлнәр)
Жанардан сорғалап жалғанға жаңбыр – мұң,
Өкіндік өртеніп, өксік жеп опындық...
Қайтейік,
сұп-суық сызығы сызылса Тағдырдың...
Жан, Аға!
Өлімнен қорқатын мынау бір әлемге,
Өлмейтін Сөзіңді қалдырдың!
(Ақмарал)
Ал, қазір біздің Жақ –
Биліктің қан-жынын ұртына тыққылап,
Қалғанын, мұртымен сүрткілеп жарысқан,
Ар өліп, тұншығып ұяттар,
сатқындар сатқынмен табысқан.
Сен айтқан: «Сейітқұлдар»* – «құрметті әкімдер»,
Сен айтқан: «Анаулар»* – «атақты данышпан».
(Зарина)
Біздің Жақ осындай,
Ішімнен жылаймын, ызамен күлемін,
Сен айтқан: «Бархандай»* қан құсып жүрегім,
Сен айтқан: «Ақтандай»* ашынып жүремін. Бауыржан Қарағызұлы
-Өте жақсы, енді балалар, Оралхан ағамыздың сүйіп тыңдаған әні болған екен. Соны бізге Бейсенова Гүлбану орындап берсе. «Бір бала» халық әні
(ән орындалады)
-«Өр едің, өр Алтайдай, тірегім ең,
Айрылды қазақ сендей түлегінен.
Өзінді қастерлеген туған елдің,
Жатарсың, орын алып жүрегінен».
-«Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандарың – қара өлеңнің сөзіндей,
Асқақ едің, нар едің –
Туған өлкең - өр Алтайдың өзіндей»
- «Жазушы Бөкеев – туған өлкесі - әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы!
-Осымен, «Алтайдың асыл жыршысы» атты іс-шарамыз аяқталды. Назарларыңызға рақмет!
-Сау болыңыздар!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«№4 Екібастұз кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»
Директордың ОТЖ бойынша орынбасары
_______ Е.А. Полуда

Үйірмеден өткізілген ашық сабақ әзірлемесінің тақырыбы:


Әзірлеп, өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы:
Ибраимова Ботагөз Қасенқызы

Екібастұз қаласы,
2012-2013 оқу жылы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«№4 Екібастұз кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі

«Келісілді» «Бекітемін»
ЦӘК жетекшісі Әдіскер_______
_______ М.Д. Буташева Б.Қ. Ақтамбердинова

Пәндік апталықта өткізілген ашық сабақ әзірлемесінің тақырыбы:


Әзірлеп, өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы:
Ибраимова Ботагөз Қасенқызы

Екібастұз қаласы,
2012-2013 оқу жылы

«Алтайдың асыл жыршысы» атты Оралхан Бөкеймен танысу кешінің анықтамасы

24.09.2012 жылы №4 Екібастұз кәсіптік лицейінде «Алтайдың асыл жыршысы» атты Оралхан Бөкеймен танысу кеші қызғылықты, тартысты өтті. Танысу кешін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ибраимова Ботагөз Қасенқызы өткізді. №14 топ оқушылары «Білімділер» мен «Тапқырлар» болып екі топқа бөлініп алып, өзара жарысты.
Кештің қонақтары аталған лицейдің оқу жұмысы бойынша орынбасары, әдіскері, ұстаздары, топ шебері,т.б. болды.
Кеште Сүгірбаева Ақмарал Оралхан Бөкей ғұмырнамасымен таныстырса, ал Бейсенова Гүлбану оның сүйікті әні «Бір баланы» шырқады. Көрермендердің назарына «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, /Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты слайд-шоу ұсынылды. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің желісімен 5 түрлі тапсырмалар беріліп, жарыс өткізілді.
1-тапсырма. «Тортай мінер ақ боз ат...» атты әңгіменің мәтінін білуге арналған. Онда әрбір топқа сауалдар берілген, мысалы: «Әңгіменің кейіпкерлерін атаңыз», «Әңгімеде қандай кітап айтылады?», «Ауыл қайда орналасқан?» , «Тортай ақ боз атқа міне алды ма?», «Әңгіме неліктен «Тортай мінер ақ боз ат...» деп аталған?» , «Басқа балалардан Тортай несімен ерекшеленеді?», және т.б.
2-тапсырма «Тіл өнері» Экранда әңгімеден сөйлемдер жазылды, оқушылар оларды дұрыс толықтыруы, аяқтауы керек.
3-тапсырма «Суретте, бейнеле». Әртүрлі синонимдердің, сөз құрылыстарының көмегімен балалар Тортай мен Оразға мінездеме берулері керек, олардың бейнелерін сөзбен салулары қажет.
4 -тапсырма. Балалар әңгімедегі фразелогизм, тұрақты сөз тіркестерін бір сөзбен ауыстырулары керек. Мысалы, «Қой аузынан шөп алмас» ( жуас), «Ит басына іркіт төгілу» (молшылық), «Қыздың жиған жүгіндей» (сәнді, жинақы), «Тақымы қотыр тайға тимеу» (ештеңеге қол жеткізбеу, кедейшілік).
5 -тапсырма. Әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндап, «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп Тортай ертегісін жалғастыру.
Жарыс соңында қазақ тілі мұғалімі қорытындысын шығарып, «Тапқырлар» тобы 1 ұпаймен алға шықты. Нәтижесінде оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«№4 Екібастұз кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі

«Келісілді» «Бекітемін»
ЦӘК жетекшісі Әдіскер_______
_______ М.Д. Буташева Б.Қ. Ақтамбердинова

«Тілдер аясында» өткізілген іс-шараның әзірлемесі


Әзірлеп, өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы:
Ибраимова Ботагөз Қасенқызы

Екібастұз қаласы,
2012-2013 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.