Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Алтын сақа» танымдық  ойыны -

«Алтын сақа» танымдық ойыны

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2360 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс ауданы
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі

«Алтын сақа» танымдық ойыны

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі желісімен.
(Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс)

Қазақ әдебиеті.
5 - сынып.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» танымдық ойыны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды ауыз әдебиетін оқуға ынталандыру, білім деңгейін арттыру.Ертегі желісіне сүйене отрып Кендебай бейнесін ашу.
Дамытушылық. Ой –өрісін кеңейту, сөйлеу тілін байыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аударту. Өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелік. Салт-дәстүрін, әдет – ғұрпын құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу. Өз еңбегін бағалай алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қоржын, асық, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, талдау, сипаттау.
Сабақтың түрі: “Алтын сақа” ойыны негізінде.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Алтын сақа» ойыны.
1.Табалдырық.
2. Әудемжер.
3.Қозыкөш.
4.Беласар.
5.Жолайрық.
6.Алтын көмбе.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Марапаттау.

Сабақтың жүру барысы:
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгінгі «Алтын сақа» танымдық ойынына хош келдіңіздер! Бүгінгі «Алтын сақа» ойынында Керқұла атты Кендебай ертегісі талданбақ.
(Ойын шарттарымен таныстыру)

1 – бөлім «Табалдырық»
Табалдырық кезеңінде жалпы 5 –сынып оқушыларына 4 сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап берген 4 оқушы «Алтын сақа» ойынын ойнау құқығына ие болып, ортаға шығады.
1-сұрақ: Ертегі дегеніміз не?
Жауап: ауыз әдебиетінің ең көне жанры.Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар.
2-сұрақ: Ертегінің белгілі бір авторы бола ма?
Жауап: жоқ болмайды , ертегілер хзалық ауыз әдебиетіне жатады. Ол халық аузынан тараған себепті белгілі авторы жоқ
3-сұрақ: Ертегілер қалай басталады?
Жауап: Ертегілер көбінесе қарасөз түрінде айтылады.Кейде өлең сөз түрінде кездеседі. Ертегілердің , әдете,басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты», т.б басталады.
4-сұрақ: Ертегілердің неше түрі бар?
Жауап: ертегілердің хайуанаттар турал, қиял-ғажайып, шыншыл, т.б түрлері бар.
(«Алтын сақа» ойыншылары белгілі болғаннан кейін, қоржыннан асық алынып ойыншылардың реттік саны белгіленеді)

2 – бөлім «Әудемжер»

Әудемжер кезеңінде 4 ойыншыға 4 сұрақ қойылады. Сұраққа жауап беріп ойыншылар Қозыкөшке өтеді.

1-сұрақ: Кендебайдың әке –шешесінің тұрмыс – тіршілігі қандай еді?
Жауап: Кендебайдың әкесі Қазанғап Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында құс ұстап, балық аулап күн кріп отырған кедей болған.
2-сұрақ: Кендебай қандай бала болып өседі?
Жауап: Кендебай ай сайын емес, күн сайын сіп, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болыпты.Күштілігі сон дай алысқанын алып ұрып, күрескеніні жыға беріпті.Шыңырау құдыққа құлаған аттарды жалғыз өзі тартып шығара беріпті.Аң аулап, құлан атып әкесіне жәрдем берген.Арқар,киік, құлан, маралдарды мая-мая үйіп Қарасудың бойындағы кедейлерге көмек беріпті.
3-сұрақ: Күндердің бір күні Кендебай аң аулап жүрсе Қаратудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Сол кезде Кендебай не істейді?
Жауап: Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып лақтырып жіберіп өлтіреді де, қасқырдың терісін сойып алады. Қасқыр жарғалы жатқан биенің қасына келсе, бие жанталасып өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымен биенің қарнын жарып, құлынын суырып алады.Оны үйіне апарып құланның сүтімен асырайды.
4-сұрақ: Кендебай аң аулап жүріп бір балаға кездеседі. Бала көзінің жасын көл қылып жылап отыр екен. Кендебай одан не үшін жылап отырғанын сұрайды. Бала не деп жауап береді?
Жауап: Баланың басы таз, киімі өрім- өрім екен.Ол «Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын!Мен Мергенбай деген батырдың жалғыз баласт едім.Қазір алтыға шықтым.Биыл елімізге жау тиіп жылқы атаулыны айдап кетті.Әкем алып ұйқылы батар еді. Ұзақ жортуылдан келгенде , алты күн қатарынан ұйықтайтын. Осы ұйқыда жатқан әкемді жау әскері бай лап әкетті. Әкеме арашаламақшы болван шешемді қайырымсыз жау атына өңгеріп әкетті. Мен жетім қалдым. Ішерге асым, киерге киімім болмаған соң, амалсыздан Тасқара байдың қозысын бағып жүрмін. Арыдым, тоздым, ернім жалақ, басым таз болды. Содан бері көзімде жас, көңілімде қайғы. Мен әке-шешеме жылаймын, бай жылқысына жылайды.»

(Сұраққа жауап бере алмаған немесе асығы бүк түскен ойыншы ойыннан шығарылады.Әр кезеңде осылай ойыншы азайып отырады.)

3 – бөлім “Қозы көш”

“Қозыкөш” кезеңінде асықтар иіріліп , конверттер таңдалады. Ендігі жерде 3 оқушы 3 сұраққа жауап береді.

1-сұрақ: Кендебай баланың әкесін іздеп жолға шыққанда Керқұла атқа тіл бітеді . Керқұла Кендебайға не айтады?
Жауап: Досым Кендебай, іздеген жоғың алыста емес, осы арада. Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көресің. Өзеннің ортасында бір арал бар. Сол аралда хан тұрады.Қойшы баланың әке-*шешесі сол ханның қолында.Олар терең зынданда жатыр. Зынданның аузы құлыптаулы.Таудың арғы беркейінде сиыр бағып отырған зор денелі бір адам бар.Ол – жорықта қолға түскен адам. Қазір ханның құлы. Сол адамға бар да, жолына жетерлік пұл бер. Оның киімін өзің ки де, оған өз киіміңді кигіз. Сөйтіп әлгі адамды азат ет те, өзің сиырды бағып қал. Қазір құйрығымнан бір тал қыл ал да, мені қоя бер. Сауыт-сайман, құрал – жабдықтарыңды менің үстіме сал.Әзірге саған менің де , құралдың да керегі жоқ. Егер керек бола галсам, құйрығымнан алған қылды тұтат.Сонда мен дайн болам ын. Ендігі әңгімені барған соң көрерсің, - дейді.
2-сұрақ: - Ой оңбаған – ау. Қырасың ғой малды. Күндегідей : «Аырылғырдың суы, айырыл» деп, неге айтпайсың? – деген кім?
Жауап: Судың арғы жиегінде тұрған ханның қызы.
3-сұрақ: Кендебай алтын құйрықты қолға қалай түсіреді?
Жауап: Ханның қара биесінің тоғызыншы құлындауын аңдып жатқан ханның балдары ұйықтап қалады. Ал Кендебай ұйықтамай күтеді. Бие таң біліне берген кезде алтын құйрықты құлын туады.Сол кезде аспаннан бір болт түйіліп ке леді де, туған биенің құлынын ала жөнелгенде Кендебай құлынның құйрығынан шап беріп ұстай алғанда құйрық жұлынып Кендебайдың қолында қалады.

Дұрыс жауап бермеген немесе асығы бүк түскен оқушы ойыннан шығады.

4- бөлім «Беласар»

“Беласар” кезеңінде қалған екі оқушыға сұрақ өздеріне ұнаған конверттер бойынша қойылады.

1-сұрақ: Хан Кендебайға қандай шарт айтады?
Жауап: Дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар.Осыларды өлтіріп бастарын алып кел.Осыны орындасаң батырыңды босатып беремін, - дейді.
2-сұрақ: Кендебай қолына шоқпарын алып кімге қарсы шығады?
Жауап: Кендебай қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың барлық шабысымен друге қарсы шаба жөнеледі.

Қате жауап берген бір оқушы ойыннан шығады.

5- бөлім “Жолайрық”
Жолайрықта қалған оқушыдан «Алтын көмбені» ойнау – ойнамайтындығын сұралады. Егер ойнамаса кезеңдерде жинаған асықтарының санына қарай 24 асыққа ие болады. Ал егер де ойыншы «Алтын көмбені» ойнап, сұраққа жауап бере алмаза да «Алтын көмбенің » сыйлығына ие болады.

6- бөлім «Алтын көмбе»

“Алтын көмбе” сұрағы - Керқұла атты Кендебай ертегісі қандай ертегілерге жатады?
Жауап: Қиял – ғажайып ертегісіне жатады.

Жеңімпаз марапатталынып сыйлықтар беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.