Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. -

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі.

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 349 | Просмотров: 1752 | Размер: 20.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Беспальконың сатылық тапсырмалары арқылы өлеңге талдау жасау.

Сабақтың формасы: Ұжымдық.

Пәнаралық байланыс: Саз өнерімен, тарихпен.

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, Қ.Аманжоловтың жыр жинағы. Видеопроектор. Карточкалар. Кестелер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап. Мәнерлеп оқу. Талдау. «Топтастыру» стратегиясы, «Ой қозғау» стратегиясы, Ойланып,пікір айту, хат жазу.

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу,танысу.

III. Жаңа сабақ.

Күн жады, сабақ тақтаға жазылып, сабақтың мақсаты таныстырылады. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша сұрақ қойылады.
1. Қасым Аманжоловты білеміз бе? Ол кім?
2. Төменгі сыныпта оының қандай өлеңімен таныстық?
(5-сыныптағы «Дауыл» өлеңі сұралады.)

Кіріспе сөз ретінде көрнекіліктерді пайдалана отырып, Қ.Аманжолов өмірі, шығармашылығы туралы түсіндіріледі. Естеліктер оқылады. (Осы кезде проектор арқылы слайдтар жүріп тұрады.






1-саты. Міндетті оқушы деңгейі. Ақынның өмір жолы, шығармашылығы
туралы әңгімелеген соң, өлеңді түгел мәнерлеп оқып беремін.
Сұрақ: Өлең не туралы?

2-саты. Алгоритмдік деңгей. Оқушыларға оқытып,қара сөзбен өз түсінгендерін сұраймын. (Өлеңнің екі шумағын оқушылармен қосылып әнімен айтамыз).

3-саты. Эвристикалық деңгей. Өлеңге талдау үшін карточкалар таратылады.

Ө тақырыбы:
З идеясы:
І лирикалық қаһарманы:
М шумақ саны:

Т 1 шумақтағы тармақ:
У бунағы:
Р ұйқасы:
А эпитет:
Л теңеу:
Ы метафора:

4-саты: Шығармашылық деңгей.
«Сен неткен бақытты едің,келер ұрпақ» тақырыбында ой бөлісу.
-Келер ұрпақ дегені кім?
-Қандай бақытты өмірді меңзейді?
-Ақын елестеткен ұрпақ ,мына сіздер, өздеріңізді бақытты сезінесіздер ме?
(көзді бір сәт жұмып ойланады.) Неге? (Өз ойлары тыңдалады)

«Сан қазақ сырласады өзіңменен,
Өлмепсің, өлтірмепті өлең сені!»
тақырыбында Қасым ақынға хат жазады.

IX Сабақты бекіту.
Біз Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңін оқыдық, талдадық.
(Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, проектордан көрсетіледі.)

Өр рухты Аудармашы
майдангер ақын

Журналист сыншы

драматург әнші, сазгер

2. «Өзім туралы» өлеңі не туралы?
Оқушылардың жауабы арқылы сабақты қорытындылау. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дарынды балаларға айтқан ғибратымен байланыстыру.

IV. Үйге тапсырма: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.Кестені толтыру.
(Суретімен қоса оқушыларға таратылады.)
3.Өздеріне ұнаған шумақтарын жаттау.

V. Оқушылар білімін бағалау.

Қадыр Толқын
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық
колледжінің оқытушысы
Маңғыстау облысы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.