.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы. Қазақ әдебиетін оқытуда Кембридж бағдарламасының тиімділігі
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 398 | Просмотров: 1801 | Размер: 28.6 Kb | Автор: ТәрбиеМақтарал ауданы.
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы
орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Махымова Гульжаухар Бейсембаевна
Қазақ әдебиетін оқытуда Кембридж бағдарламасының тиімділігі
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
(Абай).
Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында, оқушыларға тиімді сабақ барысын ұйымдастыра білетін, жаңашыл ұстаз болу - менің басты мақсатым. Сондықтан педагогтік біліктілігімді Кембридж бағдарламасын меңгеру арқылы арттырдым. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - мұғалімдерді оқушылардың өз бетімен ізденіп, білім алып, өзін-өзі реттеп, диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиелеп, елімізге өз үлесін қосатын ұлт перзентін қалыптастыру. Бағдарламадағы жеті модульдер оқушының білім сапасының артуына аса тиімді екенін түсіндім. Өйткені мектептегі іс-тәжірибемде жеті модульдерді пайдалана отырып, оқушының бойындағы метатанымдық қабілетін, сыни тұрғысынан ойлау қабілеті мен диалогтік қарым-қатынасының қалыптасқандығын зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы байқадым. Оқушыларды топқа бөліп, сыни тұрғысынан ойлану тапсырмаларын бергенімде, бір-бірлеріне өз пікірлерін білдіріп, ынтымақтастықпен бір-бірін тыңдап, дұрыс шешім қабылдап, өздерінің алға қойған мақсатына қалай жету керектігін түсінді.
Өйткені үйрену енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, өз тобының мүшелерімен талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оқушының ойы ашылады, тіл байлығы артады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Мұғалім мен оқушы бірі-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, еркін сөйлесіп, сыныптастарымен пікірлерін бөлісіп, тыңдауға, құрметтеуге, проблемалық шешімдердің жолдары мен сыни тұрғысынан ойлана отырып ізденуге қалыптастыратын бағдарлама екенін түсіндім.
Осы бағдарламаны өз тәжірибемде қолданғанда оқушылардың бойындағы таланттылық пен дарындылық қабілеттерінің бар екенін байқадым.
Қорыта келгенде, еліміздің болашағы - жастар. Педагог қызметкерлер білім беруде негізгі тұлға болғандықтан, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланың білімін арттыруы қажет. Мұғалім мен оқушы арасында диалогтік қарым-қатынас орнатылса, сабақта сыни тұрғысынан ойландырылатын тапсырмалар берілсе, жаңа әдіс-тәсілдер көбірек қолданылса, нұр үстіне нұр болар еді. «Асыл-тастан, ақыл жастан» демекші, баланың білім алуына жеті модульді қолдана отырып, алдағы уақытта өз іс-тәжірибемде жүзеге асырамын деген ниеттемін.
Жеті модульдер туралы түсінік.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер деп аталады. Бұл модульге барлық жаңа тәсілдер кіреді. Бірақ осы тәсілдердің ішіндегі «Диологтік оқыту» мен «Қалай оқыту керектігін үйретуді » ғана қарстырады, өйткені бұл тәсілер сындарлы оқытумен тығыз байланысты. Диолог арқылы оқытуда балалар өзара бір-бірі мен пікірлеседі, ой бөліседі, сұхбаттасады, мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болады. Выготскийдің, Мерсер мен Литлон өздерінің ғылыми зерттеуі барысында диалогтік оқыту оқушылардың сабаққа беген қызығушылағын арттырып қана қоймай, сонымен қатар білім деңгейін артатынын, балалар бір-бірімен бірлесе жұмыс істесе, олардың ойлау қабілеті, білім сапасы, конгнетивті дамуына өз әсерін тигізетінін айттым.
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі 1,3,5,6 модульдерімен тығыз байланысты. Оқушылар басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой електерінен өткізе білу қабілеті болып саналады.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Баға формативтік және жиынтық болып екіге бөлінеді. Екі бағалау тәсілінің айырмашылығы 1960 жылдары анықталған. Оқушылардың оқуына ықпал ету үшін қойылатын баға формативтік баға немесе оқыту үшін бағалау деп аталады. Бұл баға оқушының оқу мүмкіндігін арттырады. Жиынтық бағалау оқушының да, мұғалімнің де, мектептің де мәртебесін көтеруге тиімді.
4.Білім алу ордаларында, білім алушыға сапалы білім беру мақсатында АКТ-ны пайдалану өте тиімді болып саналады. Мұғалім өзінің іс-тәжірибесінде АКТ-ны тиімді падалана білсе өзінің білім үдерісінде алға қойған мақсатына жетеді деген ойдамын. Жаһандану заманында АКТ-ны пайдалана алмау мүмкін емес жағдай. Сондықтан да ұстаз өз маманының шебер ұстасы болуы керек. Сабақ үдерісінде АКТ-ны пайдалана отырып өтіп, үйге тапсырма берерде іздендіру мақсатында интернеттен деректер жинауды тапсыру керек. Оқушылардың өздері іздеп тапқан деректерін өздері түсіне оқып шықса, есінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. АКТ мұғалімге де, оқушыға да өз білімін жетілдіруге, білмегенін үйреніп білуге, іздендіруге және жұмыс істеуге қолайлы технологиялардың бірі болып есептеледі.
5. Таланты және дарынды балаларды оқыту.
Барлық мұғалімдер оқушылардың барлығына дарынды және талантты болуына ықпал жасайды. Кейбір оқушылар музыка, биге, өнерге, спортқа бейім болады да, басқа пәндерде келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Ал дарынды оқушылар бір пәнге немесе шығармашылық қабілеті жоғары деңгейде болады. Адамның бойында мұндай дарындылық пен талант болу үшін мақсат, ынта, қызығушылық , белсенді әрекеттер қажет деп ойлаймын. Осы қасиеттер болған жағдайда бала өз деңгейін арттыра алады.
6.Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу. Конгнетивті даму дегеніміз- оқушылардың ойлау қабілеті мен кез келген проблемаларды өз бетімен шешіп, шешім қабылдайтын қабілеттілікті айтамыз.
Бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқытумен тығыз байланысты. Түрлі мекендерде кездесетін әртүрлі жастағы балаларды оқытуда олардың ойлау деңгейіне сәйкес тапсырмаларды беруіміз керек.
7. Оқытуда басқару мен көшбасшылық. Мұғалім сабақ үдерісінде көшбасшы бола білу керек. Ол өзінің тәжірибесі мен шеберлігіне байланысты сабағын түрлендіріп, өзгертіп отырады. Сондықтан да бұл модуль өз алдына жеке модуль ретінде қалыптасқан. Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлана отырып оқушылардың білімін арттырып, сырттай бақылап, бағалайды. Бұл модуль «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулімен тығыз байланысты. Мұғалім де, оқушы да сыни тұрғыдан ойлауына өз септігін тигізетінін түсіндім.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.