Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ халқының ән өнері -

Қазақ халқының ән өнері

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 275 | Просмотров: 1804 | Размер: 97.6 Kb | Автор: Тәрбие
. М.Әуезов атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:

Сынып: 7 орыс
Пән мұғалімі: Райгүл МҰҚАШЕВА
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ақжар ауылы

Грамматикалық тақырыбы: Есімше
Лексикалық тақырып: Қазақ халқының ән өнері.
Сабақтың эпиграфы:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.
Абай
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды есімшенің түрлерімен таныстыру, жасалу жолы жайлы түсінік беру, жұрнақтарымен таныстыру.
2) Білімдік дағдыларын дамыта отырып, тіл байлықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.
3) Қазақ халқының ән өнерін дәріптей отырып, ұлттық ән-күй өнерін білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс: ән сабағы, тарих.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, портреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:
1. Оқушылардың көңіл-күйлерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру, өтілген тақырыпқа шолу.

ІІ. Жаңа тақырып.
1. «Ой тастау» әдісі арқылы жаңа сабаққа кіру.
(Аудио жазба арқылы мәтінді тыңдату)

2. «INSERT» стратегиясы бойынша мәтінді оқу (оқулықпен жұмыс).
Ү
білемін +
Жаңа білім -
Түсініксіз ?
Сұрақ



3. Тірек сызбамен жұмыс.
Е С І М Ш Е
ш а қ

өткен келер осы
- ған - ар - шы
- ген - ер - ші
- қан - р
- кен - е

Е С І М Ш Е Н І Ң Т Ү Р Л Е Р І

Дағдылы Мақсат
- атын - мақ
- етін - мек
- ушы - бақ
- уші - бек
- пақ
- пек

ІІІ. Бекіту жұмыстары.
1. Тапсырмаларды орындау:
А) Екі топқа «жарнама» әзірлету. (Есімшелерді қолдана отырып)
І топ ІІ топ
өткен шақ келер шақ
Айтқан, әндеткен. Әндетер, ән салар.
Берілген есімдерді жіктеу, септеу.
Ә) Төмендегі сөздерден әр түрлі сөз тіркестерін құрастыру:
Музыка, сезім, рухани, ән, жыр, өшпес, актер, әнші.

2. « Ромашка» сұрақтарына жауап беру:
А) Өмірлеріңді музыка қандай рөл атқарады?
Ә) Музыканы ұнатасыңдар ма? Неге?
Б) Қандай композиторларды білесіңдер?
В) Ән, күй өнері өмірде болмаса не болар еді?
Г) Ән мен күйде ұқсастық бар мА? Қандай?
Д) Ән өнерін білу керек пе? Неліктен?
3. «Ортада қалам» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
(Ортаға әр түрлі қаламдар тасталып, оқушы ұнаған қаламынның түсіне байланысты сұрақтарға жауап береді, даналық сөздердің мағынасын ашады)
1. Ата өнері – балаға мұра.
2. Жігітке жеті өнер де аз,
Жетпіс өнер көп емес.
3. Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шама болар.
4. Өнерлінің өрісі кең.
5. Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Үй тапсырмасын беру.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.