.
.
Қысқа мерзімді жоспар Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері. Әйтеке би Байбекұлы
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5027 | Размер: | Автор: ТәрбиеСыныбы 9..Ә,,
Пәні қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері. Әйтеке би Байбекұлы
Сабақтың мақсаты Әйтеке би Байбекұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік.
Ойлау, ойлана білу дағдыларын арттыру
Оқу нәтижелері\
Табыс критерийлері Б. Әйтеке би Байбекұлының қоғам өміріндегі рөлін біледі.
Т. Шешендік сөздерінің мазмұнын түсінеді.
Қ. Өзіндік ой-тұжырым жасайды.
Т. Шығармаларының бүгінгі күндегі өзектілігін тізбектейді.
Ж. Шығармашылық пікірін атап өтеді
Б. Көркем әдебиеттен басқа сөз үлгілерін тауып оқиды
Белсенді оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Топтық жұмыс, ,, Өкіл ,, әдісі, ,,Ойлан-жұптас-бөліс,,
Сабақтың кезеңдері 1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Топтық жұмыс
4. ,,Өкіл, әдісі негізіндегі жұмыс
5. ,,Ойлан- жұптас-бөліс,,
6. Рефлекция ,,Не жақсы,,
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі Дене қимылдарына арналған сергіту жаттығуы. Геометриялық фигураларды құрастыру арқылы топқа бөлу
2.Үй тапсырмасын сұрау. Қазыбек бидің көркем әднбиеттен шешендік сөз үлгілерін оқу тапсырылған
3 ,Әйтек би Байбекұлының өмірі мен шығармашылық жолына арналған презентациямен таныстыру
4. Топтық жұмыс . І топ, ІІ топ ,,Әйтекенің тапқырлығы, шешендік сөзі туралы
ІІІ топ, ІҮ топ ,,Ормамбет биге айтыпты,, шешендігі туралы топта оқып, талқылайды.
5.,,Өкіл,, әдісі арқылы топтар тапсырманы орындап болғаннан кейін топтың бір адама ,,өкіл,, болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіреді. Бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады.Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді
5. ,,Ойлан-жұптас-бөліс,,әдісі . Арнайы тапсырмалар беріледі. Оқушылар ойланып жеке жауап жазады. Енді жұптарға бірігіп ең үздік деген жауаптарын біріктіреді. Жұптар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі
Тапсырмалар
1.Төле,Қазыбек, Әйтеке сынды қазақтың атақты би-шешендерінің нақыл сөздерінің пайдасы. Ойларыңды дәлелдеңдер.
2. Төле,Қазыбек, Әйтеке сынды қазақтың атақты би-шешендерінің нақыл сөздерінің қазіргі кездегі өзектілігі.Ойларыңды дәлелдеңдер
3.Тәуке хан
Төле бы, Ер Қазыбек, тілді Әйтеке,
Асқар тау Қазығұрттай білімді еді.
Бірі күн,бірі туған айдай болып,
Заманға сәйкесімен келіп еді,- деген сөздері туралы ойларыңды ортаға салыңдар.Сендер қандай пікір қосар едіңдер
4. Билердің қатысуымен дүниеге келген ,,Жеті жарғы,, заңының маңызы туралы айтып беріңдер.
6.Рефлекция ,,Не жақсы,,
7.Үйге тапсырма. Көркем әдебиеттен басқа нұсқаларын тауып оқу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.