.
.
Қазақ тілі мен әдебиетті оқытуда диалогтік қарым-қатынастың тиімділігі Қазақ тілі мен әдебиетті оқытуда диалогтік қарым-қатынастың тиімділігі
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2554 | Размер: | Автор: Тәрбие«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді,
ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»
(А. Дистверг)
Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ барысын ұйымдастыра білетін жаңашыл ұстаз болу – барша мұғалімдердің басты мақсаты деп білемін. Сабақ қызықты да мазмұнды болып өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Егер де мұғалім күнделікті өтілетін сабағын өз дәрежесінде өткісі келсе, жаңа заманның талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен тиімді қолдана алуы шарт. Сонда ғана оқушы сапалы білім алып, өз бетімен ізденіп, диалогтік қарым-қатынас арқылы өзін-өзі реттеп, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы түрде тәрбиеленіп, елімізге өз үлесін қосатын ұлт перзенті болып қалыптасып шығады.
Кембридж бағдарламасын мектептегі іс-тәжірибемде пайдалана отырып, оқушының бойындағы метатанымдық қабілетін, сыни тұрғысынан ойлау қабілеті мен диалогтік қарым-қатынасының қалыптасқандығын зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы анықтадым. Оқушыларды топқа бөліп, сыни тұрғысынан ойлануына сұрақтар мен тапсырмалар бергенімде, бір-бірлеріне өз пікірлерін білдіріп, ынтымақтастықпен бір-бірін тыңдап, дұрыс шешім қабылдап, өздерінің алға қойған мақсатына қалай жету керектігін түсініп, үлгермеуші оқушылар өздерінің білмеген жерлерін келесі оқушы арқылы біліп отыратынын байқадым. Сабақта диалогтік қарым-қатынас орнатылса білім сапасы артып, оқушылардың білімге деген қызығушылығы оянады.
Тақырыптың өзектілігі:
• Мектептегі дәстүрлі сабақтардың балаларды жалықтыруы;
• Оқушылардың тіл байлықтарының төмендігінен ойларын анық жеткізе алмауы;
• Қазіргі техника заманы дамыған кезеңде, оқушылар интернетті пайдалана білген імен, сыни тұрғыдан ойлана алмауы;
• Жұппен, топпен жұмыс істей алмауы;
• Оқушылардың кез-келген туындаған проблемалардың шешімін таба алмауы;
Мақсаты:
А) Оқушылардың сабақта диалогтік қарым-қатынасты орната отырып білім сапасының артуы мен ойлау қабілеттерінің даму жолдарын анықтау;
В) Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың диалогтік қарым-қатынасын орнатып, білімге деген құштарлығын, ізденімпаздық қабілеттерін, тіл байлығын, ой-өрісін, ынтасын дамыту;
Міндеттері:
А) Диалог арқылы оқытуда сыни көзқарасы қалыптасқан, терең ойлы, сөзге шешен тұлғаны қалыптастыру;
В) Кез-келген жерде диалогтік қарым-қатынасты орнатып, өз ойын еркін жеткізе алатын және алған білімін алдағы уақытта пайдаланатын білімді, парасатты, алғыр, Отанды сүйе білетін оқушыны тәрбиелеу;
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында диалог арқылы оқытудың басты ерекшеліктеріне, қолданылу жолдарына тоқталмақпын. Бұрынғы өткізіліп жүрген дәстүрлі сабақтар мен қазіргі жаңа әдістердің негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым.
Дәстүрлі сабақтар үрдісінде:
Мұғалімнің әдістері.
1. Жаңа тақырып бойынша ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып түсіндіреді, шығармадағы кейіпкерлерді талдайды.
2. Оқушылармен бірге шығарманың идеясын анықтайды.
3. Қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіреді.
4. Мұғалім көп сөйлеп, оқушы аз сөйлейді.
5. Оқушы өзінің ойын еркін жеткізе алмайды.
Диалог арқылы оқыту әдісі бойынша өткізілген сабақтардағы
өзгерістер мен нәтижесі.
1. Оқушылар өзара сұхбаттасады, ойын дамытып келесі оқушымен ой бөліседі.
2. Мұғалім мен оқушы арасында көпірше орнатылады.
3. Оқушы өзінің ойын жинақтап, тұжырымдай алады, білімі жоғарылайды.
4. Әдеби шығармадағы кейіпкерлерді талдап, сөздік қорлары молаяды.
5. Берілген сұрақтар толық жауап беруге, еркін сөйлеуге әрекеттенеді.
6. Оқушының сөйлеу шеберлігі мен мәдениеті, ізденімпаздылығы, топта өзін ұстау қабілеті жақсарады.
7. Білімге деген көзқарасы қалыптасып, қызығушылығы мен талпынысы артады.
8. Топта сыныптастарын бар назарымен тыңдап, өзінің жауабымен салыстыра отырып түйінді ой немесе пікір айтуға дағдыланады.
9. Берілген тапсырмаларды шешуде қиынға соққан сұрақтарды бірлесе отырып шешуіне үлкен ықпалын тигізеді.
10. Диалог арқылы оқушылар бір-бірлерінен үйренуіне жағдай жасалады. Мұғалім аз сөйлеп, оқушы өз ойын еркін жеткізеді.
Диалог арқылы оқыту үй тапсырмасын сұраған кезде де, жаңа сабақтың мағынаны тану кезеңінде де, үй тапсырмасын қортындылаған кезде де өте тиімді екенін зерттеу барысында анықтадым. Диалог арқылы білім алуда үлкен жетістікке жететінін бірнеше ғалымдар зерттеу барысында анықтаған. Мысалы: ағылшын елінің ғалымы Барнс сыныпта тіл қаншалықты көбірек қолданылса, оқушылардың білім сапасы соншалықты артатындығын, мұғалімдерді тек қана тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау, дәлелдеу барысында жүзеге асатындығын айтып өткен. Ал Александр білім берудегі қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты жүргенде оқушының білімі жоғарылайтынын айтқан.
Выготский ЖАДА арқылы бір-бірлеріне көмек бергенде, көпіршелер құрылғанда, оқушының білімі артатынын, алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін оларды қолдап, бағыт-бағдар беріп мадақтап отыру керектігін айтқан.
Бахтин, Велс, Вуд, сияқты зерттеушілер айтқандай сабақта оқушылар берілген сұрақтарға, тапсырмаларға диалогтік қарым-қатынас орнату арқылы жауап бере алатынын айтса, ал Александердің зерттеуі бойынша сыныптағы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеті артуы үшін, диалогтік қарым-қатынас орнату керек екендігін айтқан. Александер өзінің зерттеу жұмысында диалогтің механикалық есте сақтау, декламация, нұсқаулық, талқылау сияқты түрлерін атап өткен. Диалог арқылы оқытуда балалар өзара бір-бірімен пікірлеседі, ой бөліседі, сұхбаттасады, мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болады.
Выготскийдің, Мерсер мен Литлон өздерінің ғылыми зерттеуі барысында диалогтік оқыту оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар білім деңгейі жоғарылайтынын, балалар бір-бірімен бірлесе жұмыс істесе, олардың ойлау қабілеті, білім сапасы, конгнетивті дамуына өз әсерін тигізетінін анықтаған.
Ал Мерсер сыныптағы талқылауда диалогтік әңгіменің үш түрін зерттеген. Олар: пікірталастық әңгіме, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Осы аталған әңгіменің ішіндегі ең маңыздысы, яғни оқушының сыни тұрғысынан ойлануына оң ықпалын тигізетіні зерттеушілік әңгімесі болып саналатынын ерекше атап өткен. Осы зерттеушілік әңгімені өз сабақтарымда жиі қолданамын. Зерттеушілік әңгімені құру мақсатында
6-сынып оқушыларына үй тапсырмасы ретінде Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен «Менің атым Қожа» повесін тереңінен зерттеп келуді тапсырма ретінде бердім. Тапсырмаларға сәйкес қосымша материалдарды интернет желісінен ала алатынын ескерттім. Оқушыларға зерттеу жұмысын бергендегі мақсатым, сыни көзқарасын қалыптастырып, олардың зерттеушілік қабілеттерін анықтау болатын. Келесі сабағымда үй тапсырмасын сұрағанымда, ізденіп келген жұмыстарын топта диалогтік қарым-қатынасты орната отырып алдымен жұптасып, кейін топтасып талқылап постер жасады. Топтың спикері өздерінің постерін қорғап шықты. «Қыран» тобының спикері Төлбас Аяжан ақынның алыстан арбалап материал тасымайтынын, тек ғана өзі туралы жазатынын, Қожаның мінез құлқы өзгеге емес өзіне ұқсайтынын айтып өтті. Әрі ақын, әрі балалар жазушы Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқұл ауданында, Қостөбе ауылында дүниеге келгендігін, ата-анасынан ерте айрылғанын, қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленгенін, 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шыққанын, балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Гауһар», «Чемпион», «Алыстағы ауылда», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар?» повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романын, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазғанын, «Қазақ фильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілгенін де айтып түсіндірді. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітіргеннен соң, бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етіп, «Қазақ фильм» кино студиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарғанын, өзінің сценариі бойынша 1967 жылы қойылған «Менің атым Қожа» киносы Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болғанын айтып өтті. Ал «Қарлығаш» тобының спикері Құдайқұл Ақмарал өздерінің топ мүшелерімен «Менің атым Қожа» киносын зерттеп келгенін айтып өтті. «Менің атым Қожа» киносының режиссері Абдолла Қарсақбаев, сценарийін құраған Б. Соқпақбаев пен Н. Зелеранский болса, сазгер Нұрғиса Тілендиев екенін айтып өтті. Ал кинодағы кейіпкерлерге келсек, Қожаның ролін сомдаған Нұрлан Сегізбаев, Сұлтан - М. Көкенов, Жанар - Г. Қурабаева, Жантас - Е.Құрмашев, Миллат (Қожаның шешесі) - Б. Римова, Рахманов - Қ. Қожабеков, Майқанова - Р. Мухамедьярова, Қожаның әжесі - З. Құрманбаевалар ойдағыдай өз рөльдерін сомдап, ойнап шыққанын айтып берді. Фильмде мектепке аты шулы болған "сотқар" Қожа бар ынтасын салып жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген үйлеріне келіп жүретін Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызықты оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы Қожа әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала екенін де Ақмарал жасырмады. Ақмарал флипчартқа салынған күн, шаңырақ, көгершін, гүл мен компьютердің салу себептерін түсіндіріп өтті. Джин Раддок айтып өткендей оқушы үніне, ішкі жан-дүниесіне тереңінен үңіле назар аудару қажет деп ойлаймын. Асыл сөз ой түбінде жатса, асыл тас су түбінде жататынын біздер жақсы білеміз. Сабақ барысында оқушыға бағыт-бағдар беріп қана отырмай, олармен тең дәрежеде пікір алмасуымыз керек. Жан Пиаже айтқандай олардың ойлау қабілеті ересектерден кем емес екенін байқадым. Және де бес жолды өлең құрастыруда оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық қабілеті қалыптасты. Оқушылардың топта диалогті құра отырып сөзге шешендігі, өзін-өзі реттеп ұстай білуі, флипчартқа салынған суреттер мен жазбаларын айтып жеткізулері өте жақсы. Олардың бойында Флейвель зерттегендей метатанымдық қабілеттерінің барын білдім.
Психолог Жан Пиаже когнитивті дамуды зерттеген кезде, бала өз бетінше айналадағы заттарды зерттеу арқылы дамитынын айтқан. Яғни бала зерттеу жұмыстарын өз бетінше көбірек жүргізсе, өзінің іздеп тапқан материалы есінде мәңгі сақталатынын түсіндім. Сонда оқушыларды сырттай бақылап отырғанымда, олар бір-бірімен ынтымақтасып, диалогтік қарым-қатынасты жүргізе отырып жұмыс жасады. Сабақтың барысында қызығушылығы төмен оқушыларға түрткі сұрақтарды қойып отырдым.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында топта диалогты орната отырып венн диаграммалар мен сөзжұмбақтарды шешу, кез-келген проблемалық сұрақтарды шешу, талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализдеп, синтездеп келесі топтардың жауаптарын бағалай алуы балаларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, жүйелі білім алуға жетелейді. Қожа туралы үш топтың оқушылары сахналық көріністі жоғары деңгейде көрсете білді. Оқушылардың бойында таланттылық қасиеттері мен актерлік шеберліктерінің бар екенін де байқадым.
Қорыта келгенде, мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында диалогтік қарым-қатынас орнатылса, сабақта сыни тұрғысынан ойландырылатын тапсырмалар берілсе, жаңа әдіс-тәсілдер көбірек қолданылса сабақ өз дәрежесінде өтіледі. «Асыл-тастан, ақыл жастан» демекші, еліміздің болашақ жастарының білім алуына жаңа әдістерді кеңірек қолданып, білім нәрімен сусындатып, саналы азамат етіп шығарамын деген ниеттемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. «Қазақ әдебиеті» әдістемелік журналы
3. «Мектеп» журналы №1. 2014 ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.