.
.
Қазақ әдебиеті 7-сынып 12.10.13ж Қазақтың билері.
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 308 | Просмотров: 1619 | Размер: 20.0 Kb | Автор: ТәрбиеТақырыбы: Қазақтың билері.
Мақсаты: Қазақтың билері туралы мағұлмат беру.
1. Би дегеніміз кім? Үш бидің қоғамдағы тарихтағы орны біліп, билер бойындағы дара қасиеттерді меңгеру.
2. Оқушылардың ойлау, ізденімпаздық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
3. Отанымызды, туған жерді қорғаған, елім деп өткен билерді дәріптеуге, тарихымызды құрметтеуге, шешен тапқыр сөилеуге тәрбиелеу.
Көренкілігі:
Үш би суреті, әдеби кітаптар, нақыл сөздер, альбом, оқушы шығармашылығы, трек сызба, буклет, баспа сөз материалдары.
Жүру барысы:
Кіріспе: Оқушылар бүгін «Қазақтың билері» атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Ашық тәрбие сағатымызды бастамас бұрын қазан айындағы тәрбие сағатының мазмұнымен таныстырып өтейін.
1. Ұлттық тәрбие
2. Патриоттық тәрбие
3. Руханыи адамгершілік тәрбие
Міне соның бірі бүгінгі күні «Қазақтың билері» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жарялаймыз.
Иә сол бір ХҮІІ ғасырдағы жан – жақты жау анталап, іргеден қиқу кетпей тұрған тұста қүллі ұлтты түгел ұйытып, ұлан – байтақ жерімізді қорғап сақтап қалған батырларымыздың алдында бәріміз бас иеміз
Ең алдымен би деген сөзге келейік. Би – ол майда сөздің мақпалы, сара сөздің саңылағы, бірде астарлап, бірде мысқылдап, сүйекке жеткізіп, мақтамен мауыздап, қажет жерінде қара тасты қақ айырып түсерлік семсерден бетер отауызды орақ тілді, ойы ұшқыр сөз зергер. ХҮІІ ғасырдағы сол бір жан- жақтан жау анталап, іргеден қиқу кетпей тұрған тұста күллі ұлтты ұйытып, ұйымшылдыққа бастаған рухани ізденіске мұрындық болған кімдер еді? Сондай даналардың ішінде дәуірдің үш кеменгері деп танылған. Әлібекұлы Төле бидің, Келдібекұлы Қазыбек бидің, Бәйбекұлы Әйтеке бидің орны бөлек. Барша қазақ баласы аттарын ардақтап айтқандарын жаттаған осы үш бабамыздың ел алдындағы еңбегін халық қамын жеген қаситетті ісіне сөз жеткізіп баға беру қиын – ақ. Үш данагөйдің өнегелі өмірі, ел қамын жеген адал еңбегі топ бастаған көсемдегі от ауызды, орақ тілді шешендігін, мүлтіксіз әділдігі жөніндегі айтар әңгіме аз емес. Осынау асыл- мұра билер сөзі кім – кімді де таңдандырмай, тамсандырмай қоймайды.
1. Топқа бөлу: Төле би, Қазыбек би.
2. Сұрақ – жауап
3. Ой толғаныс
4. Нақыл сөздер
5. Мақал – мәтел
6. Түртіп алу
І. Топ жетекшілері топ аттарымен және ұрандарымен таныстырады.
1-топ Төле би тобы
Ұраны: Халқына әділ бол
Жауыңа қатал бол
Досыңа адал бол
2-топ Қазыбек би тобы
Ұраны: Ашу дұшпан, ақыл дос
Ақылыңа ақыл қос
Топ жетекшілері Төле би, Қазыбек би, туралы түсіндіріп өтеді.
ІІ. Сұрақ – жауап
1. Батыр дегеніміз кім? «Халық қорғаны»
2. Қазақтың қандай батырларын білесіңдер?
(Қабанбай, Бөгенбай, Амангелді, Махамбет пен Жақия, Ақжолтай т.б.)
Батырлар туралы сөз жұмбақ шешу арқылы жалғастырамыз.
Қабанбай батыр Ағыбай батыр Ақтан батыр
ІІІ. Ой толғаныс
Бұхар жыраудың қазақ билеріне арнап шығарған өлеңдерінен үзінді.
1. Би дегеніміз кім?
2. Қазақ билерінін кімдерді білесіңдер?
3.Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің қазақтың басқа бейлерінен ерекшелігі?
ІҮ. Нақыл сөздер Ер есімі ел есінде
Төле би тобы
1. Туған жердей жер болмас 2. Отан елдің анасы
Туған елдей ел болмас Ел – ердің анасы
3. Бауыржан момышұлы «Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік-жігіттің қасиеті»
Қазыбек би тобы
1. Батыр жауда сыналады
Жуас жайда сыналады
2.Батыр туса — ел ырысы
3. В. С.Сухомлинкий «Ер жүрек адамды оққа байлауға да, оққа айдауға да болады»
4. Батылдықты айт, ерлікті айт
Батырлықты айт, бірлікті айт
Ү. Мақал-мәтелдер
Тәлім тәрбие туралы.
1. Біліп тұрсаң да, сұрап ал
2. Сыйласаң сыйымды боларсың
3. Ашу- дұшпан, ақыл – дос, Ақылыңа ақыл қос
4. Сумен ойнама, батарсың Отпен ойнама, күйерсің
5. Өзін-өзі мақтаған-өліммен тең
6. Сіз деген – сыпайылық Сен деген – анайылық
Ынтымақ бірлік туралы
1. Ырыс алды — ынтымақ
2. Баланың жақсысы – қызық, жаманы — күйік
3. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады
4. Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала
5.Ынтымақ түбі — бірлік
6.Ынтымақ істі бітірер
7.Бірлік болмай, тірлік болмас
ҮІ. Қызығушылығын ояту «Түртіп алу» стратегиясы
Қортынды:
Не білдім?
Қазақтың билері өмірі мен таныса отырып, олардың елге, Отанға деген махабаты, ел намысын қорғайтын билер мен батырлар туралы білдім.
Не үйрендім?
Елді, жерді, халықты сүюді, батырлықты, адалдықты, бауырмалдықты, адал сезімді қадірлеуді үйрендім.
Не үйрену керек?
Қорқақтықты жойып, ержүректілікке, батырлыққа шындалу үйрену керек:
Үй тапсырмасын беру: Үш би туралы оқып келу. Төле бидің ел аузында мақал боп кеткениданалық сөздерін жазып келу.
Бағалау:
№ Оқушының аты- жөні Өзін- өзі бағалау Топ басшысының бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға
.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.