.
.
Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жырау. 9-сынып Қазтуған жырау
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 350 | Просмотров: 2459 | Размер: 36.5 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: а) Білімділік:оқушыларға ХҮ ғасырдың жырауы Қазтуған Сүйінішұлы туралы, оның толғаулары кейінгі ұрпаққа жеткен мұралары туралы толық мағлұмат беру. ә)Тәрбиелік: жырау өлеңдерін, толғауларын оқыта отырып, оқушыларды ата мекенін, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Адалдыққа, ойлылыққа, табиғатты аялай сүюге үйрету. б)Дамытушылық: өтілген материалдарды тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.
Көрнекілігі: Қазтуғанның портреті, Бес ғасыр жырлайды. І том.
Интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ақтамберді Сарыұлы туралы не білесіңдер?
2. Ақтамберді толғауларының басты тақырыптары.
3. Ақынның алдына қойған арманын танытатын шығармасы «Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңінен жаттағандарын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ. 1 .Қ. Сүйінішұлының туып-өскен қонысы Еділден бөлініп шыққан Ақтуба, Базан өзендерінің бойы, қазіргі Красный Яр қаласы тұрған маңай.Түркі тайпаларының әскербасы.Өзіне арнаған мадақ жырларында былай толғайды :
Бұдырайған екі шекесі,
Мұздай үлкен көбелі.
Қары ұнамды сұлтандайын жүрісті,
Адырналы шәйі жібек оққа кірісті.
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің,
Арасын бұзып өтіп дінді ашқан,
Сүйінішұлы Қазтуған.
Бұл жолдардан Қазтуғанның жорықшы жырау болғандығы көрінеді.Міне, балалар, кеудесі тола жыр, көмейі күмбірлеген орта ғасырлық жыраудың портреті.
2. Қ.Сүйінішұлының өмірі мен шығармашылығын түсіндіру
3. Қазтуғанның ақындық қуатын танытатын шығармасы «Алаң да, алаң алаң жұрт» толғауы.Ол оның туған жерімен қоштасу жыры. Бұл толғаудан кейін қазақ поэзиясына азық болған образдары ұшыратамыз. Өлеңді оқығанда оқушысын баурап алатын ерекше бір күш бар сияқты. Аңдап қарасаң өзгеше ештеңе де жоқ.
Қарпайым сөз тіркестері. Алайда осы қарапайым сөз тіркестерінің өзінде адамды елітер қаншама сезім жатыр десеңізші!
4. Мәтінді мәнерлеп оқу.
Оқушыларға оқыту
Әдеби талдау жүргізу.
№
Мазмұны
Тілі
Ой-тұжырым, мақал-мәтелмен
І бөлім
Жыраудың туған жеріне деген шексіз махаббаты. Ассонанс, аллитирация, қайталау, теңеу, теңеулі эпитет Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.
ІІ
бөлім Еділ мен Жайық бойының сұлу табиғаты. Әсірелеу, теңеу, қайталау. Жер байлығы, ел байлығы. Жері байдың елі бай.
ІІІ
бөлім Еділ бойында қалған түркі тілдес руларға тілеген тыныштық,ел бірлігі. Бірлік түбі береке
Тақырыбы
Туған жеріне, еліне, атамекеніне деген сүйіспеншілік
Идеясы
Елді, жерді қорғай білуге, сүйе білуге үйрету.
Түсініксіз сөздермен жұмыс
Жабысы – қазақ жылқысының байырғы қарабайыр тұқымы.
Жабағы – 6 ай мен 1 жас аралығындағы тай.
Батташығы – шатырма гүлділер тұқымдасына жататын тамыры сәбізге ұқсас, көп жылдық шөптесін өсімдік.Онда эфир майы болғандықтан, оны жас күйінде мал жемейді.
Кежі – үйдің бір түрі.–
ІҮ.Бекіту.
1.Қазтуған Сүйінішұлы осындай артына мол мұра қалдырған жыраулардың бірі.Ол тек жырау, рубасы, батыр,әскербасы ғана емес, күйші екенін де айта кету керек.
2. Б.Тілеухановтың орындауында Қазтуғанның жыраудың «Алаңда,алаң, алаң жұрт» толғауын интерактивті тақтадан тыңдау.
Ү. Бағалау
ҮІ . Үйге тапсырма: Қазтуған жыраудың өмірін оқып, «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңін жаттауға.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.