Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» -

Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 366 | Просмотров: 2810 | Размер: 46.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Сабақтың мақсаты:
 Оқушыларға «Менің атым Қожа» әңгімесін талдата отырып, шығарманың идеясын таныту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оймен талқылауға үйрету;
 Оқушылардың осы сабаққа дейін білетін ақпараттары мен одан кейінгі білгенін ұштастыру;
 Кейіпкердің ісінің дұрыс бұрыстығына көз жеткізе отырып, қайырымды, талапшыл өзіне-өзі сын көзбен қарайтын оқушы тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі, түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақ.
1.Поэзия минуты: Бейсебай Кірісбайұлы «Бәйтерек»

Бала шақты кестелеген тілі нық,
Бір болса егер-осы болар ірілік:
Ұландары отызыншы жылдардың
Қайта келер көз алдыңа тіріліп.
«Бастан кешкен» шындық шымыр екшелеп,
Кітап болып бізге жетті естелік.
«Чемпионнан» Бекең өзі баптаған
Талай мықты жатты құлап, сескеніп..

Аспантаудан ақ бұлақтар атқылап,
Экранда-туған өлке, бақ,қырат.
Қолын бұлғап Жанар, Жантас, Сұлтанға
Келеді әне Қара Қожа шапқылап!

Кейіпкермен бірге тұрып, жүресің,
Бірге жасап, бірге жылап күлесің.
«Сөз қадірін білген шебер екен!»деп
Өз қадірін Бекеңнің де білесің.
Ту етіпті тектілікті бұл ағай,
Пір еткені қара шалың-Ұлы Абай!
Тік калпында мәңгі жасай береді
Бәйтерегі Берді-ағаның құламай!
2.Ой шақыру. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесінің сырына үңілейік. Ол үшін слайттарға кезек береміз. Әр бейнені суреттеп, айтып берейік.
1963 жылы белгілі режиссер Абдолла Қарсақбаев түсірген «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлдерді сомдаған бейнелерді экраннан көрсету.
3.Дәптермен жұмыс: Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларын жазып алу.

4.Әңгіме жоспары:
Өз жайынан хабар беру.
Зоология сабағы
Тәртіпсіздік жойылсын
Құпия кеңес.

5.Қазақ тілі: Код арқылы диктант жазу. Оқылған мәтіннен есімдік түрлерін тауып белгілеу.

Жіктеу .

Сілтеу .

Сұрау .

Өздік .

Жалпылау .

Болымсыздық .

Белгісіздік .

1 2 3 4 5 6 7

6.Кітап туралы Қожа қандай пікірде? (195 бет)

7.Қожа қандай бала?

Орысша сауатты Білімді
Арманы жазушы болу

Қайырымды Әуесқой

Намысты Алғыр

Сезімтал Ақылды тентек

8.Сөз жұмбақ
1. Қожаның фамилиясы

2.Зоология пәні мұғалімі

3. Жақсы оқитын қыз

4. Орыс тілі мұғалімі.

Қ
О
Ж
А
9.Сабақты бекіту:

 Сыныпта Қожадай бала бар ма?
 Сыныпта Жанардай жақсы оқитын бала бар ма?
 Қожа бейнесі ұнады ма? Неге?
 Қожа берген уәдесін орындады ма?
 Қожа тентек бала деп қоя берсе, одан қандай бала шығар еді?
 Егер сен сабаққа дайындалмай келсең, Қожадай кейіпте бола алар ма едің?

10.Үйге тапсырма: «Түбінде адам болатын бала» ойтолғау жазу.
11.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.