Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Батырлар жырындағы сабақтастық -

Батырлар жырындағы сабақтастық

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1842 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Пәні: қазақ әдебиеті
Класы: 6
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жырындағы сабақтастық
Мақсаты:
Білімділік: Батырлар жырының мазмұны мен идеясын игерте отырып, жырды талдау арқылы жан-жақты ашу, меңгерту. Батырлар бейнесінің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз отанын,туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: батырларға тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қабілеттерін дамыту, көркем сөйлеу мен шығармашылығын арттыру.
Сабақтың түрі: қорыту, талдау, шығармашылық
Әдісі: топтау, кестемен жұмыс, ой толғау, «дыбыстар сөйлейді» ойыны, лимерик құрастыру, қарама-қарсы элементтер, «Кім жылдам?» ойыны
Көрнекілік: анимациялық слайдтар, батырлар жыры
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, халықтық педагогика, ән-әуез
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Елінің бағын ашпаса,
Ер мұратқа жетер ме?!
Ерінің сағын сындырса,
Ел мұратқа жетер ме?!- деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлар қазақ халқында өте көп. Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын сынды батырлардың ерлігін оқыдық.
Тағы қандай батырларды білеміз. Бұқарбай, Жанқожа, Райымбек Наурызбай, Қабанбай, Б.Момышұлы, Т.Тоқтаров т.б.
2)Ауыл-ауылға бөлу, ұрандарын айтқызу
1-топ - «Алпамыс батыр» ауылы
2-топ - «Қобыланды батыр» ауылы
3-топ - «Ер Тарғын» ауылы
Әр ауылдан бір оқушы ауыл ақсақалы болып бата береді.

II. Үй тапсырмасын сұрау
Әр ауыл өз батыры жайында жаңа мәліметтер әкеледі, бөліседі.
III. Жаңа сабақ. Оқыған батырлар жырларының бір-бірімен сабақтастығын, көркемдігін, кейіпкерлерінің бейнесін аша түсу үшін түрлі жұмыстар жасаймыз.
1. «Жадымда жыр мазмұны» Кестеге түсіру.
оқиғаның орны Ұлттық көрініс Кейіпкердің көңіл-күйі
Жаулары тарихи негізі

2. Теориядан тереңбіз. Жырдан көркемдегіш құралдарды табу.
Теңеу Эпитет Гипербола

3. Кейіпкерлер әлемі «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы

А - Қ - Т -
Л - О - А -
П - Б - Р -
А - Ы - Ғ -
М - Л - Ы –
Ы - А - Н –
С - Н -
----Д
----Ы
4. Жырлардан үзінді тыңдатып қай жырдан үзінді екенін тапқызу
5. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы
Дос----Жау

6. Лимерик құрастыру
Кейіпкер
Мінездеме
Оқиға
Оқиға
Автордың көзқарасы

7. «Болжам жасау» стратегиясы «Егер де мен»
IV. Қорытынды
Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Туады ерлер ел үшін,
Тоқтай алмай барамын
Ағайын-туған ел үшін, - деп батырларымыз елін, жерін жаудан қорғауға талай аттанған. ӨЗ отаны үшін қандай қиыншылық болса да жауға қарсы тұра білген. Біз де сол батырларымыз секілді өз Отанымызды қорғайық.

V. Үйге тапсырма. «Батыр туса – ел ырысы» тақырыбында ой-толғау жазу.
VI. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.