Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бауыржан Момышүлы «Жауынгердің түлғасы» -

Бауыржан Момышүлы «Жауынгердің түлғасы»

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2121 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың өтілетін мерзімі: Сыныбы: 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышүлы «Жауынгердің түлғасы»
(«Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді).
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға Бауыржан Момышүлының өмірі, шығармашылығы,
«Жауынгер тұлгасы» («Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді) жайлы толық мэлімет
беру.
э) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдық-қа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.
Сабақтың түрі: ақпараттық сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер, слайдтар
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
а) ¥йымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сабаққа дайындығын тексеру
3. Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ә.Сәрсенбаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
2. Қалаған өлеңін жатқа сұраймын.
3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
А) Лирика дегеніміз не?
Б) Лириканың қандай түрлері бар?
В) «Сен құрметте оны қарағым» өлеңінің идеясы не туралы?
Г) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қазіргі таңда қандай құрмет көрсетіліп жатыр?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Бауыржан Момышұлының өмірі, шығармашылығы, « Жауынгердің түлғасы» ( «Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді) жайлы түсіндіремін
Бауыржан Момышүлы 1910 жылы Жамбыл облысы , Жуалы ауданы, Көлбастар қонысында дүниеге келген. Әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы. Момыш отбасында дүниеге келген, 13 жасқа дейін ауылда, одан соң интернатта тэрбиеленді. Мектеп бітіріп, біраз уақыт мүғалім болады. 1932 жылы әскер қатарына алынып, мергендік өнерін игерді. Аулына оралған соң, қаржы орындарында жұмыс істеді.
¥лы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.В.Панфиловтың '
басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизияны басқарды. 1941 жылы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік қүрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Ресейдегі Волоколомск, Горюнь, Матренино, Лопастино, Крюкова, Бородино, Трашково, қала-деревнялары үшін болған ұрыстарда 9 рет асқан ерлік көрсеті. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты, ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарысқа енуі, тактикада «оңаша» жэне «икемді қорғаныс» үғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жолдары кеңінен ашылды.
Бауыржан Момышұлы туралы бейнеролик пен фотосуреттері бар слайд көрсетіледі.
Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерілей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың бірі болды. Ол бұл теорияны жүзеге асыруда бүкіл әскер түрлерінің өзара тығыз байланыста әрекет етуіне баса көңіл бөліп отырды. Танк, артиллерия. әскери бөлімдерді полктар мен дивизиялар командирлері қол астына бере отырып, олардың өздігінше жауынгерлік қимылдар жүргізуіне мүмкіндік жасау тактикасын қолданды. өзі қашан да ұрыс тағдырын шешетін жерде болды.
«Жауынгердің тұлғасы» әңгімесінің мазмұнын түсіндіру.
Дәптермен жұмыс:
1.Әңгімеде айтылған қазақтың мақал-мәтелдерін жазғызу, мағынасын түсіндіру
2. Ерлік, батырлық дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Нағыз жауынгер тұлғасы қандай болуы керек?
Бауыржан Момышұлы - әскери педагогиканы және әскери психологияны байытушы, баға жетпес мұра қалдырған дара түлға. Оның атақ-даңқы батырлығы А.Бектің кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз тілдеріне аударылды. Бауыржан Момышұлы 1950 жылы Кеңес Армияны бас штабының арнаулы Жоғарғы Әскери академиясын дәріс оқумен бірге шығармашылыққа бет бұрды. 1956 жылы демалысқа шығып, өмірінің соңына дейін шығармашылық жүмыспен айналысты. Жазушылық таланты тез ұшталды. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушының өзкті тақырыбы - ¥лы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдауға арналған.
Сабақтың қорытындысы:
І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылау.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесін оқып, мазмұнын эңгімелеп келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.