Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Біртуар ғалым –Шоқан -

Біртуар ғалым –Шоқан

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 394 | Просмотров: 3887 | Размер: 67.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Біртуар ғалым –Шоқан.(Ғалымның, айналысқан әр алуан ғылым саласы, ғылыми мұралары мен ғалым достары, саяхаттары ) .

Сабақтың мақсаты: қазақ ғылымының шоқ жұлдызы Шоқан Уәлихановтың өмірінен,ғылыми еңбектерінен ақпарат беру.
Міндеттері :
білімділік-оқушыларды Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерімен таныстыру;
дамытушылық-оқушыны өз бетімен іздене оқуға ,топпен жұмысқа үйрету, жеке тұлғаны өз пікірін қорғай білуге және өзгенің пікірімен санаса білуге дағдыландыру ;
тәрбиелік- ғылымға құштарлығын арттыру арқылы ақыл – ой тәрбиесін беру ;
Сабақтың типі: білік пен дағдыны дамыту .
Сабақтың түрі: журнал- сабақ.
Қолданылған технология : ақпараттық – коммуникациялық технология , дамыта оқыту технологиясы.
Оқыту әдісі: зерттеу,талдау,ой қозғау,топтастыру.
Көрнекілігі: 1. «Шоқан Уәлиханов» атты журнал.
2. Сөзжұмбақ «Шоқан Уәлиханов»
3. Шоқан саяхаттарының картасы .
4. Қосымша әдебиеттер көрмесі.
5.Интербелсенді тақтада даярланған слайдтар.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатысымын бақылау.
ІІ.Үй тапсырмасына шолу.
1.ХІХғасырдың ІІ жартысындағы кезеңнің қоғамдағыорны.2)Бұл кезеңнің өкілдеі, олардың жаңалықтары туралы сұралады.Сабақтың мақсаты мен ерекшелігін айтып өту.
ІІІ.Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі.
Оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар алдын ала беріледі. Сабақтың беташар сөзі : «Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады. Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол – одан із қалады ,сөз қалады » Ыбырай Жақаев.«Шоқан Уәлиханов» журналының суреті интерактивті тақтадан көрсетіліп,сабақ оқушылардың зерттеген жұмыстарын және журнал материалдарын талдау арқылы түсіндіріледі.
№1слайд. Журналмен жұмыс. «Бізге мәлім деректер» бойынша оқушылар Шоқанның өмірі,шыққан тегі,жастық шағы жайлы әңгімелейді.
Күнтимес – Шоқанның туған жері.
Шоқанның кіндік қаны тамған жері туралы көп уақытқа дейін әртүрлі пікірлер айтылып келді.Көкшетаудағы Сырымбет оның атақонысы екендігіне ешкімнің дауы жоқ.Шоқан 1835 жылы қараша айында Құсмұрында туды деген дерек Шоқанның қызметі жөніндегі Ресей мұағатының формулярлық тізімі арқылы тілге тиек болғаны белгілі.Академик Әлкей Марғұлан Шоқан туралы очеркінде «1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрынға көшірілді де, содан былай ол Құсмұрын округі деп аталды» деп жазды. Жазушы Жарылқап Бейсенбайұлы(«Жасын тағдыр жарқылы» деп аталған еңбегінде) Әлкей Марғұлан айтып жүрген Күнтимес қонысын Шоқанның туған жері деп тұжырым жасады.
Шоқан туып өскен орта
Әжесі Айғаным – Атасы Уәли хан

Әкесі Шыңғыс сұлтан- Анасы Зейнеп ханым


Нағашылары- ағасы Мұса ,
атасы – Шорман
Інілері :
Сақыпкерей Мақы Махмұт
(Қозеке )( Мақажан)
№ 2 слайд. «Жас зерттеуші» сөз алады . Мұнда ұсынылған әдебиеттер бойынша оқушылар өздері орындаған тақырыптарға тоқталып әңгімелейді.
№3слайд. « Мұны білген жөн»
а) «Шоқан асулары» картаны пайдалана отырып Шоқанның жүрген жолдарына , саяхаттарының маңыздылығына , саяхат барысындағы Шоқанның қажымас еңбектері мен айналысқан ғылыми жұмыстарына тоқталып өтемін. Ыстықкөл сапарына Шоқан қатысқан топтың Шелек өзені арқылы өтіп,Сөгеті,Торайғыр,Үш Меркі асуларын басып өтіп , атақты Қарқара жайлауында аялдағанын айтамын.
№ 4слайд. «Біртуар ғалым –Шоқан» . Саяхат барысында Шоқанның талмай айналысқан ғылым салаларын атап өтемін , дәптерге жаздырамын.
№5слайд. «Жақсы ай мен күндей , әлемге бірдей»
Г.Н.Потаниннің сөзін келтіру : «Шоқан бізден бір жыл төмен оқыса да,біз өзімізді оның қасында сары ауыз балапан ретінде сезінуші едік. Ол өзі көп білетін , бізден артықшылығын достары арасында онша көрсете де бермейтін.Бірақ реті келгенде оның білімінің мол екені айқын байқалып жататын.
« Ол өзінің қатарластары,соның ішінде өз басым үшін шын мәнінде «Еуропаға ашылған терезе» іспетті болды.» Достарының Шоқан өміріндегі роліне тоқталу:Тянь-Шанский көмегімен 1857жылы Шоқан «Орыс географиялық қоғамына» мүше болып кірді. Г.Н.Потанин, М.Н.Ядринцев,Ф.М.Достаевский,Н.И.Веселовскийлердің Шоқан мұраларын жариялаудағы сіңірген еңбектерін , ал Колпаковскийдің он тоғызыншы ғасырдың өзінде Шоқанның басына белгі орнатуға басшылық еткенін зираты басындағы мәрмәр тастағы жазуынан оқып беремін.
№6слайд. «Шоқан жайлы толғаныстар» .
Бұл тақырыптың мақсаты Шоқан жайлы жазылған зерттеу , көркем әдебиеттерге , пікірлерге тоқталу.
«Шоқан ақын жанды адам еді... Араб өлеңдерін қатты ұнататын еді және ұстазы Костылецкиймен бірге мәз болып орындайтын .» Н.М.Ядринцев.

«Университетте лекциялар тыңдап, француз, неміс, тілдерін жақсы меңгеріп, Шығыс тарихының асқан білімпазы болып шықты».П.П.Семенов – Тянь-Шанский.
«Оның арманы Еуропа мәдениетін өз халқының тілегіне қабыстырып , өз елін сақтап қалу еді.» Г.Н.Потанин.

№7 слайд. «Нөмірдің сауалнамасы».
«MIRAX» тест бағдарламасын пайдаланып тест сұрақтарына жауап беру .

№ 8 «Тұжырымдама».Бекіту.
Шоқанның жазып қалдырған еңбектеріне берілген сызбаны жеке- жеке толтырады.
Ассоциация .


Тарихшы
Саяхатшы
Географ

Шоқан Этнограф
Жазушы


Аудармашы Тұнғыш Шығыстанушы
профессионал
суретші

№9 слайд «Қол боста». «Шоқан Уәлиханов» сөзжұмбағын шешкізу.Бұл сөзжұмбақтың ерекшелігі алғашқы «Шоқан» сөзінің шешімді сөздері беріледі де , оның сұрақтарын оқушылар өздері жүйелейді.

Қорыту.7Қазанда Көкшетауда Шоқан Уәлихановтың 175 жылдық тойына арналған «Еуразиялық мәдени кеңістікте Шоқан Уәлихановтың мұрасы » атты халықаралық конгресс өтті.Оған 80-ге тарта елдің өкілдері қатысты.70-ке тарта баяндама тыңдалды.Шоқан Уәлихановтың ғылыми жетістіктері туралы жаңа еңбектері қаралды.
«Құмсағат».Шоқан шығармашылығымен танысқанда алған әсерлері туралы ауызша шағын пікірлері сұралады.
Сабақ «Елге жасалған еңбек халықпен бірге жасайды» деп қорытыланады.
Бағалау.Үйге тапсырма : «Қашқария сапары», «Жоңғария очерктері»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.