Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Біржан сал Абай ауылында» -

«Біржан сал Абай ауылында»

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 407 | Просмотров: 7322 | Размер: 60.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Ақжайық ауданы
Абай атындағы мектеп-гимназия

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Біржан сал Абай ауылында»
/әдебиет, 6-сынып/

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерментаева Әсел Сатқанқызы

2011 жыл
Сабақтың тақырыбы: “Біржан сал Абай ауылында” /бекіту сабағы/
Мақсаты:
Білімділігі: Үзінді мазмұнына сүйене отырып, ақынның және өнерлі жастардың өнерді бағалауы мен құдіретті Біржан әндерінің Абайға әсерін таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау, салыстыра білу, өз пікірін айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өнерді сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс
Әдіс-тәсілдері: проблемалық сұрақтар, пікірталас, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайдтық суреттер, журнал, цитата, портреттер, аудиожазба
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, өнер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныптың сабаққа дапярлығыны шолу. Сыныпқа бүгінгі сабаққа байланысты «Әдебиет әлемі» атты әдеби-танымдық журнал келгенін хабарлау. Оқушыларды екі топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, өткен сабақтарда «Біржан сал Абай ауылында» шығармасының мазмұнымен толық таныстық. «Әдебиет әлемі» журналында шығарманы талқылауға арналған тапсырмалар берілген. Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық. Журналдың алғашқы бетінде не жазылған екен?
1-бет. «Армысыңдар, ақжүректерім!»
Бүгінде еліміз айрықша мереке – тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлауда. Тәуелсіздік әрбір қазақстандық үшін мәні мен мазмұны терең, баға жетпес басты байлығымыз. Оны сіздердің балғын жүректеріңіз жете түсінеді деп есептейміз. Еркін елдің бүгінгі ұландары азат Отанымыздың елтұтқа азаматтары болады деп барша жұрт сенеді.
Бас редактор
- Тәуелсіз еліміздің терең тарихы, бай әдебиеті мен қазыналы мәдениеті бар екенін білесіздер. Еркіндікті, азаттықты аңсаған талай арыстарымыз өтті. Елін, жұртын білім, ғылымға, өркениетке шақырған талай тұлғалар болды. Сондай тұлғалардың ішінде шоқтығы биік екі тұлғамен өткен сабақта таныстық. Олар кімдер еді?
2-бет. «Білгенге маржан...»
Журналымыздың алдыңғы нөмірінде “Біржан сал Абай ауылында” атты “Абай жолы” романынан үзінді жариялаған едік. Енді сіздердің мәтінді қалай түсінгендеріңді тексеріп көрмекшіміз.
1. Абай жолы” романы неше кітаптан тұрады?
2. Роман-эпопея неше тараудан тұрады және қанша тілге аударылған?
3. Әуезов алғашқыда романға қандай ат бермек болды?
4. Үзіндінің басты кейіпкерлері кімдер?
5. Біржан салды Абай ауылы қалай қарсы алды?
6. Біржан салдың салған әнінен Абай қандай сезімге бөленеді және оған қандай баға берді?
7. Абай Біржанның өнеріне қандай өлең арнап жазды?
8. Әмір кім? Әйгерімнің шын аты кім?
9. Иіс кемпір Әйгерімге не деп алғыс айтты?
10. Біржан аттанарда өз үйінен дәм татқызған кім еді, ол жерден әнші-ақын қандай сый-құрмет көрді?
11. Біржан сал бастаған өнерпаз жастар ауылдағы соңғы кешті кімнің үйінде өткізді?
3-бет. «Қыр-сыры мол дүние»
Сіздер аталмыш шығарманы қандай бөлімдерге бөлер едіңіздер? Ұсыныстарыңызды жазып жіберіңіздер.

4-бет. «Кейіпкерлер әлемі»
Мәтіндегі басты кейіпкерлердің бейнесін ашыңыз. Бұл үшін “Тұжырым” кестесін толтырып, бізге жолдаңыздар.
І топқа:
Өнер иесі Порт-
реті Орын-
даған әні Адами қасиеті Баға беру
Абай
Әйгерім

ІІ топқа:
Бір Порт-
реті Орын-
даған әні Адами қасиеті Баға беру
Біржан

Әмір

5-бет. «Ойлан да тап!»
Балалар, бұл бетте Біржан сал шығармашылығына қатысты тапсырмалар берілген. Дұрыс жауапты табуға тырысып көріңіздер. Алдымен мына сұраққа жауап беріп көріңізші.
Ән және өнер дегенді қалай түсінесіздер?
1. Біржан сал бір сұлу қызы бар өзімен тұстас, замандас Көлбай, Жанбай деген азаматтары бар үлкен елге келеді. Біржанның әнші екенін, жұртына қадірлі екенін біліп тұрып, Көлбай мен Жанбай салға өзі қалағандай құрмет көрсетпейді. Жұрт алақанға салған серіні менсінбегендей сипат көрсетеді. Осыны байқап Біржан таңертеңінде бір ғажап әнді туғызады. Бұл бір қарағанда қызға еркелеп, сол ауылдағы әдемі аруға айтқан назындай болып көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай, Жанбайға да тиетіні байқалады. Біржанның бұл қай әні?

2. Біржан жасы ұлғайған шағында Жетісудағы аты көпке мәшһүр ақын қызды іздеп барып айтысады. Сол ақын қыз кім?
3. «Жанбота» әнінің шығу тарихын айтып беріңіз.
Біле жүрген абзал!
- Біржанның бізге 40-қа жуық әні жеткен
- Біржан Абайдың “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” өлеңіне ән шығарған.
- Мұқан Төлебаев “Біржан-Сара” операсын жазған
6-бет. «Артық болмас білгенің...»
Балалар, кейіпкерлерге талдау жасадық. Енді төмендегі тапсырмаларды орындап көріңіз.
І топтың тапсырмасы: Шығармада кездесетін салт-дәстүрлерді табыңыз және олардың мағынасын түсіндіріңіз.
ІІ топтың тапсырмасы: Шығармадан көнерген сөздер мен көркем тіркестерді теріп жазыңыз.
7-бет. «Сыр толғау»
Балалар, Сіздерді бізбен ой бөлісуге шақырамыз.
1. Абай арманы не?
2. Біржан арманы не?
3. Абай /І топ/, Біржан аталарыңызға /ІІ топ/ арнау хат жолдаңыздар. /Хат оқылғанда аудиожазбадан Біржанның әні жіберіледі/.
8-бет. Үйге тапсырма. Ұлжан, Үмітей, Керімбалаға сипаттама жазып бізге міндетті түрде жіберіңіздер.
Өздеріңдей ақылды, белсенді оқушылар біздің әрбір нөмірімізді асыға күтеді деп сенеміз!
ІІІ. Қорытынды.
Соңғы бет. «Жүрекжарды»
Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді қалаған бір әріпті таңдап, содан басталатын сөздер арқылы білдіріңіздер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.