.
.
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Шет орта мектебі, Абеуова Алма Айтуғанқызы «Біржан сал шығармашылығы»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 288 | Просмотров: 1864 | Размер: 30.5 Kb | Автор: ТәрбиеҚазақ әдебиеті. 10-сынып.
Сабақ тақырыбы: «Біржан сал шығармашылығы»
Мақсаты: көркем мәтінді өз бетімен талдату және сол арқылы ақынның шығармашылығымен таныстыру
Түрі : практикалық сабақ
Әдіс – тәсілдері : 1.көркем мәтінмен жұмыс
2. сұрақ-жауап
3. проблемалық тапсырмалар
Технология: СТО бағдарламасы
Сабақ барысы:
І. Психологиялық кезең.
ІІ. Қызығушылығын ояту сатысы.
1. Топқа бөлу.
Ақын, сазгер, әнші, шешен, айтыскер, өнерпаз - осы сөздерді таңдап 6 топ құрылады.
2. Ой қозгау стратегиясы.
Сұрақ : Қалай ойлайсыз, неліктен осы сөздерді топқа бөліну барысында басшылыққа алдық? Қай тақырыппен байланысты? Әдебиет сабағына қаншалықты қатысы бар?
Сұрақ : Сал-серілер деген кімдер? Нені білдіреді?
ІІІ. Жаңа тақырып.
1.Ой қозғау стратегиясы
Тапсырма : Біржан туралы не білеміз? тізіп жазу
Тапсырма төмендегі жүйеде орындалады:
Жеке
Жұпта
Топта
Әр топ ойларын жинақтап ортаға шығарады.
2. Топтастыру стратегиясы. Кластер құру. Оқушылардың топпен жазғандарын категорияға бөлу және формалау.
ІҮ. Мағынаны тани білу сатысы.
1.Мәтінмен жұмыс . Әр топқа Біржанның өлеңдері таратылады және мәтінді түсініп оқу тапсырылады.
Жеке
Жұпта
Топта
Әр топтан бір оқушы ортада мәнерлеп оқып көрсетеді.
2. Тапсырма. Өлеңді талдау топта және төмендегі кестені толтыру:
тақырыбы Маңызы,мәні Лирикалық кейіпкерге сипаттама ерекшелігі Ақын позициясы
3.Топтастыру стратегиясы.
«Біржан өмірі» атты кластерге оралу және оны Біржан шығармаларының тақырыбымен толықтыру.
Ү. Ой толғаныс сатысы.
1. Еркін жазу стратегиясы.
Тапсырма : шағын ой толғау жазу.
- Сіздің ойыңызша, Біржан сал шығармашылығында көтерілген тақырыптардың қайсы біздің қоғамда өзекті және Сіз соны шешу үшін қандай іс-әрекет жасап жүрсіз?
ҮІ. Қорытындылау.
Нені білдім?
Нені танып, оқыдым?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.