Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы -

Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 363 | Просмотров: 6316 | Размер: 32.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Пәні:қазақ әдебиеті
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы:Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:1)Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырып,шығармашылық ізденіске үйрету,шығармаларымен таныстыру;2)қазақ халқының әнші ақындары жайлы білімдері мен ой-өрістерін дамыту,ұлттық ән өнеріне қызығушылығын арттыру;3)өнерді қадірлеуге,өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі:конференция сабақ
Әдіс-тәсілі:шығармашылық,өзін-өзі дамыту,тірек-сызба,проблемалық.
Пәнаралық байланыс:музыка,кино өнері,тарих,қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,Біржан сал портреті,кітаптар,газет-журналдар.
Конференцияның бағдарламасы.
І.Кіріспе бөлім
1. «Біржан сал» киносынан үзінді тамашалау.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.Біржан сал Қожағұлұлының дүниеге келген ортасы.
а)Біржанның балалық шағы
ә)Өскен ортасы
3.Шығармашылық мұрасы.
а)өлеңдері
ә)өлеңдерінің тақырыптары мен шығу тарихы
4.Біржан сал бүгінде.
а)Біржан сал шығармаларын алғаш нотаға түсірушілер
ә)Біржан сал шығармаларын орындаушылар
б)Біржан салдың музыкалық мұрасының қолданылуы
ІІІ.Қорытынды бөлім.
1.Қазақ фильм студиясы шығарған «Біржан сал» көркем фильмінен үзінді тамашалай отырып,сұрақ қою.
-Балалар,қалай ойлайсыңдар бұл көркем фильм қалай аталады және кімнің өмірі туралы?
-Фильмдегі басты рольдің бейнесін сомдаған кім?
-Ол кісі жайында қандай мәліметтер білесіңдер?
-Олай болса, бүгінгі сабағымызды қазақтың маңдайына біткен біртуар аяулы азаматы «Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы» атты тақырып бойынша сабағымызды конференция түрінде өткіземіз.
Біржан өмірі мен шығармашылығын зерттеп,өз бағасын берген Е.Ысмайловтың «Біржан-қазақтың сал-сері ақындарының ағасы,ұстазы,жаңашыл өнерпаз» деген пікірін сабағымыздың эпиграфы етіп алып отырмын.
2. Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы ізденуге үш топқа тапсырмалар берілген. Сол тапсырмалар бойынша біз сабағымызды жүргіземіз. «Ізденушілер», «Зерттеушілер» және «Мұрагер» топтары өздеріңнің ізденіс жұмыстарын ортаға салады.Одан кейін әртүрлі тапсырмалар бойынша сабағымызды жалғастырамыз.
ІІ.Негізгі бөлім
*Біржан сал Қожағұлұлының дүниеге келген ортасы,балалық шағы жайлы «Ізденушілер» тобы сөз алады.



Өмір белестері.
1834 жылы қазіргі Ақмола облысы,Көкшетаудағы сексен көлдің бірі-Жөкей көлінің маңында дүниеге келген.Біржан үш ағайынды еді,ағалары Ержан мен Нұржан атакәсібі-мал бағумен ғана айналысқан.Ал Біржан болса,Тәңірінің берген өнерімен елден ерекше болып өседі.Өз әкесі Тұрлыбай,Қожағұл-Біржанның атасы.Бала бойындағы талантты тани білген атасы Қожағұл Біржанды өз бауырына басып,тәрбиелейді.
Ел-жұртына сыйлы Қожағұл жақсы-жайсаңдармен араласып,билік айтып,шешендік таныта жүріп,сезімтал немересі Біржанды қыранша баулиды.Бала Біржан ауыл молдасына барып білім алады.Біржанның балалық шағын Ахмет Жұбанов былай деп сипаттайды: «Біржан жасынан өзгеше мінезді,әуесқой,әңгімеге құмар,сезімтал болатын... Ауылға келген әнші,жыршы,күйші болса,соны жағалайды.Тіпті көрші ауылда бүгін ән салады екен... десе, оған да кетіп қалады».Осы бір қасиетінен-ақ болашақ ақын,алты қырдан асырып ән салатын әнші,айтыс өнерінің дүлдүлі Біржан салдың шырқар биігінің алғашқы баспалдағын көруімізге болады.
Оқушылар өздері ізденіп Біржан салдың жеті атасын зерттеп,бүгінгі ұрпақтары туралы да мәліметтер тауып,ортаға салып ой бөлісті.

Біржан салдың жеті ата шежіресі

*Шығармашылық мұрасы жайлы «Зерттеушілер» тобы.
Біржан сал өлеңдерінің тақырыптары

Заман шындығы
• "Жанбота"
• "Адасқақ" Жастарға өсиет
• "Сырғақты"
• "Жастарға"
• «Жақсы мен жаман»
Махаббат
• "Аққуым"
• "Айтбай"
• "Ләйлім шырақ"
• "Көкек"
• "Ақтентек"
• "Ғашығым"

а)Өлеңдерін жатқа айтып,шығу тарихына талдау.
ә)Айтыскер ақындығы
Осы тақырыптар аясында оқушылар тапқан мәліметтерін ортаға салып,өлеңдерінің шығу тарихы туралы өзара ой бөліседі.
* «Біржан сал бүгінде» тақырыбы бойынша «Мұрагер» тобы

Біржан сал өлеңін алғаш нотаға түсірушілер
Әнін алғаш орындаушылар
Қазіргі орындаушылар Кино,опера саласында қолданылуы
Зерттеушілер
А.В.Затаевич
А.Жұбанов
Б.Т.Ерзакович
М.Маликов Қ.Бабақов
Қ.Байжанов
Ә.Қашаубаев
Қ.Лекеров
Ж.Елебеков
С.Мусин
Қ.Байбосынов
Р.Стамғазиев
Е.Ырысқали «Біржан сал» киносы
«Біржан-Сара» операсы симпония,эстрада жанрларында Е.Ысмайлов
А.Жұбанов

Кестедегі әр тақырып бойынша топ оқушылары бірлесе жасаған презентациялары арқылы мәліметтер береді.
Тапсырмалар орындау (Интерактивті тақтамен жұмыс)
1 тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,өлең ұйқасын келтіріңдер.
... Қожағұлдың Біржан салмын
Адамға ... жоқ жүрген жанмын
Қасыңа мені ... неге алмайсың,
Өзім...,өзім ...,кімге зармын.
Жасым бар ... жасырмаймын,
Басымнан ... сөзін асырмаймын
... дұшпан сөзі асып кетсе,
Сен түгіл,... да бас ұрмаймын.
Керекті сөздер:зияны,сендер,Баласы,сұңқар,жиырмада,сал,дұшпан,
патшаға,басымнан
а)өлең буыны мен ұйқасын анықта;
ә)метафораны тап;
б)көнерген сөзді тап;
д)ақынға мінездеме беріңдер.
2 тапсырма.Берілген өлеңдерін тақырыбына сай сәйкестендір.

«Ләйлім шырақ»
«Жанбота»
«Аққуым» Заман шындығы
«Сырғақты»
«Ақтентек» Махаббат
«Жақсы мен жаман»
«Көкек» Өсиет-өнеге
«Ғашығым»
« Жастарға»
«Адасқақ»
«Бурылтай»
«Теміртас»
«Жампас сипар»

3 тапсырма.
Біржан сал өлеңдеріндегі кейіпкерлердің кім екенін анықтаңдар.
Кейіпкерлердің орындары ауыстырылып беріледі.Дұрыс жауабы төмендегіше.
Ләйлім -Көлбай-Жанбайдың қарындасы
Ақтентек- Біржанның замандасы
Көлбай-Жанбай –Біржанның замандасы
Жанбота-Ақсары елінің болысы
Айтбай-Біржанның ұнатқан қызы
Азнабай-Жанботамен бақталас болыс
Теміртас,Ақық,Асыл-Біржанның балалары
Ажар,Шұға,Мақпал-Ақтентектің қызы
Қозыбақ-жаны жомарт,қолы ашық,беделді кісі
Нұрғайша,Сара,Орынбай,Бабақ-Біржанның сөз қағыстырған ақындар

4 тапсырма.«Жанбота» өлеңін талдау (оқулықпен жұмыс)
Өлеңді оқытып,әрбір тармағына талдау жасау.

Жанбота,осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің?
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?

Жанбота,өзің-болыс,әкең-Қарпық,
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы,
Қолымнан домбырамды алды тартып.

Тартса да,домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде ұрып еді,
Намыстан,уа дариға,өлгенім жоқ.
Өлеңді кесте бойынша көркемдік ерекшелігіне талдау

Лирика түрі Айшықтау (фигура) Ауыстыру (троп) Көнерген сөздер Кірме сөз Дисфемизм сөз



5 тапсырма.Ойтолғау.Тілдесім хаты.(Шығармашылық жұмыс)
6.Қорытынды.Сөзжұмбақты шешу.

Д
А
Р
Ы
Н

И
Е
С
І



1.Біржанның үкілі аспабы
2.Біржанның шығармашылық өмірінде байланыста болған ақын
3.Біржан ұнатқан қыз
4.Біржан салдың өлеңі
5.Ел билеуші, мансапқор болысқа арналған өлеңі
6.Музыкалық жанр
7.Біржан дүниеге келген жердегі көл атауы
8.Біржанның ұлының есімі
9.Біржанның арғы атасы

7.Бағалау
8.Үйге тапсырма: «Біржан сал-қазақ ән-жырының шамшырағы» тақырыбында мақала жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.