.
.
«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Әдеби кеш
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1931 | Размер: | Автор: ТәрбиеӘдеби кеш
Дайындаған: Г.Махымова
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті халайық.! Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым!
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты поэзия кешімізге хош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 81 жасқа толар еді.
Тастемір Басұлан: «Арыз жазып кетейін»
Жүргізуші: Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.
Ақынның өз даусын тыңдаймыз.
Жүргізуші:
Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
Хантәңірідей биіктеп сен барасың, - деп жырлап өткен ақынның өлеңдеріне кезек берейін.
Тәжібаева Ұлдамет: «Пай-пай өмір»
Жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, - деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
Дербіс Майра: «Поэзия»
Жүргізуші: Ұлы ақын жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали - өмірдің қыр – сырын білген, аса бақытты жан.
Ол «Шыда,шыда»деп өз өлеңінде тектен-тек айтылмаған.Олай болса ақынның «Шыда,шыда» өлеңіне кезек берелік.
Мылтықбай Ақмарал: «Шыда,шыда»
Жүргізуші:
Қазынам бар біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді –ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы - өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті ақынның жырларына берейік.
Дәулет Аяжан: «Шәмілге»
Мәлік Зәуре: «Кетер ме екем»
Айдар Баян «Уақыт»
Сартбаева Гүлнұр: «Жалғыз тілек»
Мұсахан Балнұр: «Көшеде»
Оразалы Дінмұхамед: «Көктем де келер»
Тұяқбай Жазира: «Өкінбеймін»
Қозыбақ Нышан: «Жырларым менің, жырларым»
Әшірқұлова Айгерім: «Әке»
Қожамұрат Арайлым «Еске алу»
Момбекова Балгерім: «Бесік басында»
Жүргізуші:
Қазір Мұқағали Мақатаевтың жүрек сырын,жырын,өмірін білмейтін қазақ кемде-кем? Оқырман мен өлең ара қатысындағы уақыт табы осыдан да аңғарылады. Мұқағали ақын, көбінесе ұғым,түсінік-таным арқылы сөйлейді. Сол арқылы аз сөзге көп мағына сыйғызады,әрі мағына байлығын экспрессивтік мән бояуын қалыңдатады.
Түспесін десең,егер сезімге кір.
Жанарым,менің ылғи көзімде жүр!
Жамандық көрсең қабағымнан,
Жас болып төгіліп кет жанарымнан. «Жанарым»
Заманның тынысы мен ақынның мұңы ұштасып кеткендей. Бүгінгі күннің, бүгінгі
дәуірдің,яғни,ақын өмір сүрген кездің тынысы да осы.
Ақынның өз даусын тыңдаймыз.
Жүргізуші:
М.Мақатаевтың ақын ретіндегі,азамат ретіндегі бөлекше мінез жаратылысына тән қасиеті-ештеңеден бейтарап қала алмайтыны. Көзімен көріп,көңілімен бағамдаған жайды басқаға да, өзіне де,оңаша да,көпшілік ортасында да бүкпесіз,жалтақсыз қолма-қол айтады. Өзгенің айыбын да,өзінің айыбын да жасырмай бетке баса біледі.
Ән: «Көнеміз ғой» (Дүрмахан Айдос,Әшірқұлов Мұсылман,Жүзбай Мадияр)
Жүргізуші:
Табиғат!
Жанымды алсаң, алшы менің
Бір үзік жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса не істер дейсің,
Артымда қалсын елім, қалсын жерім.
Осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық, қанша ұлылық жатыр десеңші. Сірә, ақын «Елім, маған не берді деп емес, мен еліме не бердім» деп өмір сүрген сияқты.
Мылтықбай Ақмарал: «Елім барда»
Жүргізуші:
Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық болып өссе керек.Алдарыңызда ақынның жеріне деген өлеңдерінен үзінді.
Дәуірхан Бек «Халқыма хат»
Жүргізуші:
Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ, әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің? – деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше, ақынның махаббат
тақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға ұсынамыз.
Шын зергерлік өнермен өлшенетін ақындық жолында жүрекпен құлаш ұрған Мұқағали Мақатаев та өшпес мәңгілік тақырыпта махаббатқа қалам тартқан.
Қалдыбек Бауыржан мен Қаршыға Айда: «Махаббат диалогы»
Тағай Гүлнұр: «Сезбейсің ғой»
Мылтықбай Бекасыл: «Әйелдер – ай»
Қаршыға Аида: «Ғашықпын»
Ән : «Отыздан асып барамын» (Ақмарал,Аяжан)
Жүргізуші:
Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді.Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.Енді сөз кезегін соларға берейік.
Бекболат Айдана: «Қара өлең»
Жазушылық жолы осылайша сәтті басталған жас ақынның бұдан былайғы барлық саналы өмірі поэзия тынысымен тығыз байланысты өтті. Өмірінің екінші жартысында біріңғай еркін
әдеби шығармашылық іске шығып алды. «Поэзия! Менімен егіз бе едің?Сен мені сезесің бе, неге іздедім?»,- деп тебіренетін. Мұқағали бүкіл ғұмырын, жан дүниесін қалтықсыз өлең
жолына арнады. Таланты бай, ішкі рухани қуаты берік ақын небір тамаша лирикалық жырларын ұсынды. «Мавр», (1969), «Дариға-жүрек» (1972),«Аққулар ұйықтағанда»(1974),«Шуағым менің» (1975) жинақтары қазақ поэзиясында өзіндік белесті із қалдырып, өз оқырмандарын тапты.
Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда»
Жүргізуші:
Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді. Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.Енді сөз кезегін соларға берейік.
Бүгінде самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесінен орын тепкен Мұқағали Мақатаевтың саңлақ үні халық санасына сіңді деп айтуға негіз бар. Ақынның шыншыл, сыршыл қоңыр дауысы әдебиет әлеміне орнықты. Өзімен-өзі арпалысқан мазасыз ақын жүрек миллион жүректі адамгершілік, суреткерлік жалын - жігерімен жылытып келеді.
Би: «Есіңе мені алғайсың»( Вальс)
Мыңжасар Сара «Ей, өмір!»
Мұсахан Арайжан: «Автограф»
Манап Динара: «Сезім»
Сатыбалды Назым: «Мен таулықпын»
Раушанова Балнұр: «Сен үшін»
Ән: Арулар әні (Серікбай Айдана, Бектас Арайлым,Күзенбай Айгерім)
Мыңжасар Айгерім: «Үш бақытым»
Қылышбекова Айгерім: «Фаризаға»
Би: «Күрең күз» (Вальс)
Жүзбай Аида: «Күрсінбеші»
Жүргізуші:
Өлсе өлер Мүқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, -деп ақын жырлағандай, иә өлең өлмейді. Ақынның тамаша шығармашылығы оның ірі ақын –М.Мақатаев екенін пайымдатты. «Қалың елі-қазағының» өлшеусіз махаббатына бөленген, тамырын оқырман ойы мен санасына, халқының жүрегі мен жанына, елінің көкірегі мен жадына уақыт желі, заманалар дауылы шайқай ала алмас тереңге жіберген бақытты да армансыз ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.
Қазақ жыры әр уақытта, қазақ өлеңін оқитын ел әр уақытта өз өмірінен өлең өрген ақынды сыры мен сиқыры мол ғаламды өзінің құндағына алып тербетер құдіретті жырдың да халқымен бірге, ұлы Тауларымен бірге, ұлы Даласымен бірге өмір сүреді, ғұмыр кешері ақиқат.
Ән: «Жайна гүлім» (ҚожамұратАрайлым мен Раушанова Балнұр)
Хор «Саржайлау» сөзін жазған М.Мақатаев
Жүргізуші:
Рахмет, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы. Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!
«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» - деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз.
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-музыкалық кешін осымен аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет!
Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Хош сау, болыңыздар!
Сөз кезегін мектебіміздің оқу-ісі меңгерушісі Қасымбеков Абубакир ағайымызға береміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.