.
.
Сол түстік Қазақстан облысы "Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы" 10-сынып
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 702 | Просмотров: 7159 | Размер: 52.7 Kb | Автор:Есіл ауданы
«Тауағаш орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сагандыкова Жанар Сериковна
10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ақын өмірінен мәлімет бере отырып, шығармаларының маңыздылығын таниды. Шығармаларының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашады. Оқушының сөйлеу тілі дамып, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыланып, мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады.Өз бетімен іздене білуге, қосымша материалды іріктей алуына, ой қорытуға үйренеді;
Жалпы мақсат: Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Тақырыптың мазмұнын талдайды, пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды.
7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтастыру, Джиксо, Семантикалық карта, Концептуалдық кесте, INSERT, Ойтолғаныс, зерттеу, Тест интервью, рефлексия.
Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгендеу
Тренинг: «До-ми-соль»-ка мозайка әдісімен топтастыру (2мин)
Білім .Қызығушылық тарын ояту
Тапсырма: 1.Дулат өмір сүрген кезең жайлы әңгімелеңдер.
2.Дулат шығармаларының негізгі тақырыптары қандай?
3.Дулаттың тарихи шындықты бүкпесіз көрсете алған ірі тұлға екенін дәлелдеу.
4. Дулат ақынды қазақ әдебиеті тарихында ұлттық санасы оянған жаңашыл ақын деп тануымыздың сыры неде?
Үй тапсырмасын кайталау
Ақынға тән қасиеттерді топтастыру (7мин)
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы оқушылар өзі бір- біріне қоя отырып өткен сабақ туралы не білгендерін ортаға салады. Бір- біріне жақсы сөздер айта отырып сұрақ жауап арқылы бір- біріне жақсылықпен сәттілік тілейді.
Ақынның қасиеттерін атап өтіп, топтастырады.
сөзге тоқтау намыс, жігер, қызу
шабытты, парасатты талант, арқа
тапқырлық, ұтымды ой суырып салмалық, терең білім
Түсіну. Жаңа сабақты түсінуде Дулат ақын өлеңдерінде кездесетін ұйқас түрлерін топтастыру.
Әр топқа тапсырма беріледі. «Топтастыру» қолданамыз (6 мин)
Бұл әдісті пайдалану кезінде сыни ойлатуға жол бере отырып, бірнеше сұрақтар қойған кезде үнсіз отыратын оқушылардың өздері сабақта диалогтық қарым-қатынасқа түседі.
Оқушылар «Ұйқас» түрлерін және «Толғау» түрлерін топтастырады. Топта өздеріне берілген тақырыпты меңгеру керек үйренгендерін бір-біріне үйретеді, келесі топта әр оқушы өз тобында талқылағандарын ортаға салды. Бұл әдіс жаңа сабақты түсіну үшін өте тиімді әдіс.
қара өлең ұйқасы
аралас ұйқас шұбыртпалы ұйқас
егіз ұйқас ерікті ұйқас
кезекті ұйқас шалыс ұйқас
Қолдану. Мағынаны тану. Джиксо. Абылай туралы жыр толғауы бойынша кесте толтыру.
Семантикалық карта. «Еспембет» дастаны бойынша. (7мин)
Топтарға өткен сабақты толық меңгерту мақсатында Джиксо және Семантикалық карта әдісін пайдалану арқылы тапсырмалар беріледі.Ол әдіс арқылы оқушы ойланады тапсырмаға байланысты кестелерді толтырады.
Берілген тапсырманы топпен талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қағазға жазылған тапсырмаға жауабын көрсетеді.
Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.
Мағынаны тану. Джиксо
Кім туралы Алған үзінді, ақындардың сөздері Көркемдегіш сөздер Көрінетін мінез қыры
Абылай туралы Бір ауызды күніңде Үш жүздің ұлы қараған,
Алдынан соның тараған Әбілпейіз, Абылай – Екі сұлтан сұңқарға. Еркіңше өскен, қайран ел,
Дәулетің бейне шалқар көл,
Айбының бейне асқар бел,
Ботабай өскен тел. Биік тұлға екендігі, ерлігі, оның патриоттық жігері.
Семантикалық карта
«Еспембет» дастаны тақырыбы сюжеті композициясы құрылысы тіл байлығы
Сергіту сәті: «Қара жорға биі» атты жаттығу жасау (2мин) . Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.
Талдау.
INSERT. Түртіп алу жүйесі. (6 мин.). Топтағы әр оқушыға кесте беріледі, өз ойларын жазады.
V
Білетінім -
Білгеніме сәйкес келмейтіні +
Мен үшін жаңалық ?
Таңқалдырады
Жинақтау. Ойтолғаныс, зерттеу. Топ бойынша тапсырмалар орындау (6мин)
1.Оқушылар Дулат шығармалары туралы айтқан ойларын, ғалымдар пікірі мен ойларын ортаға салады.
2.Дулат ақын туралы зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлерін мұқият оқып, ақын шығармаларын негізге ала отырып өз пікірлеріңді ортаға салыңдар, ғалымдардың пікірін дәлелдеңдер.
Тест интервью. Жеке жұмыс (5 мин)
Дулаттың өзіне тән ерекшеліктері Мазмұны бай, көркемдігі қуатты, жырлары құдіретті, шыншыл ақын
Дулаттың шығармалары өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен?
Дулат шығармаларынан қандай тәлім-тәрбие алдың?
Дулат бейнелеген бейнелер арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің?
Бағалау. Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату. Өзін өзі, топпен бағалайды.
Стикерлерді толтыру (2 мин). Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну. Ұсынылған стикерді толтыру
Үйге тапсырма. «Еспембет» дастанына байланысты шығарма жазу.
Еркін жауапқа сұрақ дайындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.