Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Күйдің пірі-Қазанғап. -

Күйдің пірі-Қазанғап.

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1595 | Размер: | Автор: Тәрбие
. №1 орта мектеп

Күйдің пірі-Қазанғап

Алдакенова З.К

Шалқар қаласы
Сабақтың тақырыбы: Күйдің пірі-Қазанғап.
Білімділік мақсаты: Күйшінің өмірі мен шығармашылығы, шәкірттері, қазанғаптанушы ғалымдар мен әдебиетшілер, күйлерінің шығу тарихы, зерттелуі, насихатталу, мерейтойлары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Күй құдіретін түсініп, түйсіне алу дағдысын жетілдіру; әсерлену, шабыттану сезімдерін ояту
Тәрбиелік: Күйші өнеріне қызығушылығын арттырып, сүйіспеншілігін күшейту
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Мұғалім:
«Ақ желең»-алпыс түрін ойнағанда,
Қазанғап ой түбіне бойлаған ба!
Тыңдаса қазақ, түркпен, қарақалпақ,
Жел тынып, құлақ тосып қалады алқап!»-деп ақын Бәкір Тәжібаев жырлағандай, Қазанғап Тілепбергенұлы-күй жанрында өзгеге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы, орындаушылық дәстүрі бар дәулескер күйші-компазитор.Академик А.Жұбанов та: «Қазақ домбыра өнеріндегі жеті мектептің бірі-Қазанғап дәстүрі»,- деген болатын.
Мүсілімова Гүлзат Б.Тәжібаев «Қазанғап»
Қазанғаптың өмірі, шығамашылығы туралы деректерді Амангелді Асылай баяндады.
Мұғалім. Сөз кезегін жергілікті журналист ағамыз, белгілі қазанғаптанушы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Мұхамбетәли Есмағамбетов ағамызға береміз.
-Осы тақырыпқа қалай келгеніңіз, не себеп болғанын баяндап берсеңіз.
Мұхамбетәли ағамыздың әңгімесі
Ағайдың «Жұбату» әңгімесінен үзіндіні Елубаева Мәншүк оқиды.
(Слайд) Ел сүйген домбырашы Кәдіралы
«Пірім»!-деп Қазанғапқа табынады.
Қазанғаптың шәкірті Кәдіралы Ержанов туралы деректермен Рамазан Әйгерім таныстырады.
(Слайд) Қазанғаптың шәкірттері: Қуантайұлы Матай, Өмірзақов Құрманғали, Ержанов Кәдірәлі, Қосуақұлы Нұрқат, Бақтыбергенұлы Медеубай, Сайым келіні Күнжан, Жалекеш Айпақов, Б.Басығараев, С.Балмағамбетов ,Шүрен Сартов т.б. Б.Тәжібаев «Күйші домбырасы туралы баллада»

Ел сүйген домбырашы Қадыралы,
«Пірім!»-деп Қазанғапқа табынады.
Қасынан ұстазының қалмай жүрген,
Күйлерін кейінгіге жалғай білген!

Көп жүріп күй-шежіре жетегінде,
Қазанғап дүниеден өтерінде,
Сыйлапты шәкіртіне домбырасын,
Көзінің сығып тастап соңғы жасын...

Қаншама содан бері өтті өмір,
Фәниден талай жандар кетті небір...
Ардақтап Қыдыралы аманатын,
Ырза етті Зейнеп ана жамағатын!

Атақты әйгіленген тамам елде,
Өнерпаз домбырасын жанға бермей,
Кебеже түбінде ол сақтап келген,
Тілегін жұбайының ақтап келген!...

Соны естіп Мардан барды астанадан,
Өтініш айтып, сөзін баспалаған...
«Сақтап ем қарашықтай сені ғана!
Қолына домбыра ұстап кейуана-
Көңілін шексіз мүлде сейілдірер!»-
Депті де асыл мүлкін табыстаған.
Бұл жайлар арманды алға бағыштаған!...

Қаншама керуен-жылдан талмай өтіп,
Ескерткіш Алматыға солай жетіп,
Үйінде Сәдуақас сақтаулы тұр,
Сазына келіп әбден баптаулы тұр!

Пендемін-қағажулық сезбедім бе,
Кейде бір қобалжыған кездерімде,
Қазанғап домбырасын қолыма алып,
Күйлерін күмбірлеген шалып-шалып,
Құдірет дегенді де анық байқап,
Жаныма сұлу сезім алып қайтам!
Мұғалім. Қазанаптың 140 жылдық тойына орай өткізілген күйшілер байқауының лауреаты Ешмұханов Дүйсенбай ағай бірнеше күй орындап береді.
Оқушы:1979 жылы Алматыдағы музей-үйінде Қазанғаптың туғанына 125 жыл толуы атап өтілді, оған көрнекті тарихшы, Бек Сүлейменов, ғалымдар Рахманқұл Бердібаев, Мардан Байділдаев қатысты.
1983 жылы С.Балмағанбетовтің орындауында «Қазанғаптың күйлері» атты пластинка шықты. Пластинка сыртында-Қазанғаптың бюстісі.Бюстісін жасаған СССР суретшілер одағының мүшесі Ш.Мұхамеджанов.Суретті түсірген –А.Қошқарбаев. 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазанғап Тілепбергенұлының 140 жылдық тойы өтті.
Тойды ұйымдастырған белгілі ғалым-Мұхтар Арынов. Той төрағасы-С.Балмағамбетов.
2005 жылы Ақтөбеде Республика көлемінде 150 жылдық тойы өтті.
2005 жылы Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы «Күйдің пірі-Қазанғап» компакт-диск шығарды.Күйді орындағандар: Бақыт Басығараев, Жайлау Асылханов, Нұрболат Жанаманов Барлығы 20 күй.
2010 жылы Қазанғаптың 155 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.
«Қазақтың дәстүрлі 1000 күй» жобасы СД дискілеріне жазылып шығарылды.Жинақтағы Қазанғап күйлері күйші дәстүрін жалғастыран ізбасарлары Жәлекеш Айпақов пен Кәдірәлі Ержановтың, елге танытып, насихаттауға көп еңбек сіңірген майталман домбырашы С.Балмағамбетовпен қатар, Б.Басығараев, Ж.Әлбетов, Қ.Жармағанбетов, І.Ілиясов, А.Райымбергенов, Р.Омаров, Н.Жанаманов, Ж.Асылхановтың орындауларында беріліп отыр.
Оқушы:Өнер танушылар пікірі: «Қазанғаптың күйшілік шығармашылығы өзіндік даралығымен ерекше;оның күйлерінің болмыс –бітімі бөлек;адам жанын тебірентетін назға құрылған;қуаныш пен махаббат лирикасына толы; терең мағыналы; күй түрлері құрылып, құбылып тұрады.Ол-Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина т.б. халық таланттары сияқты домбыра өнерінде өз дәстүрін,өз қолтаңбасын,өз мектебін қалыптастырған күйші.Қазанғаптың күй мұрасының ғасырдан-ғасырға жалғасып жатуының түп негізі де осында болса керек».
Қазанғап домбырада өте шебер орындаған.Домбыраны оңқай да, солақай да тартқан.Ол домбырадағы сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастыра отырып, өзінің орындау дәстүрін қалыптастырады.
Оқушы: Қазанап күйлерін орындаушылар туралы.Ізбасар Ілиясов Қазанғаптың күйлерін нүкте қойып тартатын бірден-бір адам.Орындаушылығы бөлек еді...
Нұрболат Жанаманов.
...Сәкең Қазанғап күйлерін әр тартқанда басқаша бояумен түрлендіріп, жетістіре тартатын.Оң қолдың қимылы ерекше,Дина шешейдің кейбір тарту ерекшеліктерін көз алдыңызға елестетеді.
Ал сол қолдың дыбыс бояуын шығару, тыңдаушысына жеткізу тәсілі күйшілік дәстүрге тән қасиет.Бұндай қасиет сирек кездесетін құбылыс»
Қаршымбай Ахмедияров.
Оқушы: Республика көлеміне Қазанғап күйлерін алғаш насихаттаушы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі Жалекеш Айпақов болды.Қазанғаптың есімімен екі оркестр аталды: Қызылорда облысы Арал ауданындағы және Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы халық аспаптар оркестрлері.Екі оркестірдің «Халық оркестрі» атағын алуына республикалық халық шығармашылық үйінің, оның бастығы Т.Серікбаева еңбек сіңірді.Ол 1967-1968 жылдары еді. 1978 жылы июнь айында Қазақ ССР Ғалым Академиясының комплексті экспедициясы Шалқар ауданында болып, көптеген құнды деректер жинады.Экспедицияны басқарған-Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі тарих ғылымдарының докторы, профессор Бек Сүлейменов, экспедицияның мүшесі М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері-Мардан Байділдаев.
Оқушы: Қазанғап талантының бастауы мен жетіліп, толысуы: Доңызтаудағы Төреш күйшінің алдын көруі, Бесқаладағы Орынбай күйшіні іздеп баруы, Жем бойындағы Құрманияз күйшіге жолығу.
Оқушы: Қазанғаптың өнеріне разы болған Орынбай күйші: «Екі қолының ниеті дәйім бір жерден шығады екен.Саусақтарың да пернеге дәл түсіп, нық басады, шыққан дыбыста мін жоқ.Күйді айдаулатып бірыңғай тартпай, қажетті жерінде жігер үстеп, жандандырып тартасың».
Оқушы: Қазанғап жайындаы еңбектері
1.А.Жұбанов «Қазанғап» ғылыми очерк
2.А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі»
3.С.Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап»
4.С.Балмағамбетов «Қазанғап».
5.Аягөз Нұрсұлтанов кандидаттық диссертация
Оқушылардың орындауында Қазанғаптың күйлерін тыңдау.
Қорытындылау: Мұғалім сөзі.Қазанғаптың осы уақытқа дейін нотаға түспеген, көп жұртқа белгісіз 15-тен астам күйлері бар.Келешекте, ұлы күйшінің барлық дерлік күйін компакт-дискіге жазып, нотаға түсіріп, жинақ етіп шығару міндеті тұр.
Ендігі шаралардың бірі-ұлы күйші Қазанаптың өзінің туған жерінде, яғни Ақтөбе қаласында ескерткіш орнату, ал Шалқар қаласында-мүсін қою!
Халқымыздың рухани азығына айналған, Қазанғаптың мәңгілік өлмес күйлері шалқи берсн!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.