.
.
Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті Халық ауыз әдебиеті
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 297 | Просмотров: 2267 | Размер: 44.6 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты:
1.Халық ауыз әдебиеті,оның түрлері бойынша алған білімдерін қайталау
2.Салт-дәстүрді қастерлеу,дәріптеу.
3.Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,оқушылардың тіл байлығын арттыру,тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі:модульді сабақ
Сабақтың көрнекілігі:слайд материалдары,интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
Мұғалімнің сөзі:
Бүгінгі сабағымызды көркем ойлау мен көркем сөздің озық ойлы үлгісі ретінде қалыптасқан халық ауыз әдебиеті тақырыбына арнаймыз. Сынып екі топқа бөлініп, «Бақытты сәт» ойынына қатысады.
І топ – «Мұрагер» тобы
ІІ топ – «Талапкер» тобы
ІІ. «Бақытты сәт» ойыны
І гейм.Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.Көп сұраққа жауап берген топ ұтады.
«Мұрагер» тобына арналған сұрақтар:
1.Фольклор дегеніміз не?
2.Ауыз әдебиетінің үлгілерін ата.
3.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығын ата.
4.Тұрмыс-салт жырларының түрлерін ата.
5.Жар-жар жыры ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?6.Төрт түлік туралы қандай жырларды білесіңдер?
7. «Көкжендет» қай жырдың түрі?
8.Бесік жыры қандай жырға жатады?
9.Тойбастар қандай жыр?
10.Үйлену салтына байланысты қандай жырдың түрлерін білесіңдер?
«Талапкер» тобына арналған сұрақтар:
1.Сыңсу қандай жыр?
2.Бастаіғы қандай салт-дәстүр?
3.Көңіл күйін білдіретін өлең түрлерін ата.
4.Беташар қандай жырға жатады?
5.Жоқтау өлеңінің тақырыптық ерекшелігін айт.
6.Бата дегенді қалай түсінесіңдер?
7.Сәбидің дүниеге келуіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?
8.Ертегінің түрлерін ата.
9.Аңыз әңгімелердің қандай ерекшелігі бар?
10.Батырлар жырының тақырыбы.
ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»
Кішкене бөшкеге нөмірленген жетон салынған.Тапсыр маны топ мүшелері бірігіп орындайды.
1. Сөзжұмбақ «Ертегі»
2. Ребус шешу.
3. «Бақытты сәт»/Бұл жетонды алған оқушыға сыйлық беріледі/
4. Батырлар жырынан үзіндіні мәнерлеп оқу.
5. Тұрмыс салт жырларын мәнерлеп айту
ІІІ гейм. «Жұмбақтас» Берілген сұраққа жылдам жауап берген топ ұтады.Жауап беретін топ жалауша көтереді.
1. «Ер Тарғын» жырындағы жыраудың аты.
2. Ақжүніске таласқан қарт батырдың есімі.
3. Ер Тарғынның тұлпары
4. Лиро-эпостық жырдың тақрыбын ата.
5. Төлеген елінен кім үшін аттанды?
6. Төлегеннің ажалы кімнен болды?
7. Шешендік сөздің ерекшелігін айт.
8. Қандай шешен- билерді білесіңдер?
9. Төле би қай жерде дүниеге келген?
10. «Өркенім өссін десең,
11. Кекшіл болма-
12. Кесапаты тиер еліңе...» Бұл кімнің сөзі?
13. Айтыстың түрлерін ата.
14. Салт айтысы нешеге бөлінеді?
15. Айтыскер ақындарды ата.
ІV гейм. «Сен- маған,мен- саған».Топтағы оқушылар өздері дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды.
V гейм. «Көсемдікке ұмтылу»
Асқар таудың өлгені-
Басынан бұлттың асқаны.
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Топ басшылары өлеңді жарыса оқиды.
Қорытындылау.Ұпай сандарын есептеп,жеңімпаз топты анықтау.
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.