Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Халық, ауыз, әдебиеті -

Халық, ауыз, әдебиеті

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 389 | Просмотров: 5420 | Размер: 67.1 Kb | Автор: Тәрбие
. Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Алдашбай Ахун ауылы
№111 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Рауа Әбілхайырқызы Тоғызбаева

№111 орта мектеп

Авторлық бағдарлама
9-11 сыныптар

Тоғызбаева Рауа
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Аты-жөні: Тоғызбаева Рауа
Туған жылы: 23.07.1979
Бітірген оқу орны: Қорқыт ата атындағыҚызылорда Мемлекеттік университеті
Педагогикалық өтілі: 12 жыл
Санаты: І
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қызметі: Мектеп директорының бағдарлы
оқыту жөніндегі орынбасары
Мадақтамалары:
Мектеп ішілік мақтау қағазы-2001ж.
Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы-2003 ж.
Аудандық білім бөлімінің грамотасы-2004 ж
Аудандық білім бөлімінің мадақтамасы.
«Абай және Шәкәрім оқулары» ІІ орын 2006 ж.
Аудандық білім бөлімінің алғыс хаты -2006ж.
Аудан әкімінің алғыс хаты-2006ж. Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы 2007ж
Аудандық білім бөлімінің алғыс хаты -2012 ж
Аудандық Авторлық бағдарламалар байқауынан ІІ орын -2012 ж
Облыстық білім жетілдіру институтының алғыс хаты -2011 ж
Республикалық «Үхдік- педагог зерттеуші» байқауынының ІІ орын жеңімпазы-2011 ж

Факультатив курсының мақсаты:

Әдебиет пәні бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған факультативтік курстың бағдарламасы. Аптасына - 2 сағат, жылына -68 сағат

Кіріспе.
Орта мектепте оқытылатын пәндер жүйесінде әдебиеттің алатын орны мен маңызы айрықша.Әдебиет сабақтары халқымыздың санғасырлық рухани қазына байлығынан,сөз өнерінің тарихынан,Әр кезеңдерде ғұмыр кешкен қаламгер өмірі мен шығармашылығы,белгілі бір туындылар олардағы кейіпкерлер әлемі жайында мағлұмат беріп қанақоймайды.Бұл да, әрине,сабақтардың міндетіне кіреді. Ең бастысы әдебиет сабағы адамгершілікке тәрбиелеу сабақтары ретінде зор маңызға ие.Көркем туындыларды оқыту,түсіндіру, талдау барысында ұстаз әдеби білім беріп қана қоймайды, шәкірттерін адамгершілікке және әсемдікке тәрбиелейді.Ол тәрбиелеу шаралары мына кейіпкер анадай,ал ана бейне мынадай деген біржақты бағалаулар арқлы емес,оқушыларды жазушы бейнелеген көрікті әлемге бағыттау,сол сырлы әлемге ұшқыр бала қиялымен,қызу сезім-эмоциясымен саяхат жасата білу.Кейіпкерлерді тірі,жанды бейне деп қабылдату,олардың тағдыр талайына, қиындық қуаныштарына,шәкірттерді психологиялық тұрғыда ортақтастыру,олармен бірге ойлап,бірге қиналу қуану сезімдерін кештіру арқыл жүзеге асырылады.Бүгінгі мектеп шәкіртерінің әдебиетке,өнерге қызығушылығы,білімге құштарлығы,жалпы көзқарасы,таным-талғамы басқаша.Бұрынғы елгезек,ізденгіш,тапсырманы мұқият орындауға тырысатын көркем әдебиетті іздеп жүріп оқитын оқушылар типі қазір сирек кездеседі.Қазіргі шәкіртте күрделі бір музыкалық аспап,құлақ күйін бабымен дұрыс келтіре алмасаң,домбыра дұрыс тартыла ма?Өзің аңсаған қоңыр үнді ести аласың ба?Оқушы да сол секілді,оның да «құлақ күйін» келтіріп алу керек,яғни сабаққа алдын-ала психологиялық тұрғыдан даярлап,тақырыпқа қызықтырып,шығармашылық танымдық белсенді әрекетке тарта білу қажет. Қазіргідей білім алуға,өнерге жастардың ынтасы азайып,самарқаулық күшейген уақытта бұл оңай міндет емес.Бәрі де айналып келгенде ұстазға,оның пәнді ,сөз өнерін сүюіне,кәсіби біліктілігі мен шеберлігіне байланысты алған білімдерін жүйелей білуге дағдыландыру.

Мақсаты:

Терең білім негіздерін Алған білімдерін жүйелей Оқушылардыңалған
қалыфптастыру білуге дағдаландыру білімдерініңдеңгейін бақылау.
Дүниетанымын Жоғары оқу орындарына
кеңейту. түсуге даярлау. Шапшаң ойлау
қабілетін дамыт Оқушыларды жеке жұмыс

Сахнада рольдік ойындар істей білуге үйрету.
ойнай білу Шешендікке баулу.
шеберлігін арттыру. мәнерлеп Логикалық ойлау
Өзіндік ой қорытынды оқуға жүйесін дамыту.
жасай білуге үйрету баулу.



Факультатив курсының міндеті:

Оқушыларды сауаттылыққа үйрету; курсқа арналған барлық жоспарлы материалдарды толық игерту; қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалан білуге үйрету; ізденіс жұмыстарына бейімдеу; өз беттерімен жұмыс түрлерін істей білуге дағдыландыру; жұрт алдында өз ойын толық жеткізуге, сөз мәдениетін сақтай отырып, тіл шұбарламай, ана тілінде қысылмай, мүдірмей сөйлеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

1.Өз ойын көркем тілмен жеткізетін,поэзияны сүйетін сахнада рольдік ойындар ойнай білетін әдебиеттің сырлы әлеміне терең бойлай алатын тұлға қалыптасады.

2. ҰБТ -де, пәндік олимпиадада жақсы көрсеткішке жетуіне мүмкіндік мол.

3. Білімділік, біліктілік дағдыларын қалыптастыра отырып, ізденімпаз шығармашыл оқушы қалыптасады.
Факультатив курстың бағдарламасы
р/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны мерзімі Пайдаланылатын әдебиеттер Шығармашылық жұмыс көрнекілік
1 Халық ауыз әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті

1



Халық ауыз әдебиеті
Шығарма, эссе жазу
Буклет
2 Тұрмыс- салт жырлары 1 Халық ауыз әдебиеті Қосымша мәлімет жазу буклет
3 Мақал-мәтелдер ,жұмбақ ,жаңылтпаштар 1 Мақал мәтелдер,
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ кітабы Адамгершілік жайындағы мақал –мәтелдерді жинақтау
4 Мың бір мақал сайысы 1 Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ кітабы Қосымша мәліметтер жинау суреттер
5 Батырлар жыры, ғашықтық жырлар 1 Батырлар жыры. І,ІІ,ІІІ том. Үзінді жаттау Буклет
6 Ақындар айтысы, шешендік сөздер. 1 Айтыс І,ІІ том. Сөз тапқанға қолқа жоқ, Үш жүздің билері Өлең шығару, шешендік сөздер жаттау Сызба, кестелер

7 Жас ақындар айтысы 1

8

Ертегілер, аңыз, әңгімелер.

1

Қазақ ертегілері

Ойдан ертегі құрастыру

Ертегі кейіпкерлердің суреттері
9 Тест тапсырмалары 1 Тесттер жинағы Тест құрастыру
Ежелгі дәуір әдебиеті
10 Алып Ер Тұңға 1 Н. Келімбетов Ежелгі дәуір әдебиеті, А. Қыраубайқызы Ежелгі дәуір әдебиеті Қосымша мәліметтер жинау

11
Орхон ескерткіштері
1

Орхон жазбалары, Алматы атлас, 2001,

Буклет, ежелгі түрік мұралары
12 Қорқыт мұралары 1 Қорқыт Ата кітабы Реферат Буклет
13 Әл-Фараби 1 Газет материалдары Баяндама әзірлеу Фараби портреттері
14 А. Ясауи 1 Қазақ елінің жарық жұлдыздары, «Диуани Хикметтегі сопылық сарын «Ұлағат» 2003,№1 (10бет) Адамгершілік қахындағы нақыл сөз-н жинақтау А. Яссауи кесенесі шығыс ақындарының өлең-жырлары
15 Жүсіп Баласағұни 1 «Ұлағат» 2003,№2(48бет) Қосымша мәлімет жинақтау
16 Махмұд Қашқари 1 А .Қыраубайқызы, ежелгі дәуір әдебиеті Қосымша мәлімет жинақтау Қаз. Мектеп журналы, Қашқари жасаған карта
17 Рабғузи киссалары 1 А .Қыраубайқызы, ежелгі дәуір әдебиеті Қосымша мәлімет жинақтау
18 Сәйф Сараи 1 А .Қыраубайқызы, ежелгі дәуір әдебиеті Карточкалар әзірлеу
19 Қорқыт мұралары (зерттеу жұмысы) 1
20 Әлемнің екінші ұстазы Әль-Фараби (шығарма) 1
21 Сынама тест 1 Тесттер жинағы
ХҮ-ХҮІІІ ғ. әдебиеті
22 Жыраулар поэзиясы 2 Бес ғасыр жырлайды Үзінді жаттау
23 Бұқар жырау 1 Бес ғасыр жырлайды Толғауларын жаттау
24 Сынама тест 1
ХІХ ғ. әдебиет
25 Зар заман ақындары 2 Шағын оқиғалық шығарма жазу
26 Т. Ізтілеуов 2 Назым Т. Ізтілеуов І,ІІ,ІІІ том Адамгершілік қахындағы өлеңдерін жаттау Тұрмағанбет ұрпақтары буклет
27 Тұрмағанбет оқулары 1
28 Махамбет Өтемісұлы 2 М.ӨТемісұлы өлеңдер жинағы Махамбет патриот ақын Реферат жазу Махамбет портреті, буклет
29 Махамбет- егемен елдіктің өшпес рухы (өлеңдерін мәнерлеп оқу) 1
30 Ы. Алтынсарин шығармалары 2 Таза бұлақ Әңгімелерінен көріністер дайындау Ыбырай портреті, хронологиялық кесте



31 А. Құнанбаев 3 А. Құнанбаев өлеңдері, Абай инсиклопедиясы Абай-дара, Абай – дана қазақта Портрет, буклеттер
32 Абай өлеңдері 1 А. Құнанбаев өлеңдері, Абай инсиклопедиясы Өлңдерін жаттау Портрет, буклеттер
33 Абай поэмалары 1 Сахналық қойылым
34 Абай қара сөздері 1 Абай қара сөздері Абай қара сөздерін жаттау Абай қара сөздерінен алынған үзінділер
35 Абай әндері 1 Абай әндерін орындау
36 Абай аудармалары 1 Абай аудармалары Үзінділер жаттау
37 Шәкәрім шығармалары 2 Шәкәрім өлеңдері, баспасөз беттер Өлеңдерін жаттау Шәкәрім портреті
38 Абай мен Шәкәрім оқулары 1
39 Ана – тіршілік тірегі (шығарма) 1
40 Сәйкестік тест 1 Тест құрастыру
41 М. Әуезов шығармалары 3 М.Әуезов І,ІІ,ІІІ,ІҮ,Ү томдары Реферат жазу хронологиялық кесте
42 Мұхтар шығармаларынан драмалық қойылым 1
43 М. Мақатаев 1 М.Мақатаев «Жырлайды жүрек», «Аманат» Өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу Буклет
44 «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша дебат сабақ 1

45 Мақатаев оқулары 1
46 Менің Отаным – Қазақстан (шығарма) 1
47 Әлем әдебиетіне шолу 1
48 Ә. Рудаки 1
49 М. Фраги 1
50 А. Пушкин 1 А. Пушкин өлеңдері
51 Р. Ғамзатов 1 Қосымша мәліметтер жинау
52 Ш. Айтматов 1 Сұрақтар әзірлеу Ш. Айтматов портреті, хронологиялық кесте
53 Ш. Айтматов «Найман ана» әңгімесі бойынша дебат 1
54 Шығармашылық жұмыс 2 Білім сайысы-2010
55 Сынақ хат 1
56 Елтаңбасы елдігімнің айшығы (шығарма) 1
57 Қайталау 1



Сабақтың тақырыбы:
А.Құнанбай өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ұлы Абайдың өмір жолынан мәлімет беру. Тәрбиелік мақсаты:
Оқушы дүние тану қалыптастыру , адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру.
Дамытушылық мақсаты:Ойлау қабілетін дамыту , сөз қабілетін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, буклет, Абай
энциклопедиясы

Сабақтың түрі . аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау ассосация,
Венн диаграммасы

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй тапсырмасын сұрау
3) Қосымша сұрақтар арқылы сабақты қорыту

Ә.Машарапов: Құрметті көрермен бүгінгі қайырлы таң бағдарламасына қош келдіңіздер!
Г.Әлмаханова: Қайырлы таң Қазақстандықтар. Атқан таңдарыңыз арайлы болсын.Бүгін күн бейсенбі.Яғни жетінші ақпан күні біз қазақтың ұлы ойшылдары Ы.Алтынсарин және Абай жайлы сыр шертпекпіз. Ә.Машарапов біздің студия қонақтарына сұрақтарыңызды қойып хабарласуларыңызға болады.

Г.Әлмаханова: Міне көрермендер алғашқы қонақтарымыз келіп үлгерді.Таныс болыңыздар 9 сынып оқушылары Г.Рахымова мен С.Ермаханов

Ә.Машарапов: Ал Сабыржан көңіл күйің қалай? Жақсы.Бұгінгі тақырып Ыбырай атамыз жайында осы кісінің өмір жолына тоқталып өтсек.

Г.Әлмаханова: Хабарласқан көрерменіміз бар екен сұрағын тыңдайық. /сұрақ қойылады/

Ә.Машарапов: Ал Гаухар жаңа Сабыржан Ыбырайдың өмір жолына тоқталып өтті.Енді Ыбырайдың шығармашылығы турасында әңгіме қозғасақ.

Г.Әлмаханова: Рахмет Гаухар,Сабыржан.
Енді Ыбырай атаға арнаған лебіздеріңді бір шумақ өлең жолдарымен болса да білдіріп өтсеңдер.Келіп ой бөліскендеріңізге рахмет.Білім үшін күресте еш аянбаңдар деген ізгі тілегімізді білдіреміз.

Ә.Машарапов: Құрметті көрермендер Ыбырай жайлы біздің білетініміз тек осымен шектелмеуі тиіс.

Үй тапсырмасын бекіту:
Енді Айна-ақпаратқа кезек береміз.



Жаңа сабақ.

Г.Әлмаханова: Студиямыздың келесі қонақтарын қарсыалайық.9-сынып оқушылары
А. Ұлықова. Ж.Кариева. А.Нұржанова
Ә.Машарапов: Қыздар қош келдіңіздер! Қалай жеттіңіздер?
Г.Әлмаханова: Көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгін біз ұлы Абай жайлы сіздермен ой бөліспекпіз.Құрметті көрермендер, қонақтарға қоятын сұрақтарыңыз болса, хабарласуларыңызға болады.
Ә.Машарапов: Ақгүл, Абайдың өмір жолына тоқталып өтсең.

Г.Әлмаханова: Абайдың әкесі Құнанбай жайлы да айта отырсаң?

Ә.Машарапов: Көрермендерден сұрақ бар екен, Берік атты замандасымыз хабарласып отыр сұрағын тыңдайық.

Г.Әлмаханова: Гүлбарша сөз кезегі өзіңде.
Абайдың қара сөздеріне тоқталып өтсең.Өзіңе қойылар сұрақ бар,тыңдайық.(сұрақ қойылады)

Ә.Машарапов: Көрермендерден сұрақ бар екен,Берік атты замандасымыз хабарласып отыр сұрағын тыңдайық.(сұрақ қойылады)

Г.Әлмаханова: Гүлбарша сөз кезегі өзіңде.(өлеңдер туралы мәлімет береді).Көрермендерден сұрақ қойылады).

Ә.Машарапов: Ал, Айнұр ендігі сөз кезегі өзіңде. (өлеңдер туралы мәлімет береді)Көрермендерден сұрақ қойылады.

Г.Әлмаханова: Бүгінгі студиямыздың келесі қонақтарымен таныс болыңыздар.аудандық Абай оқуларының ІІІ орын иегері Қалпиева Әйгерім және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»бөлімінің І орын иегері Шаймерден Сырым.

Ә.Машарапов: Әйгерім,Сырым қош келдіңіздер! Былтырғы оқу жылындағы жүлделерің тағы да құтты болсын.ІІІ орынды алған кезде қандай сезімде болдың? Сен ше,Сырым?

Г.Әлмаханова: Қалай жаттықтың?Жүз өлең жаттауға қанша уақытың кетті?

Ә.Машарапов: Сырым,саған ақындық жолға түсуіңе не әсер етті.Кез келген оқушы ақын болады деп ойлайсың ба?

Г.Әлмаханова: Әйгерім бізге бірнеше өлеңдер жатқа оқып берсең?

Ә.Машарапов: Сырым өз өлеңіңді көпшіліккке ұсынсаң.

Г.Әлмаханова: Рахмет,Әйгерім,Сырым келіп уақыттарыңды бөліп қонақ болғандарыңа көп-көп рахмет. Әрқашан үлкен жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз. Енді айна-ақпарат мәліметтеріне кезек береміз.

Жаңа сабақты бекіту.

Ә.Машарапов: Бүгінгі дайындаған хабарымыз аяқталды.

Екеуі бірге: Қош сау болыңыздар!!!

Үйге тапсырма:
А.Құнанбаевтың өмірі.

Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.