Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Лиро – эпостық жырлар -

Лиро – эпостық жырлар

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2766 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қарағанды облысы
Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, магистр
Оразбаева Дидар Такеновна
Ашық сабақ

Пән: Қазақ әдебиеті (Халық ауыз әдебиеті)
Тақырыбы: Лиро – эпостық жырлар

Оқыту мақсаты: Лиро – эпостық жырлар жайында мағлұмат беру, «Қыз Жібек», «Баян сұлу- Қозы Көрпеш», «Айман- Шолпан» жырларының тақырыбы мен идеясын ашу.Қайталау арқылы естеріне тереңдете түсіру, салу.

Дамыту мақсаты: Дүние тану жолындағы ой- өрісін, қиялының шамасын, еркін сөйлеуге, терең ойлауға, әдеби тіл байлықтарын дамытуға итермелеу.

Тәрбиелік мақсаты: Тапқырлыққа, достыққа баулыту. Елін, жерін, Отанын сүйюге, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес

Әдісі: Сұрақ- жауап, көрнекілік, мазмұнды- ізденушілік, топтық тәсіл.

Сабақтың типі: сайыс сабақ

Құрал-жабдықтар: Оқулықтар, «Екі мың жылдық дала тарихы», Алматы, 2000 ж, «9- шы сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы» Қ.Жұмалиев, Т.Ақшолақов, Алматы, «Рауан», 1995 ж, үлестірмелеі парақшалар, жұлдыздар, суреттер, Б.Уахатов «Алтын бастау» ,Алматы, «Рауан»,1993 ж, «1001 мақал», А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш», Алматы, «Атамұра»,2003 ж, Б.С. Рақымов, Б.М. Айтбаева «Алыптарды ажарлаған асыл сөз», Қарағанды, 2002 ж, «Асыл сөз», Т.Ақшолақов «Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау», Алматы, «Рауан», 1996 ж, дірістер мәтіні, магнитафон, проектор, «Гәкку» әуені; сақина, орамалдар.
Студенттердің шығармашылық жұмыстары: буклеттер, альбомдар, рефераттар, суреттер.

Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі, тарих, сурет, музыка

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру сәті: а) сәлемдесу, ә) оқушыларды түгендеу, б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Бүгінгі сабақтың мақсаты өткен лиро- эпостық жырларды қайталау. Ол үшін оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтың өз басшылары, ұраны, өзіндік белгілері болады. Топтың атаулары: «Лирика» тобы және «Эпос» тобы. Сайыс төрт кезеңнен тұрады.

3. Демеуші болатын білімді белсендіру:

Бірінші кезең: «Бәйге» деп аталады. Бұл кезеңде 20 сұрақ беріледі. Сол сұраққа жауап беріп, тобына ұпай алып келеді. Әр алған ұпайға жұлдыз беріледі.Бұл кезең ең басты кезең болғандықтан, топ құрамындағылар жақсы тырысу керек.

«Бәйге» кезеңінің сұрақтары:
1. Лиро- эпостық жырлардың басты тақырыбы не?
2. Лиро- эпостық жырларда не басым?
3. Ғашықтық жырлардағы басты кейіпкерлер кімдер?
4. Бұл жырлардың варианттары бар ма?
5. «Қыз Жібек» жырының кең қамтылған тұстары
6. Халықтың көшпелік тұрмыс- салтын бейнелейтін эпизодтар қай жырда жиі кездеседі?
7. «Қыз Жібек» жырында Төлеген Жібекке қалай ғашық болады?
8. Мына жыр шумақтары қай жырдан алынған:

Әуелеп ұшқан, алты қаз,
Етің шекер, сорпаң бал,
Атайын десем оғым аз
Қонар болсаң, жануар,
Міне майдан, міне саз,
Өлмеген құлға құдая
Болып қалды енді жаз...

9. Қазақ лиро- эпосының ішіндегі ең көнесі?
10. «Ер Төстік» ертегісіне ұқсайтын жыр?
11. Мына жыр шумақтары қай жырдан алынған:
Балталы, Бағаналы ел аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап- күліп, ер жеткен жер, аман бол!-

12. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры, -адал достықты жырлайтын дастан,- деп кім айтқан?
13. Жырдағы табиғат суреттері. Оны шығарма идеясын ашу мақсатында қаншама ұтымды қолдана білген?
14. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының қазіргі жастар үшін өнеге алар жағы неде?
15. «Айман- Шолпан» жырында қазақ елінің сол кездегі өмірі қалай бейнеленген?
16. «Айман- Шолпан» жырының басты идеясы не?
17. «Айман- Шолпан» жырында қолданылатын негізгі әдіс?
18. Баян мен Айман образдарының айырмашылықтары?
19. Шығыстық үлгідегі ғашықтық дастандар
20. А.С.Пушкин қағазға түсіріп алаған қазақтың лиро- эпостық жыры?

4. Теориялық сабақтың тақырыбы бойынша білімін тексеру:

Екінші кезең: «Шарықтау». Бұл кезеңде өздері оқып, дайындап келген жырларының тақырыбы мен идеясына талдау жасайды. Дұрыс әрі жақсы айтқан топқа бір жұлдыздан беріледі.

5. Өзіндік жұмыс:

Үшінші кезең: «Жұлдызды кезең». Бұл кезеңде екі топтың басшылары шығып, екі топқа «Ғашықтық дастандар» деген сөз тіркесі беріліп, 30 секунд уақыт беріледі. Осы сөзден мағыналы, мәнді сөз құрау керек, қай топ басшысы неғұрлым көп сөз құраса және мағынасы бар сөздер болса, сол топқа ұпай саны да беріледі. Осы кезеңнің жұлдыз саны 3- еу.

6. Сабақты қорытындылау:

Төртінші кезең: «Бекіту» кезеңі. Бұл кезең «Сақина тастамақ» ойыны арқылы өтеді. Бұл ойын қорытынды кезең болып есептелінеді, осы кезде барлық өтілген тақырыптар бойынша 5 сұрақтан кезекпен- кезек қатарынан бір топқа ғана қойылады. Сұрақ қойылған соң сақина жасырынған орамал кімге түссе, сол оқушы сұраққа жауап береді, не тобы жауап береді, ал жауап бере алмаса «Нар тәуекел» келесі топқа беріліп, ұпайы да сол топқа бұйырады. Соңында екі жақтың жинаған ұпай сандары саналады да жеңген топтың аты аталады.

1. «Лирика» тобының сұрақтары:
1. Қазақ халық ауыз әдебиетінің зерттелу тарихы, ауыз әдебиеті туралы түсінік және оның түрлерін айт?
2. Мақал мен мәтелдің айырмашылығын айт, мысалдар келтір?
3. Тарихи жырлар және оның батырлық жырлардан айырмашылығы мен ұқсастығын айт?
4. Аңыз деген не? Және оның түрлерін айт?
5. Ай мен Таңсық қай жырдың кейіпкерлері?

2. «Эпос» тобының сұрақтары:
1. «Тұрмыс- салт» жырлары туралы, оның түрлері жайында айт?
2. Лиро- эпостық жыр мен ғашықтық дастандардың ұқсастығы мен айырмашылығы?
4. Айман қандай образ?
3. Ертегілер, оның түрлері туралы айт?
5.Есет қай жырдың кейіпкері?

Кезең соңында магнитафоннан «Гәкку» әуенін тыңдату. Ол әуеннің қай фильімнен екенін және сол рольді кім сомдап, әнді айтқан әншінің кім екенін сұрау.

8. Үй тапсырмасы: «Лиро- эпостық жырлардың танымдық эстетикасы» тақырыбында конспект жазып келу.
Қосымша тапсырма: « Лирикалық жырлар шежіресі» тақырыбында буклет не альбом дайындау.

Оқытушы: Оразбаева Дидар Тәкенқызы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Көпсалалы Гуманитралы- Техникалық Университет колледжі

«Тілдер, ӘГП және құқық» кафедрасы

Бекітемін____________2010 г.
Каф. Меңгерушісі______Мақсұтова.Г.Х.

Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Лиро – эпостық жырлар»

Оқытушы: Оразбаева Д.Т.

Қарағанды 2010 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.