.
.
Ұлтжандылықтан туған ұлылық Ұлтжандылықтан туған ұлылық
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1568 | Размер: | Автор: Тәрбие(І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығынан өткенді қайталау)
Оқушы білімінің сапалы болуы сабақтың өтілу жүйесіне тікелей байланысты. Әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік бере отырып,оқушыны ізденіске баулуда әрбір шығармаға өз бетінше талдау жасай білуге, сөз өнерінің құдіретін түсіне білуге, өз ойын әдеби тілде жеткізе білуде сын тұрғысынан ойлау сабағының орны ерекше. ХІ сыныпта өтілетін І.Жансүгіров шығармашылығы бойынша "Ұлтжандылықтан туған ұлылық" атты сын тұрғысынан ойлау сабағымды ұсынамын.
Сабақтың жоспары
Білімділік: І.Жансүгіров туралы ойларын тереңдету, оның шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, ізденгіш қасиетін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақын шығармашылығы туралы білімдерін ұштастыру, жинақтау.
Тәрбиелік: Ақынды сүйе білуге, оның өлеңдері арқылы табиғатты, елді, жерді қадірлеуге, сабақ барысында бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың ғылымилығы:
1. І.Жансүгіровтың қазақ әдебиетіндегі орны (әңгімелер, фальетондар, поэзияның айтулы шебері, психолог, сыншы, стилист, аудармашы)
2. Ілияс- қазақ поэзиясын дүниежүзілік деңгейге көтерген қайталанбас ұлы суреткер.
3. І.Жансүгіровтың шығармашылығының негізгі тақырыбы заман шындығын бейнелеу екенін білу.
Көрнекіліктері: Ақын портреті, ақын кітаптары, тірек сызбалары т.б.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру, дәлелдеу, талдау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Оқушыларды топқа бөлу
1. "Сұңқар" тобы І деңгей
2. "Қыран" тобы ІІ деңгей
3. "Тұлпар" тобы ІІІ деңгей
Сабақты бөлімге бөлу арқылы жүргізу
Сабақтың жоспары: 1. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
2. Абайдың інілері,
Қазақтың ірілері.
3. Білімдіден аямай сөздің майын.
4. Даналар тереңнен ойлаған.
5. Ақын мұрасы - ұрпақтар жүрегінде
І. Сезіну бөлімі
1. Ой шақыру: а) Ақын деген киелі ұғым ойласақ...
ә) Ақындарды сұлтандардан артық санар кез келді (М.Шаханов)
б) Ақын деген киелі аққу самғаған.
в) Ақын деген халықтың синонимі
Оқушылар сұраулар арқылы өз ойларын ауызша ортаға салады.
ІІ. Ойлау бөлімі
1. Топтастыру стратегиясы
а) Ақын ә) Поэмалары б) Драмалары в) Поэзиясы г) Лирикалары
Зерттеуші, қоғам қайраткері, жазушы, шебер аудармашы т.б.
2. Дыбыстар сөйлейді стратегиясы
а) Ілияс ә) Құлагер б) Күйші в) Түрксіб г) Әнші
І--- Ілияс қазақ поэзиясының Құлагері
Л--- Лирикалық сезімге толы сыршыл ақын
И--- "Исатай-Махамбет","Кек", "Түрксіб" пьесалардың авторы
Я--- и- игі жақсылармен қатар аталатын қоғам ғайраткері
а- Ақан сері трагедиясы жайлы "Құлагер" поэмасын жазған
С--- Сыршыл ақынның шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындатқан еңбегі- "Жетісу суреттері"
Оқушылар өткен тақырыптан білімдерін көрсетіп, берілген тапсырмаларды орындау барысында ойланады, жазады, сөйлейді, пікір алмастырады, ой қорытады.
ІІІ. Дамыту бөлімі
1. "Еркін жауап" қоржыны.
Оқушылармен топтық жұмыстар
І деңгей Теориялық талдау жұмыстары
ІІ деңгей "Ақын" сөзіне анатация жазу
ІІІ деңгей "Еркін жауап" кестесі
"Еркін жауап" кестесі
Ақынның сөзі Менің ойым
Байдың шылауы едік,
Бәйбішенің тулағы едік,
Мырзаның әуесі едік,
Тұлпардың бәйгесі едік,
Найзагердің олжасы едік,
Саудагердің саудасы едік,
Қулардың қуыршағы едік.
2. Сэккуей (5 жолдан тұратын қорытынды өлең)
І топ ----- Ақын
ІІ топ ----- Құлагер
ІІІ топ ------ Отан
Тақырыпты түйіндеп айту, терең ойдың, сезімді қысқа сөзбен қамту.
3. Арнау. Ақынға арнау өлеңдер (Оқушылардың жеке шығармашылығы оқылады)
Қорытынды
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: "Ілияс - қазақ поэзиясының Құлагері" (шығарма)
Орал Мамбетаев
Абай атынд. Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.