Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұқағали поэзиясы -

Мұқағали поэзиясы

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1939 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Шығыс Қазақстан Облысы, Семей қаласы, №13 жалпы орта білім беретін мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмабекова Сауле Жұмабекқызы

Әдебиет 6 сынып

Тақыбыры: Мұқағали поэзиясы

Мақсаты: 1. Ақын шығармасын сезіне оқу, жаттау. Есте сақтау, мәнерлеп оқу
қабілеттерін жетілдіру.
2.Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту . Өлең құрылысын талдауға
жаттықтыру.
3. Ақын шығармаларын оқи отырып, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу.
Лириканы , поэзияны сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Іздену.

Көрнекілігі: Мұқағали портреті, Мұқағалидың шығармалар жинағы, үн таспа, қақпалар
суреті.

Эпиграф: «Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын».

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Кіріспе
Мұғалім: Ойың, қырың, Отаның түрленгенде,
Жан-жағыңды жақұттай гүл көмгенде,
Жар салмайсың, неге сен, қарсы алмайсың?
Анда-санда аулыңа бір келгенде,- деп бүгін бізге қонаққа арманшыл ақын, сыршыл ақын, өмірді, елін, жерін сүйген ақын- Мұқағали Мақатаев келіпті. Азамат жөнін сұрау- салтымыз, ендеше ақын аға анкета толтырсын. «Менің анкетам» рөлмен орындалады.
- Жақсы, рахмет!
Ендеше ақынға «Қош келіпсіз!» демекпіз.
Біз өткен сабақта М.Мақатаев өмірі жайлы білген едік, жаңа өздерін де куә болдындар. Олай болса, Мұқағали кім? (ассоциация жасау).
Балалар, бізді «Мұқағали әлемі» шақырады. Ол әлемге кірмес бұрын мына қақпалар есігін ашу керек. Әр қақпа тапсырмасын орындағанда ғана бізге жол ашылады. (сөздердің лексикалық мағынасын анықтау).
1.Тас қақпа сұрағы : «Күпі деген не?»
2. Темір қақпа сұрағы: «Көген деген не?»
3.Күміс қақпа сұрағы: «Желі деген не?»
4.Алтын қақпа сұрағы: «Шәйі деген не?»
(сөздер ақын өлеңінен алынған).
Қақпалар біртіндеп ашылып болғанда, астында «Мұқағали әлемі» деген сөз қалады.

Көрдіңдер ме, бізді «Мұқағали әлемі» тосып отыр.

1тапсырма: (үй тапсырмасы. өлеңді мәнерлеп жатқа айту).
1-топ: «Қайырлы түн»
2- топ : «Қара өлен»
3 -топ: «Елім барда»
4- топ: « Аспан – мынау, мынау- бақ»

2 тапсырма: Осы өлендері бойынша дайындалып келген тапсырмаларын қорғау.
1-топ: «Тілегіміз- бейбітшілік» тақырыбына шығарма.
2-топ: «Өнер алды- қызыл тіл» мақал-мәтел.
3-топ: «Туған ел, Отан» туралы сөзжұмбақ.
4-топ: «Табиғат-алтын бесік» сурет салу.

3 тапсырма: Әр топ өз өлендерін құрылысына талдау (неше шумақ, неше тармақ, неше буын, қандай ұйқас).

4 тапсырма: Өлеңнен айшықты сөздерді табу. (Теңеу, метафора, эпитет, кейіптеу).

Иә, балалар, сендер Мұқағали ақын жанын түсініп, шығармасын талдап жатырсыңдар. Ақын ешқашан өзінің осындай ақын екеніне мақтанбайды, ол өнерді кімнен үйреніп, кімнен алдым дейді? (эпиграфқа оралу). Сол себепті бабаларына алғыс айтып өткен ғой.
«Бабаларым, рахмет сендерге!» (үнтаспадан тыңдату).
Енді бүгін ақын-қонаққа арнап бес жол өлең құрастырайық.
Кім?
Кімнің?
Қандай?
Не істеді?
Түйін.
Сабақты бекіту, бағалау.
Үйге тапсырма: «Мен Мұқағалиды жасқы көремін» эссе.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.