Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұқағалитану -

Мұқағалитану

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 449 | Просмотров: 2972 | Размер: 105.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Т ү с і н і к х а т
Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған қаламы жүйрік жазушы, заманы мен халқы жөнінде ой толғанған ақиық ақын, ойшыл философ, аудармашы, сазгер Мұқағали Мақатаевтың шығрамалары мектеп оқушыларын тәрбиелеуде қолданатын баға жетпес құрал.
«Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағаның қарап ал,
Мұрам сол,жастар,бергенім»,-деп тұжырымдай жырға қосқан Мұқағали бүгін жарқын бейнесімен де жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Мұқағали тек қазақ әдебиеті тарихында емес, бүкіл қазақ халқының тарихындағы үлкен де ерен құбылыс. Тамаша ақынның, кемеңгер ойшылдың, дарынды сазгердің өмірі мен қайраткерлігі тарихи жағынанда әдебиет тұрғысынан да өте қызық. Сондықтан элективті курстың басты мәселелерінің бірі-жасөспірімдерді Мұқағали өмірі, шығармашылығы арқылы тәрбиелеу, олардың Мұқағали шығармаларын оқуға деген құштарлығын, белсенділігін арттыру, дамыту
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі-мектеп қабырғасында қабілеті анықталған жастардың талаптарын дамыту» керек екені айтылған. Осы орайда Мұқағалитану курсын жүргізудің қазақ әдебиеті пәні бойынша болашақта білімін жалғастырғысы келетін мектеп оқушылары үшін мәні зор.Еліміздің адамзат тарихында алатын орны, әдет-ғұрпы, салт-санасы Мұқағали шығармаларынан көрініс табады.
Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті» стандарты сәйкес және Қазақстан Респуликасының әдістемелік нұсқау хатына сүйене отырып жасалынды. Бұл курс аптасына бір рет, барлығы-34 сағатқа жоспарланған. Курс сабақтары әр түрде өткізіледі: сынақ сабақ, семинар сабақ, конференция сабақ, сайыс сабақ, саяхат сабақ т.б. Мұқағали шығармаларын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған.Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.

Мұқағалитану» курсының мақсаты мен міндеті:
1. Білімділік: Қазақтың қаламы жүйрік ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.
2. Дамытушылық: Мұқағалидың өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету.Оқушылардың Мұқағали өлеңдерін поэмаларын, аудармаларын талдау машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Мұқағали поэзиясының тереңдігін сезіндіру адамгершілік,
эстетикалық тәрбие беру, еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Мұқағали
шығармаларының таралуын насихаттау.

Күтілетін нәтиже:
«Мұқағалитану» элективті курсы бойынша балалар төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек: Мұқағали өмірбаяны; Мұқағали өмір сүрген ортасы; Мұқағали туыстары, отбасы жөніндегі мәліметтер; Мұқағали әжесі туралы зерттеулер; Мұқағали мұрасының рухани көздері; Мұқағали және батыс әдебиеті; Мұқағалидың Шекспирден, Дантенің Уитмен аудармалары; Мұқағали өлеңдеріне талдау жасай білу; Абай мен Мұқағалидың шығармашылық байланысы; Мұқағалидың сазгерлігін біліп шығу

« Мұқағалитану» арнаулы курсының мазмұны.
1-сабақ. Мұқағали-ақиық ақын
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірегейі, ақиық ақын – Мұқағали туралы жалпы мағлұмат беру
2-сабақ. Мұқағалидың балалық шағы.
Алматы облысы, райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келуі. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа тұс келуі, Он бір жасынан өлең жазуы. Әжесі Тиынның тәрбиесі арқылы талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуы;
3-сабақ. Азаматтық, ақындық қалыптасу ортасы.
Арнайы оқу орындарында білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп, газет-журнал беттерінен өлеңдерінің жарық көрінуі,аптал азаматтардың бірі атануы;

4-сабақ. Мұқағали лирикасы.
Тұңғыш өлеңдері Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» журналында, кейін «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.
5-сабақ Мұқағали поэзиясы.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсыеған Оның поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен көмкерілген.
6-сабақ. Мұқағалидың ағартушылық идеядағы өлеңдері.
Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. «Қазақтың құдіретті қара өлеңі, онда да бір сұмдық сыр бар естілмеген»дейді ақын. Ол дәстүршіл ақын, өнер мен ғылым үйрену арқылы көңіл көзін ашуға шақыруы;
7-сабақ. Мұқағали поэзиясындағы әділет ,ар тазалығы.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, сынға ұшырағанда да «ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана» деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым атаққа да қызықпаған.
8-сабақ. Мұқағалидың сөз өнерін бағалауы
Ақынның сөз өнерінің құдіретін түсінуге шақыруы;Абай салған соқпақты, әдеби дәстүрді, көркемдік тәсілді басшылыққа алуы; Өлең әлеміндегі, сөз патшалығындағы өзіндік жолы, өз бағдары бар ақын
9-сабақ Мұқағалидың саяси-әлеуметтік лирикасы.
Ақын қай тақырыпты жазса да, жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады. Ол туралы: «мен жырламаймын, сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, келмейді жыр жасағым» дейді. «Өмірдастан» атты топтамалы толғауында жесір жеңге образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар намыс, рух, нәпсі арасындағы толассыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген.

10-сабақ. Мұқағалидың философиялық лирикасы.
Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін «адам жанының инженері» болу дегенді ұстанады.
11-сабақ Мұқағали позиясындағы еңбек тақырыбы..
Еңбек тақырыбына байланысты ақынның жазған өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ұғыну.
12-сабақ. Мұқағали мысалдары
Мұқағалидың табиғат туралы, достық туралы, ана тақырыбында жазған өлеңдері, Отан тақырыбындағы мысалдарымен оқып, танысу
13 сабақ Мұқағали поэмалары
Мұқағалидың «Аққулар ұқйықтағанда» поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, «Райымбек, Райымбек» поэмасында ел тарихын суреттесе, «Жан азасы» поэмасында өмір туралы гимн туғызды Заман биігінен ой толғаған сөз зергерінің шынайы ақындық тұлғасы, азаматтық келбетінің танылуы;
14-сабақ. «Аққулар ұйықтағанда »поэмасы.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етеді.
15-сабақ. «Райымбек,Райымбек» поэмасы.
«Райымбек, Райымбек» поэмасында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту ұстап, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді. Кейіпкер бейнесін сомдауда заман шындығынан алшақ кетпеуі;
16-сабақ. «Жан азасы» поэмасы.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали «Жан азасы» поэмасында өмір туралы гимн туғызды. қазақтың қара өлеңінің үлгісіне жүгінуі;
17-сабақ.«Мұқағали тағылымы-өмір ұстанымы» шығарма.
Оқушылардың «Мұқағалитану» дәрісінен алған ой-өрістерінің деңгейін байқау; жазу стилін көркемдігін бағалау; ой еркіндігіне, тіл ерекшілігіне, терең ойлылығына мән берілуі;
18-сабақ. Мұқағали әндері .
Сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді әндердің туындыгері; Мұқағали өлеңдерңне ән жазылып,, оны көптеген әншілер орындауда. Өлеңдеріндегі дыбыстық үйлесім, ішкі ұйқастың берілуі; асқақ поэтикалық рухпен жырлануы;
19-сабақ. «Есіңе мені алғайсың», «Бақытыңды жырлайды» әндері.
Қазіргі эстрада әншілерінің орындауындағы Мұқағали әндерін тыңдау.
20-сабақ. Мұқағалидың прозалық шығармалары.
Прозалық туындыларындағы қазақ тұрмысынының реалистік бейнедегі көрінісі; халық ойының терең де, мол тұнбасы;халықтың ғасырлар бойы жинақтаған даналығы, тарихтың тағылымының біте қайнауы; терең философиялық ой, айшықты суреттермен берілуі;
21-сабақ. «Жыл құстары» повесі
Ең көлемді, ең күрделі туындысы екендігін айта кету

22-сабақ. «Марусяның тауы», «Әже» әңгімесі
Шағын шығармадағы Мұқағалидың өмірлік тәжірибеден жинақтаған, ұлағатты ой тұжырымдары, философиялық пайымдаулары; Өз әжесі туралы ой толғанысы
23-сабақ. «Қош, махаббат» пьесасы
Мұқағалидың бұл пьесасы алғашқы махаббатқа арналған және бұл махаббаттың сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді.
24-сабақ. Сыни еңбектері «Рух және сезім»
О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мәуленов, Мұқағали шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды.
25-сабақ Мұқағали аудармалары.
Батыстың озық ойлы әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржандарымен танысты
шығармаларын ерекше қастер тұтып, тәржімалауы;
26-сабақ. «У.Уитмен Шөп жапырақтары» аудармасы
Батыс классиктерінің аудармаларын оқып, танысу

27-сабақ. Шекспирден аудармасы «Сонет»
Шекспирдің «Сонеттер» атты аудармасымен танысу
28 -сабақ. Данте аудармасы «Құдіретті комедиясы».
Дантенің «Құдіретті комедиясымен » танысу
29-сабақ. Мұқағали және фольклер.
Мұқағали поэзиясының халық поэзиясынан үлгі ала отырып, Абай және халық поэзиясын дамытушы екендігі; ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін қатар меңгере білгендігі;
30-сабақ. Мұқғали және Сергей Есенин.
Ақиық қазақ ақыны Мұқағали мен орыс классигі Сергей Есениннің тағдырлас, ө-мір сарынының үйлесімділігі туралы айту, өлең жыр шумақтарынының бір –мәндес болуына тоқталу

31-сабақ. Мұқағали және салауатты өмір.
Мұқағалидың өз заманындағы қаламы жүйрік ақын , кемел көсем сөзші екендігі; құсбегі, мерген болғандығы;
34-сабақ. Мен таныған- Мұқағали (ой толғау).
Мұқағалидың әр қырлылығы; оның ақындығынан басқа өмірден үлкен соққы жеп-, өз ақындығының мәртебесін көре алмай кетуі туралы айту , «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидың барлық еңбектерін қорытындылау

«Мұқағалитану» арнаулы курсының бағдарламасы
Р/с Сабақ тақырыбы Сағат саны Уақыты
1 Мқұағали-ақиық ақын 1
2 Мұқағалидың балалық шағы 1
3 Азаматтық, ақындық қалыптасу ортасы 1
4 Мұқағали лирикасы 1
5 Мұқағали поэзиясы 1
6 Мұқағалидың ағартушылық идеядағы өлеңдері 1
7 Мұқағалидың поэзиясындағы әділет ,ар тазалығы 1
8 Мұқғалидың сөз өнерін бағалауы 1
9 Мұқағалидың саяси әлеуметтік лирикасы 1
10 Мұқағалидың философиялық лирикасы 1
11 Мұқағалидың поэзиясындағы еңбек тақырыбы 1
12 Мұқғали мысалдары 1
13 Мұқағали поэмалары 1
14 « Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 2
15 «Райымбек-Райымбек» поэмасы 2
16 « Жан азасы» поэмасы 1
17 «Мұқағали тағылымы-өмір ұстанымы» шығарма
18 Мұқағали әндері 1
19 «Есіңе мені алғайсың», «Бақытыңды жырлайды» әндері 1
20 Мұқағалидың прозасы 1
21 «Жыл құстары» повесі 1
22 «Марусяның тауы», «Әже» әңгімелері 1
23 «Қош, махаббат» пьесасы 1
24 Сыни еңбектері «Рух және сезім» 1
25 Мұқағали аудармалары 1
26 «Шөп жапырақтары»аудармасы 1
27 Шекспирден аудармасы «Сонет» 1
28 Данте аудармасы «Құдіретті комедия» 1
29 Мұқағали және фольклор 1
30 Мұқағали мен Сергей Есенин 1
31 Мұқағали жіне салауатты өмір 1
32 Мен таныған-Мұқағали (ой толғау) 1

Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Мұқағали шығармалары. «Жазушы» баспасы,1988ж
2. Мұқағали Мақатаев. Алматы 1989ж
3. Мұқағали «Өмірдастан», Алматы 2003ж
4. Мұқағали «Жылап қайттым өмірдің базарынан» (өлеңдері мен шығармалары
5. Ш.Сәтпаева « Ақиық ақын» А.1990ж
6. Қазақ әдебиеті оқулық «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
7. Қазақ әдебиеті оқулық «Райымбек, Райымбек» поэмасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұқағали Мақатаев шығармалары, Алматы, «Жазушы» баспасы,1988ж
2. Поэты казахстана, Ленинград,1978ж
3. Мұхаметжанов Қ. Мұқағали. «Қазақ әдебиеті»,1988ж,15 сәуір
4. Сәтбаева Ш. « Ақиық ақын», Қазақ ССР Ғылым академиясыныуң хабарлары, тіл, әдебиет сериясы,1988ж, №8
5. Мұқағали Мақатаев (методикалық нұсқау) А,1989 ж
6. Ж.Ахметова «Мұқағали мен фольклор» А, «Атамұра»,2003ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.