Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» -

М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 355 | Просмотров: 4052 | Размер: 13.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Ақтөбе № 2 МОМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнур Абдигалиева
М. Дулатов
«Шешенің балаларын сүюі»
(8-класс)

Сабақтың мақсаты: а) Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының
қыр-сырын меңгеріп, тереңдей бойлату. Оқулықта берілген
өлеңіне жан-жақты талдау жасай отырып, тақырыбын ашу;
ә) оқушыларды өз беттерінше әрекеттендіру арқылы сын
тұрғысынан ойлауы мен жазуын дамыту;
б) оқушыларды ананы сүюге, құрметтеуге, сыйлай білуге
баулу, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойлау мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд материалдары
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен түсіндіру.
ІІ. Жаңа сабақ
Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын хронологиялық кесте арқылы түсіндіру.
№ Жылдар Өмір жолы Шығармашылығы
1. 1885 ж. 25- қараша Қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин ауданында, Қызбел деген жерде дүниеге келген
2. 1897-1902 ж.ж. Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды.
3. 1905-1907 ж.ж. Бала оқытады. «Серке» газетінде «Жастарға» өлеңі басылады
4. 1909 ж. Қызылжарда тілмаштық қызмет атқарады. «Оян, қазақ!» жинағы жарық көреді
5. 1910 ж. «Қазақ» газетін А.Байтұрсыновпен бірлесіп шығарады «Бақытсыз жамал» қазақша тұңғыш роман
6. 1911 ж.маусым Семейге келгенде тұтқындалып, 19 ай қамауды отырады. «Азамат, Тұмар« жинақтары шығады»
7. 1913-1918 ж.ж. «Қазақ» ғазетінде жауапты хатшы қызметін атқарады
8. 1922 ж. Алаш қозғалысына қатысқаны үшінқамауға алынып, орынборға жіберіледі де қамаудан босатылады.
9. 1922-1926 ж.ж. Орынборда интернат оқытушысы, Қызылжар, Семейде сот мекемесінде, Қызылордада баспасөзде қызмет атқарады. «Есеп құралы», «Қирағат кітабы» атты еңбектері шығады
10. 1928 ж. Қамауға алынады.
11. 1930 ж. Ату жазасына кесіледі, кейін 10 жыл абақтыға ауыстырылады.
12. 1935 ж. Ақтеңіз-Балтық каналы бойындағы Сосновец лагерінде ауыр науқастан қайтыс болады.
13. 1988 ж. 27 қазан Қазақ ССР прокуроры тексеру нәтижесінде ақтады
14. 1992 ж. Торғай өңірінде өз есімімен аталатын ауылға сүйегін жерлейді.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін оқып. Мазмұнын ашу. Талдау.
Бұл өлеңде ана баласы жақсы болса қуанып, жалқау болса уайымдайтындығын, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, баласы үшін мақтанып, төбесі көкке жетеді деп ананың баласына деген ыстық ықыласын, махаббатын жыр етеді.
Өлеңді құрылысына талдау.
Кім сендерді балалар сүйетұғын, А
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын? А
-Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Б
Шешең байғұс дамылсыз ж,ретұғын... А

Өлең 4 шумақтан, әр шумағы 4 тармақтан, з бунақтан, 11 буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасына құрылған.

ІV. Бекіту. Ой-толғаныс
Эссе «Бүгінгі сабақта алған әсерім»
(Оқушының эссесін тыңдау, талдау)

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Ана туралы толғанбаған жан кемде –кем. Данышпан да, ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. Пейіш ананың табанының астында деген сөз тегін айтылмаған. Хадистен алынған реуаяттың өзінде мынадай тәрбиелік мәні зор әңгіме бар. Мәдинада тұратын бір асқан бай Мұхаммед пайғамбарымызға келіп, «мен құдайдың ризашылығына бөленіп, о дүнииеге барғанда жәннатқа кіргім келеді. Сол үшін не істеуім керек? Кімге жақсылық жасайын?» - деп сұрайды.
-Анаң бар ма?-депті пайғамбар.
-Бар.
-Онда жақсылықты анаңа жаса депті.сол күннен бастап әлгі бай анасына қызмет етеді, құрмет көрсетеді. Біршама уақыт өткен соң әлгі бай пайғамбарғқайта барып, «Анама жақсылық жасадым,енді кімге жасаймын?» деп сұраса, «Тағы да анаңа!» деп жауап беріпті. Бай анасына бар қызметін жасайды. Төрт әйеліне де «анама қараңдар» деп тапсырады. Араға біраз уақытты салып, бай пайғамбарға тағы келіп, «анама бар жақсылығымды жасадым, енді ол маған риза шығар, енді кімге жақсылық жасасам екен?» дейді. Сонда пайғамбар «Тағы да анаңа жаса!» деген екен. Бай анасына жалықпай қызмет жасап күтеді. Мәдинадан Меккеге дейін анасын жаяу арқалап қайтады. Сөйтіп, «Мен сияқты анасына ешкім жақсылық жасамаған шығар» деп пайғамбарға қайтып келеді. Сонда пайғамбар «Сен анаңның бір түнде бір-ақ рет оянып емізген еңбегін ғана ақтадың . Әрі қарай анаңа қызмет көрсетуді жалғастыра бер» деген екен.
Демек, дүниеде ана алдындағы парызды өтеу мүмкін емес. Сондықтан да анамызды құрмет тұтуды азаматтық міндетіміз деп ұғына отырып, Шәмшінің «Ана туралы жыр» өлеңін тыңдайық.

Үйге тапсырма М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы, өлеңді жаттау.
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.