.
.
Қызылорда облысы Арал ауданы, Жақсықылыш кенті №19 орта мектебі Мұхтар Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 527 | Просмотров: 11196 | Размер: 8.7 Kb | Автор: ТәрбиеСАБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Мұхтар Әуезов
«Қараш-қараш оқиғасы»
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
БІЛІМДІЛІК:Оқушылардың Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы бойынша
білімдерін кеңейту,Бақтығұлдың іс-әрекетіне баға беру,
«қараш-қараш оқиғасы»хикаятын қорыту.
ДАМЫТУШЫЛЫҒЫ:Сын тұрғыдан ойлап,өз пікірін қорғауға
дағдыландыру,оқыған шығармаларының
кейіпкерлерімен салыстыру,олардың іс-әрекеттеріне
орай баға бере білуге баулу.
ТӘРБИЕЛІГІ: Ақыл-ой,адамгершілік тәрбиесін беру,адалдыққа,жақсы
қасиеттерге үйрету.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ:Аралас
САБАҚТЫҢ ТИПІ:Жинақтау,бекіту
САБАҚТЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ:Мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап,пікір айту,
сөздікпен жұмыс.
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:Тарих
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ:1.Мұхтар Әуезов портреті.
2.Ш.Мұртаза,Т.Рысқұлов суреттері.
3.М.Әуезов өмірі мен шығармашылығына
хронологиялық кесте.
4. Мұхтар Әуезов, Ш.Мұртазаның кітаптары.
5.Венн диаграммасы.
6.»Тұжырым» кестесі.
7.Жоспар жазылған плакат.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
I. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:Оқушыларды сабақ өтуге дайындау.
II. ЖАҢА САБАҚ:
I.Балалар,біз М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы»хикаятының үш сағатын өттік,бүгін соңғы сағаты қорытынды сабағын өтеміз.
Мына жоспар бойынша хикаяттың мазмұнына шолу жасаймыз.
1.Тектіғұлдың арманы.
2.Бауырдың кегін қуу.
3.Қуғыншылар.(Осы бөлімде көрініс көрсетіледі).
4.Батыр аңғал.
5.Қате жол.(Бұл бөлімде де көрініс қойылады.)
6.Сатқындық.
7.Қуғында.
8.Қайтқан кек.
II.Сұрақтар ілінеді,оқушылар жауап беруі керек.
1.Шығарма қандай көңіл күй,қандай психологиялық күйзелістен басталады?
2.Тектіғұл өліміне не себеп болды?
3.Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
4.Оның алғашқы әректі неліктен сәтсіз аяқталды?
5.Бұдан соң Бақтығұл қандай шешімге келді?
6.Бақтығұл пана іздеген Жарасбай қандай жан?
III.»Тұжырым» кестесі толтырылады.
Кейіпкер Іс-әрекеті Адами қасиеттері
Тектіғұл
Бақтығұл
Сәлмен
Жарасбай
IV.Хикаяттағы кейіпкерлердің іс-әрекеттерімен адами қасиеттерін білдік.
Венн диаграммасы ортақ қасиеттерді саралайды.
Осы кейіпкерлерді Эйлер шеңбері арқылы топтастырамыз.
Кедей Бай
Ағайынды Өзгелердің
Намысқой қолымен
Бауырмал от көсейді
Қайратты Әділетсіз
мейірімсіз
V. Бақтығұл бейнесі.
1.Бақтығұл өзінің қателескенін қалай түсінді?
2.Билер сотында Бақтығұлдың Жарасбай туралы ештеңе айтпауын қалай түсінесіңдер?
3.Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес,Жарасбай болысты өлтірді?
4.Бақтығұлға баға бер.
Топтастыру әдісі
Бақтығұл
VI.Жазушының тіл көркемдігін,суреттеу,баяндау шеберлігін мәтіннен мысал ала отырып дәлелдеу.
Табу керек. Ізденіс әдісі.
1.Жазушының Бақтығұлды суреттеуде қолданған ұқсату,теңеу сөздері мен сөз тіркестерін табу.
2.Жазушы шеберлігін танытатын тұс,автордың табиғат суретін кейіпкердің ішкі дүниесіне сай суреттеуі.
3.Бақтығұлдың ерекше тұлға екенін жазушы қалай суреттейді?
4.Талғар сайының пейзажын мәтіннен тауып оқы.
5.Бақтығұлдың монологтарын мәтіннен тауып оқы.
VII.Сөздікпен жұмыс.
Ұры-затты,нәрсені ұрлаушы адам.
Ұрлық-біреудің затын рұқсатсыз алу.
Кек-біреуге,жауға деген өшпенділік.
Жоқшылық-кедей,жарлы болу.
Зорлық-Қиянат,зәбір көрсету,жала.
Паналау-Сүйеніш ету.
Барымта-жауласқан екі елдің мал-мүлкін бір-бірінен күшпен тартып алуы.
VII.Балалар,біз бүгін қорытындылап отырған М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы»төменгі сыныпта өткен қандай шығармаға ұқсас? (Оқушылар жауабынан кейін)
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романына ұқсас.Бұл роман Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қайраткерлігіне арнал ған.
Біз «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы танысқан Бақтығұлдың өмірдегі прототипі(бейнесі)тарихи тұлға –Рысқұл Жылқайдаров.
Бұл қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі.
Рысқұл 1904 ж.желтоқсан айында өз еліндегі қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы,Түлкібас ауданындағы Саймасай Үшкемпіров деген болысты халыққа жасаған қиянаты мен әділетсіз іс-әрекетіне шыдамай атып өлтірген.
Сол кезеңде Рысқұлдды Алматы түрмесіне жабады.
«Қараш-Қараш оқиғасы» «Қызыл жебе»
Сейіт Тұрар
Бақтығұл Рысқұл
Жарасбай Саймасай
М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» 1927 жылдың желтоқсан айы мен 1928 жылдың қаңтар айларында жазылған.1959 ж.қайта өңделіп басылған.
1961 ж.орыс тіліне аударылған.1968 ж. «Қазақфильм»мен «Қырғызфильм»
киностудиялары бірігіп «Асуда атылған оқ»деп аталатын көркем фильм түсірген.Бұл шығармаға француз жазушысы Андре Стиль жоғары баға берген.
«Қараш-Қараш оқиғасы» секілді туындыны өмірге әкелген Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы француз жазушысы Луи Арагонның пікірін тыңдайық.(Л.Арагонның М.Ә. туралы пікірі үнтаспадан тыңдалады)
Оқушыларды бағалау:Жақсы қатысып,сұрақтарға жауап берген оқушылар
бағаланады.
Үйге тапсырма: М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»
Келесі сабақта Бақтығұл бейнесінен шығарма жазылатындығы
хабарланады.
№19 орта мектеп
Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақтың тақырыбы
«Қараш-Қараш оқиғасы»
8-сынып
Өткізуші мұғалім:Жанзақова Р
2007 ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.