Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Мақатааев «Аққулар ұйықтағанда» -

М.Мақатааев «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 251 | Просмотров: 1727 | Размер: 7.9 Kb | Автор: Тәрбие
. Елеуова Замзагүл Амангелдіқызы
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Қоныстану селосы
Жаңашаруа қазақ орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатааев «Аққулар ұйықтағанда»
поэмасы (2-сағаты)
Сабақтың мақсаты: Ақын шығармаларының тақырыбын, идеясын ашу, поэзиясының өміршеңдігін таныту, дастанның тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашу;
Міндеттері: 1.Мазмұнға байланысты:
- Ақын шығармасын оқи отырып, композициялық құрылысымен танысады.
- Шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттай алады.
2. СТО-ға байланысты:
Тақырыпты меңгеру барысында СТО әдістері арқылы білімдерін ортаға сала отырып, өз ой-пікірлерін қорытындылайды.
3. Топтық жұмысқа байланысты:
Топтағы жұмысты ұйымдастырады, жұмыс нәтижелерін көрсете біледі.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгеру
Сабақтың түрі: жаңалықты қолдану сабағы
Сабақтың әдісі: СТО әдістері
Сабақ жабдықтары: ақын портреті, бүктемелер, шығармалар жинағы,
І. Қызығушылықты ояту:
1. Мұқағалидың «Қайырлы түн», «Үш бақытым» өлеңдерінен үзінді оқылады. Оқылған шығармалардың аты мен авторы оқушылардан сұралады.
2.Мұқағали кім? деген сұраққа жауап алынады.
3. 3 топқа топтастыру әдісі бойынша тапсырма беріледі.
1-топ: Мұқағали кім?

2-топ: Ақынның шығармалар жинағы

3-топ: Ақын өлеңдеріне жазылған әндер

(бұл бөлімдегі тапсырмалардың бәрі үй тапсырмасын сұрау, бекіту болып табылады).
БҮҮ әдісі бойынша оқушыларға парақша таратылып беріледі. Бұл парақша сабақтың өн бойына толтырылып отырады.
Білемін Үйренгім келеді Үйренгенім
Ақын өмірі, шығармалары, өлеңдері, жинақтары жөнінде,т.б.



ІІ. Мағынаны тану
1. Болжау әдісі бойынша кесте толтырылады.

Шын мәнінде не болады деп ойлайсың? Қандай дәлелің бар? Шынында не болды?



2. Оқушы түсінігін пысықтау
3. Топтық жұмыстар. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.
1-топ: «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша өзіне ұнаған үзіндіні қолданып, не себепті осы үзіндіні алғанын түсіндіру
Мәтіннен үзінді Не себепті таңдадыңыз?


2-топ: Өлеңді құрылысына қарай талдау
3-топ: «Оқиғаны қалай аяқтаған болар едің?»
ІІІ. Ой толғаныс
1-топ: «Аққуды атуға болады» (пікір білдіру)
2-топ: «Аққуды атуға болмайды» (пікір білдіру)
3-топ: «Менің ой толғанысым» эссе жазу
ІҮ. Қорытындылау
БҮҮ әдісі бойынша кестені толықтыру
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Оқушылар, ақын Ф. Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық» деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың ұрпағысыңдар. Ендеше, осы сұлулықты жанымен сүйген Мұқағали ақынның аса құрметтеген адамының бірі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдайық (күй тыңдалады)
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
А) Поэмадан үзінді жаттау
Ә) Топ болып көрініс дайындау
Б) Аққу туралы мақал-мәтелдер жазып келу, поэма желісі бойынша сурет салу
В) Аққу туралы кімнің қандай шығармасы бар, сол жөнінде оқып, шығармасымен танысып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.