.
.
Алматы облысы «Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандары»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2849 | Размер: | Автор: ТәрбиеҚарасай ауданы
Еңбекші орта мектебі
Аудандық семинар
«Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандары»
Үлгілі сабақ
Нұрғалиева Қ.М.
2013-2014 оқу жылы
Күні: 30.10.2013 жыл Бекітемін:
Сынып: 10 «А», «Ә»
Пән: қазақ әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандары.
Сабақтың білімдік мақсаты: Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандарының мазмұнын меңгерту, ақын шығармаларынан игерген білімдерін тың мәліметтер беру арқылы тереңдету, деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы бағалау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Айтыскер ақын, жырау шығармалары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, ақын көтерген тағылымды дүниелерден үлгі – өнеге алуға шақыру;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Венн диаграммасы, шығармашылық ізденіс жұмыстары, топтастыру, бес жолды өлең стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақын өмірі туралы сызба – кесте, ақын шығармашылығына арналған слайдтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындау, сабаққа қатынасын белгілеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
Жоспары:
1. Мұрат Мөңкеұлының өмірі туралы түсінік. Ақын өмір сүрген кезең.
2. Мұраттың арнау өлеңдері, олардың тақырыптары.
3. Ақынның сұлулық тақырыбына арналған өлеңдері, мәнерлеп жатқа оқу, мазмұнын түсіндіру.
4. Мұрат – айтыскер ақын.
5. Ақын жырларының көркемдігі.
6. Мұрын жырау естеліктері.
Үй тапсырмасын бекіту
Венн диаграммасы негізінде салыстыру.
Бір шумақ өлеңін алып, талдау жасау.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
Оқулықпен жұмыс.
Жоспары:
1. Мұрат толғауларындағы ел – жұрт басына түскен ауыртпалық.
2. Туған жерді қорғауға, ерлікке шақырған толғаулары.
3. Қосымша мәлімет.
4. Түйін.
4. Сабақты бекіту кезеңі.
Ақынның дастан – толғауларының аттарын жазу, әрбір оқушыға толғау – дастандардан үзінді оқыту, мазмұнын айту.
Толғаулары: «Топқа түскендегі толғауы», «Мұраттың жалпыға айтқаны».
Дастандары: «Шалкиіз», «Қазтуған», «Үш қиян», «Қарасай – Қази».
Интернет материалдары.
Бес жолды өлең стратегиясы және ұйқасын тап ойыны арқылы оқушылардың білімдерін бекіту.
5.Сабақты қорыту кезеңі.
Мұрат Мөңкеұлының дастан – толғауларының қазіргі дәуір үшін маңызы. Ой – толғаныс. Оқушылардың өз пікірлері тыңдалады.
6. Сабақты бағалау кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне, сөйлеу мәдениетіне, оқу мәнеріне, түсінігіне, ізденісіне қарай білімдері бағаланады. Оқушылар өзін – өзі бағалайды.
7. Үй жұмысын беру. Ақын толғау - дастандарын оқып, мазмұнын айту, талдау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.