Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Шаханов «Отырар» -

М.Шаханов «Отырар»

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 317 | Просмотров: 2046 | Размер: 13.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы:М.Шаханов «Отырар».
Мақсаты:
А)Білімділік: Балаларға М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, «Отырар» өлеңін мәнерлеп оқып,қазақ ұлтының қиын да, қатерлі талай асулардан өткеніне тоқталып,өлең идеясын ашу.
Ә)Дамытушылық: «Отырар» өлеңі арқылы балаларға қазақ халқының тарихы жайлы мағлұматтар бере отырып, балалардың логикалық ойын дамыту.
Б)Тәрбиелік:Осы өлеңді түсіндіре отырып, қазақ халқының өршіл рухын,көрген қасірет, бойындағы сақтай білген асыл қасиеттерін бала санасына ұялата біліп,сұлулық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Ассоциациялау,түсінік, сұрақ-жауап, тест
Сабақтың көрнекілігі:М.Шахановтың портреті,жинақтары,нақыл сөздер жазылған билбордтар, «Көне Отырар» , «Отырардың күйреуі» суреттері
Пәнаралық байланыс:Тарих,география.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сыныпқа келіп,оқушылармен сәлемдесіп,қатысуын тексеру.
2.Балалар назарын сабаққа аудару.
3.Үй тапсырмасын қорытындылауға арналған тест сұрақтары
М.Жұмабаев «Балалық шақ» Өлеңі бойынша дайындалды.Өлеңді жаттаған 2-3оқушыға айтқызу.
Мен сендерге зымыран сұрақтар дайындап келдім:
1.М.Жұмабаев қай жылы қай өңірде туылды?
2.Оның қандай керемет поэмасы бар?
3.Қандай өлеңдері бар?
4.Бала Мағжан табиғатты қалай сүйді?
5.Мағжан қандай медреседе оқыды?
ІІ.Жаңа сабақ.Ал, балалар М.Жұмабаевтың «Балалық шақ» өлеңін оқып,балалық бал дәуренге саяхат жасадық.Ал, бүгінгі жаңа сабағымызда М.Шахановтың «Отырар»дастанын өтеміз.М.Шахановтың «Отырар»дастанын жазуға не себеп болды екен? Мүмкін Мұхтардың балалық шағы сонда өтті ме?Ия,шындығында М.Шахановтың балалық шағы сол өңірде өткен екен.Әкесінің айтқан ескі Отырар жайлы әңгімелері осы Отырар дастанын жазуға себеп болған екен.
1.Тарихымызда талай-талай ақын,әнші ірі-ірі тұлғалар өткен. Қазіргі заманымыздың ірі тұлғасы М.Шахановты бұрыннан Арал проблемасын көтеруші,Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі мемлекеттік тілді қызғыштай қорып жүрген кісі ретінде білсек,қазір сан мыңдаған ғасыр бұрыннғы тарихымызды бізге жеткізе білген ақын ретінде танимыз. 2.Отырыр сөзін ассоциациялау.

1.Қала,шаһар, кент, ауданы,
2.Кітапхана, базар.
3.Хан, билер.
ІІІ.Суреттеге қарап,Отырардың бейнесін тамашалау.Құм басқан төмпешіктер,қираған қала,мидай жазық дала-бұл бүгінгі Отырардың көрінісі.Осы көріністі өлең етіп жырлауға М.Шахановқа не себепкер болды?Бұлсұраққа жауап ретінде Мұхтардың әкесінің досына жазған хатынан үзінді келтіруге болады. « Атадан балаға ауысып келе жатқан дәстүр бойынша ұлымды тіземе отырғызып,Отырарды қорғау жолында опат болған, ұлы бабаларымның жанқиярлық күресін әңгімеледім»..
IV. «Отырар» өлеңінің мазмұнымен толық танысу.
V.1219 жылы қыркүйек айында Монғол билеушісі Шыңғысхан жасағы Отырар қаласын басып алады.Өлең –Шыңғысханның ұлы Шағатайға ұрысынан бастау алады.Алты ай бойы жеңілмеген Отырар алты-ақ күнде жермен-жексен Қирайды.Осы тарихи шындықты ақын М.Шаханов негізге ала отырып,сыртқы басқыншы жауға қарсы күрескен Отырар халқының ерлік ісін, оның басшысы Қайырханды мадақтап жырлайды.Сол арқылы еліне,отанына опасыздық жасаған сатқынның қай дәуірде де сазайын аларын сездіреді.
Өлеңді 3 қатарға бөліп беріп оқытып,түсініктерін сұрау.
Рухы-өр,
Тәні бекем,
Бұл бірқайсар халық екен,
Тірліктен де артық қойған бірлікті,- деген Шағатай сөзінде біздің қазақ халқының қайсарлығын,қайраттылығын, рухының жоғары екендігін білдіріп тұр. «Отырарды мен қорғасам кайтер едім?»- деген тақырыпқа шағын мәтін жазу.
ІІІ. Сабақты қорыту.
Біз балалар «Отырар» поэмасын өтіп,кішкене болса да, білім қорларымызды кеңейткен сияқтымыз.Тарихты, халықты білдік,ерлік –батырлықты,өрлік-билікті,тіпті сүйікті ақынымыз М.Шахановты кеңінен таныдық.

Қорыта келгенімізде ,біз поэма арқылы қазақ деген қайсар халық екенімізді білдік.Дастаннан Отырар-атты әйгілі шахарымыз болғандығын,сол Отырарды қорғау жолындағы бабаларымыздың жанқиярлық күресте опат болғандығын аңғардық.Сол дәуірде Отырар жеңіліс тапқанымен,қазақ елінің сағы сынбады,қайта елге, отанға,жерге деген сүйіспеншілігі артып, рухы әркез асқақ та биік тұрды.Соның бір айғағы,Рухы өр, тәні бекем қазақ жастарының 1986 жылғы орыс отаршыларына қарсы ұйымдастырған желтоқсан көтерісі.Талай жас қырғынға ұшырады,елі үшін қаза тапты.Сол кездердегі қазақ халқына ұлтшыл деп кінә таққан КОКП Орталық Комитетінің саяси бюросына М.Шаханов ағамыз қарсы шығып,еліміздің тәуелсіздік алуына мұрындық болды.Қазақ елі талай қиын өткелдерден өтіп,бүгінгі күні тәуелсіз ел атанып,бақытты ғұмыр кешуде.Бүгінде тәуелсіздіктің 20 жылдық тойын өткізуге дайындық үстінде.Еліміз қарыштап дамуда.Соның бір айғағы енді он күннен кейін, дүние жүзіне мәлім үлкен «Азиада» сайысының елімізде өтуі.Осының бәрі рухымыздың өр екендігінде.
Үй тапсырмасы:Бүгінгі сабағымызды қорытындылай отырып, үйге тапсырма алайық.Өлеңді мәнерлеп оқу,өздеріңе ұнаған тұсын, бөлімін жаттап келу.

№264 мектеп-лицей

Ашық сабақ

Тақырыбы:М.Шаханов«Отырар»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі :Жәнібекова Н

Қызылорда,2011 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.