.
.
І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 335 | Просмотров: 3222 | Размер: 8.5 Kb | Автор: Тәрбие(сын тұрғысынан ойлау технологиясы)
9 – сынып
Өткізген: Қожанова Г
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2006 – 2007 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы
Сабақтың мақсаты: білімділік: Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай отырып, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі мен жазушының образ сомдаудағы шеберлігін таныту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, ананы аялауға, адами, мәдени құндылықтарды бағалау білуге, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: тіл мәдениетін, танымдық қызығушылығын, ой-өрісін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Оқытудың формасы: ұжымдық
Оқытудың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Ғ.Мүсіреповтің портреті, шығармалар жинағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Танысу
Ұстаз тұлға. Арнаған көпке ісін.
Әр ғылымның ақтарған сыр кенішін
Үргенішбаев мектебінен келіп тұрмын
Сіздерді білімменен баурау үшін.
2. Сөз зергері өмірден өрнек төккен
Тарих – шежіресін ақтап өткен
Дара ана Ұлпан жайлы сырды қозғап
Ұрпағына «Ұлпан – мұра» тастап кеткен
Ұлы жазушы Ғ.Мүсіреповтың Ұлпан романына талдау жасаймыз.
ІІ. Не білеміз?
Деңгейлік сұрақтар.
ІІІ. Ғ.Мүсірепов кім? Ол туралы не білесің?
2. Жазушы шығармашылығы туралы не айта аласың? Қандай шығармалары мен таныссың?
3. «Ұлпан» романы жазылу тарихы туралы не білесің?\
4. Романда қандай күй аттарын кездестірдің? Оны кім тартады?
ІІ. Роман не себепті «Ұлпан» деп аталған? Ойыңды мысалмен түсіндір.
2. Есеней Ұлпанды не себепті «Ақ нарым» деп атаған? Романнан үзінді келтіре отырып түсіндір.
3. Ұлпан кімді өзіне аға тұтты, не себепті? Бұл жерден Ұлпан бойындағы қандай қасиетті байқадың?
4. Романда қандай жыр-дастандардың аты аталады? Мәтіннен үзінді келтір?
І. 1. Романдағы Ұлпан бейнесі қазіргі кездегі әйел басшылардың бейнесімен салыстыр.
2. Ұлпан Есенейге қосылуға не себепті келісім берді? Бұл келісімге сенің көзқарасың қандай?
3. Ұлпанның өмірден ерте кетуіне не себепші болды? Ұлпна тағдыры туралы өз ойыңды айт.
4. Романда суреттелген қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы өз ойыңды айт. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Не білуге болады?
№1 тапсырма
Романның композициялық құрылысына жоспар құру.
Басталуы – Есенейдің көші
Байланысуы – Ескі доспен кездесу
Дамуы – 1. Құдалық
2. Ел ісіне араласқан Ұлпан
3. Ұлпанк көлі
4. Есенейдің қазасы
Шиеленісуі – Ұлпанның шешімі.
Шарықтау шегі – Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі.
Пролог (сөз соңы) – жазушы естелігі
№2 тапсырма
Ұлпанның өсу жолын кестеге түсіре отырып, әңгіме мазмұнымен байланыстыра түсіндір.
Ақырғы дем
Ел анасы атануы
Ел билеу ісіне араласуы
Есенейге ұзатылуы
Балалық шағы
№3 тапсырма
Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасаңдар.
Кейіпкерлері
Портреттері
Көркем сөз айшықтары
Тұрақты тіркестер
Мақал-мәтелдер
№4 тапсырма
а)
Есеней Ұқсастығы Артықбай
ә)
Ұлпан Ұқсастығы Шынар
б)
Торсан Ұқсастығы Жәуке
ІҮ. Не білгіміз келеді?
Көрініс. «Ұлпан» бекеті
ІҮ. Не білдік?
Шығармашылық жұмыс
«Есімі аңыз болған Ұлпан ана» тақырыбына шағын ойтолғау жазу.
Қорыту: Арнау сөз
1. Ұлпан анаға
2. Ғ.Мүсіреповке
3. Бүгінгі сабаққа
Үйге тапсырма: Ұлпан бейнесін Ғ.Мүсіреповтің аналар тақырыбына жазылған шығармаларындағы аналар бейнесімен салыстырып жазу.
Нұсқау: Ғ.Мүсіреповтің «Ер Ана», «Ақлима», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Өлімді жеңген ана» шығармалары.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.