Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы  әйелдер бейнесі -

Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы әйелдер бейнесі

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 225 | Просмотров: 1915 | Размер: 6.3 Kb | Автор: Тәрбие
. № 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі



Тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы әйелдер бейнесі
Пәні: Қазақ әдебиеті
11-сынып
Пән мұғалімі: Исмайлова Б.Х.

Қызылорда қаласы
Тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы аналар бейнесі
Мақсаты: 1. ғ. Мүсіреповтің шығармаларын оқу арқылы аналар бейнесін ашу;
2. Оқушы қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге, пікір айтуға баулу, шығармашылық жұмыс арқылы таным-түсініктерін дамыту;
3. Оқушыларды адами қасиеттерге баулып, әйел-ананы сыйлауға,
қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Білім бекіту сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, қорыту, жеке топпен жұмыс,
деңгейлік тапсырма, сахналық көрініс, мәтінмен жұмыс.
Көрнекілігі: Ғ.Мүсіреповтің портреті, эпиграф «Құрметтейік те, қадірлейік ананы...», «Зергердің зері» кітап бұрышы, схема-сызбалар, кеспелер, буклет, слайд
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, тарих, география, театр
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе сөз (қызығушылықты ояту)- Оқушылар, ең ардақты, асыл адамды естеріңе алған кезде қандай сезімде боласыңдар?
- Бүгінгі сабақтың мақсаты да аналар бейнесін ашу, аналарға деген сүйіспеншілікті арттыру;
Ғ.Мүсіреповтің өмір жолы мен шығармашылығын еске түсіреміз. Сандарды сөйлетейік. 1902,1923,1928,1932,1933,1950,1974,1985 жыл.
ІІІ. Сұрақ-жауап.
- Әлем деңгейіндегі әдебиеттерден аналар тақырыбына жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?
- Мына буклеттегі әйелдер бейнесі қай шығармалардан таныс? («Абай жолы» романы, М.Әуезов)
ІҮ. Жұмбақ-аңыздың жауабын тауып көріңдер. (Әйел ананың тапқырлығы)
- Әміршіге әйелдің қандай сөзі әсер етті?
- Ғ.Мүсіреповтің аналар тақырыбына арналған шығармаларын атаңдар.
Ү. Сахналық көрініс.
- Қай әңгімесінен үзінді? (Ғ.Мүсірепов «Өлімді жеңген ана»)
ҮІ. Мәтінмен жұмыс.
- Шешендік сөз қай әңгімеден алынған?
Кеспелер №1,2,3.
ҮІІ. Әңгімелерді қысқаша мазмұндау. (схема арқылы)
Әңгіме басы Ана бейнесін талдау
байланысы
дамуы мінезі сөзі портреті
шарықтау шегі
шшімі мақсаты
ҮІІІ. Деңгейлік тапсырмалар:
ІҮ деңгей
а) Қазақстандағы қайраткер әйел-ана туралы не білесің?
ә) Әғгімеге рецензия жазу.
ІІІ деңгей
а) Анаға арнап 1 шумақ өлең құрастыр
ә) Осы тақырыпты қандай эпиграфпен аяқтар едің?
ІІ деңгей
а) Анаңды қатты қуантқан, ренжіткен сәттеріңді әңгімеле
ә) Ана сенімін қалай ақтайсың?
І деңгей
а) Ана туралы мақал-мәтел жаз
ә) Анаңның жақсы көргенде айтатын сөздерін есіңе түсір
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Ғ.Мүсіреповтің драмасын оқу. Ана тақырыбына шығармаға әзірлену
Эпиграф: Ғ.Мүсірепов аса қайратты, қуатты әйел тұлғасын жасап, рухын көтере білді.
ІХ. Қорытынды. Бағалау.
Сабақтың соңы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.