Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Әуеэов»Ақын қонақтар» -

М.Әуеэов»Ақын қонақтар»

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 301 | Просмотров: 2252 | Размер: 7.1 Kb | Автор: Тәрбие
. Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ

М.Әуеэов»Ақын қонақтар»



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Султангереева.Г.О.

Тасқала-2011ж

М. Әуезов «Ақын қонақтар»
(5»А» сынып)
Мақсаты: білімділік: Мұхтар Әуезов туралы деректер, Абай шығармашылығына тоқталу, Мұхтар мен Абай сабақтастығын түсіндіру, шығарманың мазмұнын меңгерту
тәрбиелік: Өнер адамына, еліне, тарихына , табиғатына , тілге деген оқушының сезімін ояту
дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, өмірге деген көзқарасын дамыту, шығармашылық белсенділігін шыңдау, мәнерлеп оқыту, мәтінмен жұмыс істеуін дамыту

Көрнекі құралдар: Абай, Мұхтар портреттері, «Абай жолы» роман- эпопеясының томдық жинағы, Абай энцоклопедиясы, слайдтар
Түрі: дәстүрлі емес сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушыларды түгендеу
-Оқу- құралдарын тексеру
- Жаңа сабаққа дайындық

II. Жаңа сабақ барысы: 1.Мұхтар Әуезов туралы деректерді түсіндіру.
2. «Абай жолы» эпопеясы туралы
3.Абай туралы мәліметті толықтыру
4.»Ақын қонақтар» әңгімесіне тоқталу
I. *Мұхтар Әуезов кім?
* Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі туындысы»Абай жолы» роман- эпопея
*Абай Құнанбаев туралы білетіндеріңді жинақтап түсіндіре кету
( оқушылар жауабы)
II. Жалпы сыныпқа сұрақ:
-Абай Құнанбаев туралы не білеміз?
-Абай кім?
-Абай өлеңдерінен үзінді
//
------- Абай --------- ( вен диаграммасы)
//


Әйтек-Олжай- Айдос-Ырғызбай- Өскенбай- әкесі Құнанбай- баласыАбай // //
әжесі Зере анасы Ұлжан

* Әңгіменің толық мазмұнымен танысу үшін оқушыларға үйден оқып келу тапсырылды.
III *Мына жоспар бойынша жұмыстанамыз:
1.Абайдың науқас күйі
2. Аналар әңгімесі
3. Ақын қонақтар
4.Тілек- бата
5.Ақындарға ризалық

IY -«Мұхтар Әуезов- ақын. Ол өзінің елінің далалары мен тауларын , адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнеледі. Әуезовтай кісі жырлаған халық шынымен бақытты ғой»
Бержерон (францз жазушысы)
-«Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі- «Манас», бірі- «Абай жолы..»
Шыңғыс Айтматов( қырғыз жазушысы)

Y -Бұл мәтін М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған үзінді. «Абай жолы» әпопеясы- төрт томдық кітап. Онда Абайдың 13ж бастап, қайтыс болғанға дейінгі мезгіл, сол уақытта Абай басынан өткен сан қилы оқиғалар суреттеледі. «Абай жолы» эпопеясы- қазақ халқының тіршілік- тұрмысы, көркем сөзбен жазылған туынды.

YI Кітаппен жұмыс:
1.Әңгімеде жас Абайдың кескін-келбетін жазушы қалай суреттеген?
(портреті)
2. Портрет деген не?

портреттері
Абай Барлас


2. Абай портретінде қандай өзгеріс болған, ол ненің әсері?
3. Абайдың ендігі ермегі кімдер?
4,Абайдың қарт әжесі Зере, өз анасы Ұлжан қандай қасиеттерімен көрінді?
5. Барлас ақынның алғаш жырлағаны қай жыр, оны Абай қандай сезіммен қабылдады?
6. Мәтінде қай батыр жыры туралы айтылады, тағы қандай батырлар жырын білесің?
7.Әжесі мен анасы келген қонақтарды «құтты қонақ» деп атады, ол қандай қонақтар, қонақтың тағы қандай түрлері бар?
8.Не үшін Барлас ақын Абайға домбырасын бата- тілек түрінде берді?
(мәтіннен тауып оқу)
9. Мәтіндегі айтылған жыр, қисса, әңгімелер атауын сызбаға толтыру

әңгіме иесі Айтқан әңгімелері
1
2
3
4

10.»Кісі болар баланың кісіменен ісі бар» деген нақылдың осы мәтінге қандай қатысы болуы мүмкін?
11.Жас Абай сияқты өздерің де қандай ертегі, жырларды тыңдадыңдар?
YII. Түсіндірме сөздік:
Қан базардай- өте көп адам
Термелеу- белгілі бір мақамға салып орындау
Сүле науқас- созылмалы дерт, ауру
Құлан-таза болып арылу- толық жазылу
Ырым байлау- құрмет көрсету
Жетекке алу- жылқыларды алып кету
Дән риза- қатты риза болу
YIII.Сабақты бекіту.
Балалар, бүгін біз М.Әуезовтің туындысынан үзінді «Ақын қонақтар» әңгімесін өттік. Мәтінде жас Абайдың өз халқының ертегі- жырларының, өнерлі ақындарының, абзал аналарының әдемі әңгімелерінің жылы әсерінен, рухани қутынан науқасынан сауығып кеткені суреттелді, болашақ ақынның халық өнерінен нәр алып өскенін байқадық.
Барлас ақынның батасымен аяқтаймыз.
IX. Үйге тапсырма: «Абай-ұлы ақын» әңгіме жазып келу, бата- тілектер жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.