Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі -

М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 380 | Просмотров: 3945 | Размер: 7.0 Kb | Автор: Тәрбие
. № 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі


Ашық сабақ
Тақырыбы: М.Әуезов “Абай жолы”

роман-эпопеясындағы

қазақ әйелдерінің бейнесі

Пәні: Қазақ әдебиеті
11-сынып

Пән мұғалімі: Исмайлова Б.Х.

Қызылорда қаласы
Тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі
Мақсаты: 1. Абай шығармасын, өмір жолын тереңдеп оқып үйрету; Қазақ әйелдерінің бейнесін ашып, мәлімет жинақтау;
2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өмірге көзқарастарын дамытып, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;
3. Сөз өнеріне, қызығушылыққа баулу, анаға, әйелге, деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: дамыта оқыту
Сабақ типі: жаңа білім үйрететін сабақ
Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, топпен
жұмыс, баяндау, талдау, көрініс қою, венн диаграммасы, қосымша
әдебиетпен жұмыс, проблемалық сұрақтарды шешу, іздену.
Көрнекілігі: Абай, Мұхтар портреттері, буклеттер, қосымша әдебиеттер,
магнитафон, карта, қанатты сөздер:
«Абай жолы» - ХХ ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі
Л. Арагон.
«Абай жолындағы» әйелдер бейнесі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. (оқушыларды түгелдеп, топқп бөліп отырғызу)
ІІ. Кіріспе сөз.
Жүрегіңнің түбіне терең байла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деген ұлы Абайдың өмірінің қыр-сырын, өсу жолдарын, қоршаған ортасын заманының заңғар биік академик – жазушысы М.Әуезов: «Абай жолы» эпопеясында жан жақты суреттеген. Бағдарлама бойынша 4-сағатын өткелі отырмыз. Мақсатымыз: Абай өмірін тереңдей оқып, қайнарына бас қою, үйрену, талдау, әйелдер бейнесін ашу, 4 топқа бөлініп, жұмыс жасаймыз.
1. Этнографтар
2. Лингвистер
3. Әдебиетшілер
4. Дарын (шығармашылық топ)
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Танымдық қабілетін анықтап, сабаққа ынтасын тудыру мақсатымен тапсырмалар беріледі.
1. Абайдың ата-тегі туралы не білесіңдер? Жеті атаңды ата.
2. Романдағы оқиға болған жерді картадан көрсет.
Этнографтар
1. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.
2. Диалог дегеніміз не? Мәтіннен тауып оқыңдар.
Лингвистер
1. Шығарма бөлімдері мен оқиғаларын атаңдар.
2. Құнанбай мен Абайға венн диаграммасы бойынша мінездеме
Әдебиетшілер
1. Дискуссиялық карта құрастыру.
2. Ұнамды, ұнамсыз бейнелер.
Дарын
І. Дискуссиялық карта құрастыру.
1. Ұнамды халық өкілдерінің бейнесі
2. Ұнамсыз үстем тап өкілдері.
ІҮ. Абайдың 17 қарасөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікір айтылады. (мазмұны)
- Сендердің ойларың? Адамға қайсы қасиет аса қажет деп ойлайсыңдар? (пікір тыңдалады)
- Абайдың ақылына ақыл қосып, ең алғаш махаббат сезімін оятқан, қайратын танытып, жүрегін тебіренткен тағы бір топ бар. Ол кімдердің тобы деп ойлайсыңдар?
- Әйелдер тобы. Бүгінгі жаңа сабағымыз М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі.
- Помандағы әйелдер туралы қандай деректер жинақтадыңдар? (кезектесіп оқиды)
Ү. Мәтінмен жұмыс. Әйелдер бейнесін ашу.
«Абай жолы» романы І том
1. Ұлжан,Айғыз, Зере. 10 бет, 41 бет, 71-72 бет
2. Ділдә. 187-188 бет
3. Шүкіман. 310-311 бет
4. Керімбала. 362-бет
5. Нұрғаным. 231-бет
6. Үмітей. 445-бет.
7. Салтанат. 413-бет.
ҮІ. Шығармашылық топпен жұмыс.
Көрініс: «Көзімнің қарасы» әні баяу айтылады да, Абайдың монологы оқылады... Кездесу... Жарқ етпес қара көңілім...
Қатысушылар: Абай, Тоғжан, жеңгесі, Ербол.
ҮІІ. Бекіту. Алған білім, білік, дағдыларын тексеру, жүйелеу, жинақтау.
Топпен жұмыс.
І. Тақырыпқа сай әйелдер бейнесін топтаңдар.
ІІ. Кестені толтырыңдар.
Әйелдер Абайдың көзқарасы Өзіңнің көзқарасың
Ұлжан
Тоғжан
Ділда
Салтанат
Әйгерім

ІІІ. Қазақ әйелдерінің тағдыры қалай суреттелген?
ІҮ. Өздеріңнің өмірлеріңдегі әйелдердің орны қандай?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Романды оқу, әйелдер бейнесін талдау, көркем
сөздерді табу.
ІХ. Бағалау.
Х. Қорытынды. Әйел жерден шыққан жоқ-
Ол да еркектің баласы
Ерлер көктен түскен жоқ-
Әйел оның анасы – демекші, Абайдай дүниеге ұл әкеліп, өмір сыйлаған ата-анаға, жаны жомарт әйел-аналарға бас иеміз!
Сабақ аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.