.
.
№1 жалпы орта білім беретін мектеп М.Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 565 | Просмотров: 3961 | Размер: 13.1 Kb | Автор: ТәрбиеАшық сабақ
М.Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
/Біржан әнінің зор құдіреті/
6-сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі : Досалиева А.Н.
Орал қаласы
2010 жыл
6 в сыныбы Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Абай аулында /Біржан әнінің зор құдіреті
Сабақтың мақсаты:
1. Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып-үйретудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу;
2. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу;
3. Қазақтың салт-дәстүрін білуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, іздендіру, т.б
Сабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: музыка, география, тарих
Көрнекіліктер: Абай, Біржан, М.Әуезов портреттері, бейнеролик, флипчарт, көрме
Сабақтың жоспары
І Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбері»
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
І топ –Абай
ІІ топ –Біржан реферат
ІІІ топ -Мұхтар
М.Әуезов туралы бейнеролик көрсету.
ІІІ Өткен тақырып бойынша жұмыстар
М.Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
1-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс
2-тапсырма. «Тұжырым» кестесі
3-тапсырма . Оқулықпен жұмыс
4-тапсырма. Тест
5-тапсырма. «Топтастыру» стратегиясы
6-тапсырма. Мақал-мәтелдер бойынша ой қорыту
ІҮ Үйге тапсырма
«Өнерім –өмірім» тақырыбына шағын шығарма жазу
Ү Бағалау
ҮІ Көрмені тамашалау
Сабақтың барысы:
І Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбері»
/Оқушылар дөңгелене қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілек айтады/
Эпиграф
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!..
Абай
-Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты :
1. Көркем шығарманың мазм\ұнын меңгеріп, талдай білу;
2.Теориялық білімдеріңізді тереңдетіп, ойлау қабілеті мен мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
3.Қазақтың салт-дәстүрін білуге, қарапайымдылық, адамгершілік, қонақжайлық, сыйластыққа тәрбиелеу және өнерді сүйіп, бағалай білуге баулу;
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
-Балалар, 3 топқа бөлінген себебіміз, бүгінгі сабақта тапсырмаларды топ болып ақылдасып орындап отырамыз. Ендеше, І топ –«Абай», ІІ топ – «Біржан», ІІІ топ –«Мұхтар» болсын. Әр топ осылар туралы қысқаша мәліметті тақтаға «Топтастыру» стратегиясы бойынша жазсын.
Ақын дана әнші сазгер жазушы ұстаз
Ұстаз ағартушы сал дарын ғалым ойшыл
Сатирик аудармашы айтыскер суреткер драматург
1845-1904 1834-1897 1897-1961
Топтардың жауабы бейнероликпен толықтырылады.6 сынып. Қазақ әдебиеті . Электрондық оқулық
ІІІ Жаңа тақырып
М.Әуезов «Біржан сал Абай аулында» Біржан әнінің зор құдіреті.
1-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Жоспар құру Композициялық құрылысына талдау Абай мен Біржанды «Венн диаграммасы» арқылы салыстыру
2- тапсырма. «Тұжырым» кестесі бойынша жұмыс
Топ Кейіпкерлер Іс-әрекеті Адами қасиеті
І Абай
ІІ Біржан
ІІІ Әйгерім
3-тапсырма
Оқулықпен жұмыс
І топ ІІ топ ІІІ топ
Біржанның «Жанбота» әні туралы үзіндіні тауып, мәнерлеп оқу Абайдың Біржан әнінен алған әсері бейнеленген жерді тауып оқу Ұлжанның Біржанға бата берген кезін тауып оқу
4-тапсырма Тест жұмысы
1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты
а/ Сабалақ ә/Телғара б/Ерасыл
2. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы!» Кімнің сөзі?
а/ Абай ә/Біржан б/Әйгерім
3. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі?
а/ Жиренше ә/ Абай б/ Біржан
4. «Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?...» -деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді?
а/ Жаяу Мұса «Ақ сиса» ә/ Абай «Көзімнің қарасы» б/ Біржан «Жанбота»
5. Шығармадағы типтік образды ата
а/ Абай ә/ Біржан б/ Әйгерім
6. «Біржан сал» фильміндегі Біржанды сомдаған актер кім?
а/ Т.Жаманқұлов ә/А.Әшімов б/Д.Жолжақсынов
7. Әйгерімнің шын аты кім?
а/ Үмітей ә/Шүкіман б/Балбала
8. Әйгерімге алғыс айтқан кейуана
а/ Зере ә/Иіс б/Ұлжан
9. Керімбала:
- Тағы бір ауыз!-деп еді.
Оралбайға:
- Тағы! Тағы! –деп Біржан да ықыласпен айтты.
а/ диалог ә/монолог б/ эпилог
10. Біржанның сұрауы бойынша қоштасардағы жастар айтқан ән
а/ «Жамбас сипар» ә/ «Жиырма бес» б/ «Жанбота»
Бекіту
5-тапсырма «Топтастыру» стратегиясы
Қонақжайлық мейірімділік
татулық сыйластық
Бауырмалдық өнер сүйгіштік
Оралбай
Әмір
Үмітей Керімбала
ән би
күй
мүсін сәулет
Біржанның «Көкек» әнін Ақсамалдың орындауында тыңдау
Қорытынды
6-тапсырма
• Өнерліге өріс кең.
• Өмірде кең бол,
Өнерде өр бол.
• Өнерде қызығу орынды, қызғану –күнә.
• Өнер бәйгесі үнемі тігулі
• Өнеге желісі үзілмесе, өнер өрісі де үзілмейді
Сұрақ: Елімізді дүние жүзіне танытқан қандай әнші, өнер адамдарын білесіңдер? /Әміре, Б.Төлегенова, Р.Бағланова, «Ұлытау» тобы, М.Бисенгалиев, т.б./
- Ендеше, екі ұлы -Абай мен Біржан өнер құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін қалай арттырса, біз, кейінгі ұрпақ та өнерді сүйіп, қастерлей білуіміз керек.
«Өнерім –өмірім» тақырыбында бейнеролик көрсету.
Үй тапсырмасы
«Өнерім –өмірім» тақырыбына шағын шығарма жазу
Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.