Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы салт-дәстүрлер -

М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы салт-дәстүрлер

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 516 | Просмотров: 7829 | Размер: 48.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы салт-дәстүрлер.
Сабақтың мақсаты: 1. Эпопеядағы салт-дәстүрлерді талдай отырып, бүгінгі өмірде халықтың қолданысындағы сақталған түрлері мен қолданыстан шыққандары туралы ұғымдарды кеңейту.
2. Салт-дәстүрдің көнерген түрлерін талдата отырып оқушылардың ойын, көзқарасын, сын тұрғысынан тұжырым жасау қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың жеке өз ойын айту, тақырыпты талдау, тәуелсіз еркін сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Пікір сайыс. Танымдық талдау. Іздену.
Көрнекілігі: Мультимедия. Плакаттар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу.Түгелдеу. Сабаққа көңіл бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы:
Абай бейнесі.
1. Абай – шыңға шыққан жас шынар.
2. Атаның емес, халықтың баласы.
3. Абай – жастар қамқоршысы.
4. Абай – жаңалақтың жаршысы.
Эпопеядағы әйелдер бейнесі.
1. Мейірімді қос ана- Зере мен Ұлжан.
2. Сертім сол, сенсіз өмір маған жоқ!. Мәкен , Мағрипа
3. «Күндестің аты күндес те» Айғыз, Ділдә.
4. «Адуын бәйбішелер» «Өшпес өлең» бөлімі.(Қаражан, Мәніке)
Жаңа сабаққа дайындық.
1. Абайды әкесі оқудан неге ерте шығарып алдырды?
2. Асыл аналар Зере мен Ұлжанның тәрбиесі,Абайға әсер етті ме?
3. Абай рухани байлықты қалай, қайдан алды?
4. Құнанбайдың Абайға таққан міні.Абайдың әкесіне берген жауабы.
Эпопеядан тапқан түйінді ойларың:
1. «Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең»

2.« Көп әйелдің бірі – мен ,көп баланың бірі – сен, мезгіл жеткенде түсінерсің,»- дейді анасы.
(Абай осы сөзді қай кезде естиді).
Жаңа сабақ
«Абай жолы» эпопеясындағы салт-дәстүрлері.
Мақсатымыз: Осы салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні бар ма? Бүгінгі өмірде қолданыста қандай дәрежеде, көнеріп, ол дәстүрдің жойылған түрлері бар ма?
Салт-дәстүрлер:
1. Бастаңғы.
2. Жоқтау.
3. Өлімді күту, жөнелту, сауын айту.
4. Ас беру.
5. Құда түсу.
6. Ұрын бару.
7. Әмеңгерлік салт.
1.Бастаңғы туралы талдаулар жасау.
2.Жоқтау – эпопеяда қай жерде айтылады. Жүрекке жетке ән кімге де болсын әсер етеді. Құнанабай да көзіне жас алып егіледі.
3. Өлімді күту, жөнелту, сауын айту салты берілген. Бөжейдің үйіне қаралы ту тігіледі. 40 күнге дейін өлімді күтіп, жоқтау айтылады. 40 күндігі берілген соң, қаралы мал белгіленіп, құйрық жалы күзеліп, жайылымға жіберіледі. Қаралы малға ешкім қастандық жасамайды, ұра алмайды. Ол еткін жүріп қоңданып семіреді.
4. Ас беру- Бөжей асы. Абайдың Бөжей асын өткізуге берген көмегі елде аңыз боп айтылды. Бүкіл ел Абайға батасын берді. Абайдың өзі асқа 15 үлкен жылқы, 5 тайдың етін, 40 саба қымыз жасап, қонақ күтті. Абай анасы екеуі ақылдасып, Бөжейдің асыны көмек берді.
5. Құда түсу. Құнанбай істі болып, қаланың беделді шонжары Алшынбайдан көмек сұрады. Алшынбай Құнанабайға көмек тесіп, басына түскен қиыншылықтан құтқарды. Осы достықты, құдалыққа жалғастырды. Алшынбай құдалық белгісі ретінде тай сойып, тамақ берді. Алшынбайдың үлкен баласы Түсіптің қызы Ділдәні Абайға айттырды.
Құнанбай бір жылда үш ұлында үйлендіретінін айтып, Ұлжанмен ақылдасты.Парасатты,мейірімді ана Ұлжан қарсылық көрсетпеді. Әкесінің бұл шешімі Абайға ұнамасада келіседі. Себебі: әкесі айтса заң, кесіп айтты бағынасың.
Сұрақ: Абай неге қарсылық көрсете алмайды?
6.Ұрын бару. Қыз ауылына бару үшін ер жігіт күйеу киімін кию керек екен. Ол қызыл шапан, қызыл шұғамен тысталған үкілі бөрік .
Абай осы киімді киюге қарсы болады. Жол-жөнекей бірнеше ауылды басып өтемін. Сонда мен өзім жұртқа күйеу болып барамын деп көрсетемін бе?сол ауылға жақындағанда бірақ киемін деп көнбеді.
Сұрақ: Үкілі бөрік, қызыл шапанды кигізу себебі. Әжесі: «балам салттан аттап кете алмайсың, ол бізге сын»- деп ескертеді.
Осы салтқа байланыстыАбай мен Ербол арасындағы әңгімеге назар аударайық.
Абай: Ербол осы мен салт-дәстүрге таң қаламын. Анам маған Ділда саған ұнайма?-деген сауал қойған жоқ. Ділдаға да ондай сауал қойылмағанын сеземін. Бірақ екі елдің үлкендерінің өз қызықтары өзінде, тарту-таралғыларын бір-біріне сыйлап, құрмет көрсетіп шабылып жатыр.
Ербол: Рас айтасың. Жаңбырша жауған тілектер. Алай да сый-құрметті аямай беріп жатыр. Үлкендердің қуанышы шексіз. Бірақ Ділданы ебін тауып мен көріп қайттым. Ақ сары, орта бойлы сүйкімді қыз. Тал бойында олқылық жоқ.
Түйінді ой:
Абай өмірде Ділданы сыйлаған. Балаларымның анасы деп қастерлеген. Бірақ жүрегі басқаны іздеген. Ақын екінші рет үйленді. Ақынның екінші жары- Әйгерім. Әйгерім әнші, Абай әндерін айтқан өнерпаз жан. Әйгерімнің өнері феодалдық қыспаққа ұшырады. Оған ән салуға тиым салынды.
Эпопеядағы салттың бірі- әмеңгерлік салт.
1. Феодалдық салттың ең күшінде тұрған салттың бірі. Жесір дауы- ірі даудың бірі болған. Жесірін жатқа жібермеген. Жесірге қамқоршы оның жақындары. Оспан 40 жасында өмірден өтті. Оның үш әйелі жесір қалады. «Інісі – өлсе, ағасы мұра, ағасы өлсе, інісі мұра» деген заң осы жерде көрініс береді. Оспанның үлкен әйелі – Еркежан, екіншісі Зейнеп, үшіншісі- Торымбала.
Оспанның асы өткеннен кейін, осы әйелдердің алдынан кісі жіберіп сұрайды. Еркежан қарсылық көрсетеді. Кенже өлгенмен менің бауырымда балам бар деп егіледі. Ақылбайдың ұлы мен қызы өсіп келе жатқан. (Перизат, Әубәкір) Сондықтан тұрмысқы шықпаймын дейді. Тәкежан- Зейнепке,Ысқақ Торымбалаға әмеңгер болады.
Абайдан сұраған кезде, мен ешкімге де әмеңгер болмаймын деп бас тартады. Эпопеяда осылай айтылғанымен , бірақ Абай Еркежанға әмеңгер болады.
Сұрақ: не себепті жазушы Абайдың Еркежанға әмеңгер болғанын (жасырған) эпопеяда айтпаған.
Бекіті: Бүгінгі заманда әмеңгерлік салт жойылды, оған қандай себеп бар?

ХІХ ғасыр
1. Дін жолы арқылы үстемдік жасаған.
2. Әйелдер қауымының бас бостандығы жоқ.
3. Зорлықпен жесірлерге күш көрсетілген. ХХІ ғасыр
1. Зайырлы мемлекетпіз, сондықтан дін адамдар құқығына қол сұқпайды. Мемлекеттің қамқорлығы бар.
2. Асыраушысынан айырылған жанұяға қаржылай көмек береді.
3. Қайырымдылық қорынан да көмек көрсетіледі.

Қорытынды: Салт-дәстүрлердің өзі бүгінгі өмірімізде қолданылуы қандай?
Үйге: Шығарма.Эпопеядағы аналар мен ару-қыздар бейнесі.(Қыздар үшін)
Абай жастар қамқоршысы.(Ұлдар үшін)
Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.